Loading...
Русская версия  Казахская версия 
«ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Соттың шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған шетелдік ұйымдардың тізімі «АЛЬ-КАИДА» «АСБАТ АЛЬ-АНСАР» «АУМ СИНРИКЁ» («АЛЕФ») «БОЗ ГУРД» «МҰСЫЛМАН БАУЫРЛАР» «ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ МОДЖАХЕДТЕР ЖАМАҒАТЫ» «ШЫҒЫС ТҮРКІСТАНДЫ АЗАТ ЕТУ ҰЙЫМЫ» «ӨЗБЕКСТАННЫҢ ИСЛАМ ҚОЗҒАЛЫСЫ» «КҮРД ХАЛЫҚ КОНГРЕСІ» «ТҮРКІСТАННЫҢ ИСЛАМ ПАРТИЯСЫ» «ЛАШКАР-Е-ТАЙБА» «ӘЛЕУМЕТТІК РЕФОРМАЛАР ҚОҒАМЫ» «ШЫҒЫС ТҮРКІСТАНДЫ АЗАТ ЕТУ ҰЙЫМЫ» «ТАЛИБАН ҚОЗҒАЛЫСЫ» «ХИЗБ-УТ-ТАХРИР»  «Сенім.Білім.Өмір» Шииттердің жағдайы

І. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімі негізінде:

1. «Аль-Каида» 
2. «Шығыс Түркістандағы исламдық қозғалыс» 
3. «Өзбекстандағы исламдық қозғалыс» 
4. «Күрд Халық Конгресі» («Конгра-Гел»)

ІІ. Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес:

5. «Асбат аль-Ансар» 
6. «Братья-мусульмане» 
7. «Талибан» қозғалысы 
8. «Боз гурд» 
9. «Орталық Азиядағы Жамаат моджахедтер» 
10. «Лашкар-е-Тайба» 
11. «Әлеуметтік реформалар Қоғамы»

ІІІ. Астана қаласы сотының 2005 жылы 28 наурыздағы шешіміне сәйкес:

12. «Хизб-ут - Тахрир» ұйымы

ІV. Астана қаласы сотының 2006 жылы 17 қарашадағы шешіміне сәйкес:

13. «АУМ Синрикё» 
14. «Шығыс Түркістан азат ету ұйымы»

V. Астана қаласы сотының 2008 жылғы 5 наурыздағы шешіміне сәйкес:

15. «Түркістан ислам партиясы».

VІ. Атырау қаласы сотының 2011 жылғы 25 қазандағы шешіміне сәйкес:

16. «Джунд-аль-Халифат»

VII. Шығыс Қазақстан облысы арнайы ауданаралық экономикалық сотының 2012 жылғы 7 маусымдағы шешіміне сәйкес:

17. РҚБ «Сенім. Білім. Өмір»

VIII. Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2013 жылғы 26 ақпандағы шешіміне сәйкес:

18. «Таблиги джамагат»

IX. Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2014 жылғы 18 тамыздағы шешіміне сәйкес:

19. «Ат-такфир уаль-хиджра»


X. Астана қаласы Есилаудандық сотының 2015 года 15 қазандағы шешіміне сәйкес:

 

20.«Ислам мемлекеті» (ИМ, ИЛИМ, ДАИШ) 

21. «Ан-Нусра-фронты» («Джабхат-ан-Нусра»)

«Аль-Каида», сонымен қатар «Каида», «База», «Ислам әскері», «Еврей мен крестоностарға қарсы дүниежүзілік жихад ислам фронты», «Киелі жерлерді азат ету Ислам әскері», «Усама бен Ладен ұйымы», «Ислам құтқару қоры», «Киелі жерлерді қорғау тобы» материалдық, қаржылық мүмкіндіктері бар лаңкестік ұйым болып саналады.

Халықаралық террорист Усама бен Ладенмен 1990 жылы Ауғанстанда кеңес әскере қарсы күрескен моджахедтерді қолдау және 1996 жылдан бастап, У.б.Ладенмен АҚШ, Израиль және олардың одақтастарына қарсы «қасиетті соғыс» (жихад) жарияланды.

1998 жылы 7 тамыз Найроби қаласында (Кения) және Дар-эс-Салам қаласында (Танзания) американдық елшіліктердегі жарылыстарды, 2000 жылы қараша айында Йеменде «Коул» американдық эсминціне шабуылды, сонымен қатар АҚШ-та 2001 жылғы 11 қыркүйектегі террорлық актіні қоса алғанда, ең ірі террорлық актілер «Аль-Каиданың» есебінде.

«Аль-Каиданың» басты мақсаты-исламдық және көптеген исламдық емес мемлекеттердің аумақтарын біріктіретін, утопиялық мемлекеттін орнату арқылы бүкіл әлемде исламдық тәртіпті орнату.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесімен «Аль-Каида» террорлық ұйым деп танылып және сәйкес халықаралық санкцияларды қолдау үшін мерзімі ұзартылған тізімге қосылған. «Аль-Каида» ұйымына АҚШ, Батыс Еуропа, Ресей және Өзбекстан елдері тыйым салған.

«Асбат аль-ансар». Штаб-пәтері «Айн-аль-Хыльва» (Сайда қ., Ливан) палестиналық лагерде орналасқан 1985 жылы құрылған террорлық ұйым. У.Б. Ладеннің қолдауымен аталған лагерьдің аумағында әлемнің «дүрбелең аймақтарына» жіберуге жауынгерлер дайындайды.

АҚШ, Израиль, сонымен қатар Батыс Еуропа мемлекеттері және Ресей «Асбат аль-Ансардың» негізгі дұшпандары болып жарияланды.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі «Асбат аль-Ансар» террорлық ұйымдардың мерзімі ұзартылған тізіміне қосылған. Ресей, Өзбекстан және бірқатар мемлекеттерде әрекет етуіне тыйым салынған.

«АУМ Синрике» («Алеф») 1984 жылы ақпан айында құрылған Жапондық діни секта. 1989 жылы «АУМ Шинрикио Культ» діни корпорация ретінде Жапонияда ресми түрде тіркелген. Өткен ғасырдың 90 жылдарында осы сектаның өкілдері Австралияда, Германияда, Ресейде, АҚШ-та, Тайванда және Шри-Ланкада болды.

«АУМ Синрикё» басшысы Чизуо Мацумото (Сёко Асахара атты жалған атымен белгілі) 1994 жылы маусымда өзін «Әулие император» етіп жариялады.

Әлеуметтiкке қарсы идеяларды, тіпті кісі өлтiрудi iске асыруда насихаттайтын идеологиялық базасы кертартпа табынушылық болып табылады.

Жапонияда «АУМ Синрикё» мүшелерімен бұрынғы осы дінді жақтаушыларының өлтірілуі туралы біршама деректер дәлелденген. «АУМ Синрикёнің» қоғамдық қауіптілігі, адамдардың денсаулығына физикалық және психологиялық зақымдар келтіруімен ерекшеленеді.

Сектаға жаңадан кірген мүшелерін қатарда ұстауға және бақылауға және де өздерінің қатарына жаңа жақтаушыларды тарту үшін ұйымның жасырын лабораторияларында есірткілер (ЛСД, амфетамин және мескалин) өндіріп, діни жоралар жүргізу барысында жиі қолданып отырған.

«АУМ Синрикёнің» бірінші террорлық актісі 1994 жылы шілде айында Мацумото қаласында (Ногано префектурасында) секта лабораториясында жасалған «зарин заман» зәрлi улы затты қолданумен жасаған. Құрбандар саны 7 адамды құрады, 144 зақымданды.

1995 жылы 20 наурызда Токио қаласында метрода сипаты бойынша осыған ұқсас екінші террорлық акция орын алып нәтижесінде 5300 жолаушы зақымданды және 12 адам қаза тапты.

Бұдан басқа, осы террорлық құрылымның басшылығы шетелден автоматты винтовкалардың контрабандылық жабдықтауын ұйымдастырып, олардың түпнұсқаларын үлгi ретiнде қолданып, оқпен атылатын қарудың сериялық өндiрiсiн заңсыз жолға қоюғы жоспарлады.

«АУМ Синрикё» қызметін бейтараптандыру мақсатында Жапонияның құқық қорғау органдарымен сектаның 500-ге жуық мүшелесінің артынан қылмыстық істер қозғалды, 110-нан астам адамды ұлттық іздестіру тізіміне қосты. «АУМ Синрикё» көсемі тұтқындалып, 1996 жылы 16 мамырда өлім жазасына кесу туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар, сотта осы істі талқылау барысы ұзаққа созылды. 2004 жылы 27 ақпанда Токио қаласы аймақтық соттың шешімі, 2006 жылы өз күшінде қалған Токионың жоғарғы соты қорғау апелляциясын қарастыру нәтижесі бойынша «АУМ Синрикёнің» көсемі Секо Асахараға тиісті жазасын берді.

Сонымен қатар, Жапонияның билігі ұлттық заңды есепке ала отырып сектаның қызметіне тыйым салу шараларын қарастырды. Осы жұмыстың шеңберінде 2006 жылы 23 қаңтарда Жапонияның қоғамдық қауіпсіздіктің Талдау комиссиясы сектаға бақылау жүргізуге шешім қабылдады.

«АУМ Синрикёнің» жеке басшылары мен мүшелері «заринды» қолданып, террорлық актілерді жасауды ақтап, оның оқуларын әлі де таратуды жалғастырады.

«АУМ Синрикё» идеологтарымен жалған әдісті (йога-клубтар немесе «кездесуге арналған веб-сайттар») қолдану арқылы жаңа жақтаушыларды тарту үшін «агитпункттер» құрылады, сонымен қатар қызметті жалғастыру мақсатымен қажетті қаржы құралдары жинақталады. Жапондық құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша елде секта мүшелерінің саны 1650 адамды құрайды.

Қазіргі уақытта «АУМ Синрикё», оның жаңа басшысы Фумихиро Дзеимен (аты «Алефке» өзгертілді) елдің 17 префектурасында 30 бөлімше және аталмыш діни орталықтар бар.

«АУМ Синрикё» бөлшін берін ашу талпыныстары Қазақстанның аумағында да қолданды.

«АУМ Синрикё» Еуропалық одақта және АҚШ-та террорлық ұйымдар тізіміне енгізілді.

«Боз гурд» немесе «Сұр қасқыр» ұйымы атауымен белгілі. Бұл ұйым әскерилендірілген ұлтшыл топтың бірі болып табылады. Негізгі мақсаты Тұран ойпатында түркі халықтарының бірыңғай мемлекетін құру. Ұйымның негізі 1965-1970 жылдарда Альпарыслан Тюркеш тарапынан қаланды.

1968 жылы «Боз гурд» ұйымы басқа ұлтшыл түрік ұйымдарымен бірігіп альянс құрды, кейіннен бұл альянстың негізінде Ұлттық қозғалыс партиясы құрылды. Партияның ұстанымы радикалды идеялардан тұрды.

1974-1980 жылдар арасында қоғам қайраткерлерін, саяси партия жетекшілерін, журналистерді өлтірмен және қоғамдық орындарда, қалалық көпіктерде жарылыстар ұйымдастырумен айналысты.

1977 жылы мамыр айында Стамбул қаласында ереуілге шыққан халыққа оқ жаудырып 40 адамды өлтірді. 1978 жылы желтоқсанында бір топ жанкешті Кахраманшехир қаласында діни рәсімнің үстінде 101 адамды өлтіріп, мыңға жуық адамды жарақат таған. 80 жылдары бұл ұйымның әрекеттері экстремистік және заңсыз деп табылды.

Бұған қарамастан 1988 жылы А. Тюркеш «Ұлттық жұмысшылар партиясын» құрды. 1992 жылы ұйымның құрылымы екіге бөлініп кетті. Бөлінген екінші топтан радикалды бағыттағы жанкештілер шықты. Ұйым дүниежүзіне 90 жылдары ұйым мүшесі А. Агджи тарапынан католик шіркеуінің папасы Иоанн Павел ІІ-ге жасалған қастандықтан кейін танымал болды.

90 жылдардың басында «Боз гурд» ұйымы қызметінің ауқымы кеңейді. Бірегей түрік мемлекетін құру идеясынан Қазақстан да тыс қалған жоқ. Ұйым мүшелері тарапынан елімізге келіп, жасырын жиналыстар ұйымдастыру фактілері тіркелген.

Сонымен қатар, Түркияда оқып жүрген студенттерді аталмыш ұйым қатарына тарту оқиғалары кездескен. Бұл ұйымның қызметіне Түркия мен Өзбекстанда тыйым салынған.

«Мұсылман бауырлар» трансұлттық, діни-саяси, террористік ұйым. 1928 жылы Мысырда (Исмаилия қ.) Хасан әл - Банна тарапынан құрылды. 1950 жылдары Сейіт әл-Кутб жүргізген өзгерістерден кейін ұйым радикалды сипатқа ие болды.

«Мұсылман бауырлар» ұйымының негізгі мақсаты қоғамды мұсылмандандыру, мұсылман емес өкіметтік құрылымдарды жойып, дүние жүзінде ислам діні негіздеріндегі халифаттық режимдегі мемлекет орнату.

Ұйымдастырушылық негізгі қызметтерін Сопылық ордендік қағидаттармен байланыстырады, саяси және жасырын әскери құрылымдар террористік әдіспен өз қызметіне пайдаланады. Ұйым өз ұранын жариялады. Ұраны: Аллах-идеал, Пайғамбар-көсем, Жихад-өз мақсатына жету құралы.

Аллах атымен өлу-ұлы армандардың бірі. Қозғалыстың негізгі эмблемасы Құран және айқышталған екі қылыш. «Мұсылман бауырлар» ұйымының құрылтайшылар комитетінде 20-дан аса адам басшылықта отыр.

1940-50 жылдары ұйым мүшелері Египетте саяси өлтіру әрекеттерін ұйымдастырды, 1954 жылы осы елдің Премьер Министрі (кейінірек Президент) Г.А. Насерға қастандық ұйымдастырылды.

Тұтастай алғанда, 70-жылдардың аяғы, 80-жылдың басында Сирияда жергілікті «Мұсылман бауырлар» ұйымының мүшелері террорлық әрекеттерін күшейтті.

Айталық, 1981 жылы террористік ұйым мүшелері Кемпдевид келісіміндегі Израилмен достыққа қол қойған Египет президенті А. Садатты өлтіру үшін қастандық ұйымдастырды. 80-жылдары «Мұсылман бауырлар» Ауғанстанда әрекет етіп жүрген ислами экстремистік топтарға белсенді қолдау жасады.

Ұйым шабармандары жалдамалыларды тартумен айналысып отырды, оларды әуелі содырлардың дайындық жасайтын орнына кейін әскери соғыс жүргізу үшін Ауғанстанға бағыттап отырды. Айғақтар көрсеткеніндей «Мұсылман бауырлар» ұйым мүшелері басқа да шиеленісті аумақтарға террористерді әзірлеуде.

90 жылдардың ортасында «Мұсылман бауырлар» ұйымы бірнеше рет Египет Президенті Х. Мубаракқа қастандық жасады. Египетте бір мезгілде ұйым жауынгерлері жол бағытындағы шетелдік азаматтарына террористік актілер ұйымдастырды.

Қазіргі таңда «Мұсылман бауырлар» Мысырда жартылай заңды жағдайда. Ұйымның құрылымдық буындары әлемнің әр мемлекеттерінде әрекет етеді. Аталмыш лаңкестік құрылым эмиссарлары қызметінің іздері Қазақстанда байқалды. «Мұсылман бауырлар» Ресей Федерациясы Тәжікстан және Өзбекстанда лаңкестік ұйымдардың қатарына жатады.

«Орталық Азиядағы моджахедтер жамағаты» басқаша атауы – «Исламдық жихад тобы». Халықаралық лаңкестік Аль-Каида ұйымына қосылған «Өзбекстандағы ислам қозғалысының» жауынгерлерінен құрылған.

«Жамааттың» мақсаты Өзбекстан аумағында ланкестік акцияларды ұымдастыру арқылы конституциялық елді қатардан шығару болып табылады. Сонымен қатар, аталмыш ұйым Ислам мемлекеттерінің жауы болып саналатын АҚШ Израиль және олардың одақтастарымен күресу мақсатын алдыға қойды.

2004 жылы ҰҚК-нің күшімен Қазақстан аумағында «Орталық Азиядағы Жамаат моджахедтер» құрылымы болып табылатын террористік ұйым жойылды.

Нәтижесінде, оның жетекшiсi және осы «ұяда» тәрбиеленген 14 жауынгер тұтқындалды.

2002 жылдың екiншi жартысында «Аль-Каида» және «Талибан» басшыларының тапсырмасы бойынша Қазақстан және Өзбекстан жерінде террористік қызметтерді ұйымдастыруға жіберілген эмиссарлар анықталды.

Олар Қазақстан бойынша эмиссар Ж. Биймурзаев және Өзбекстан бойынша эмиссар А. Бекмирзаев. Аталған тұлғалар 90 жылдары ӨИҚ мүшелері болған және Ауғанстанда діни және жауынгерлік дайындықтан өткен. 1999-2000 жылдардағы Баткен оқиғаларына қатысқан, Аль-Каиданың мамандарынан барлауды ұйымдастыруды және жару жұмыстарын үйренген.

Ұйым екі жыл шамасында Қазақстанның кемінде 20 және Өзбекстанның кемінде 50, азаматтарын шырмауына түсірген. Ұйым ТМД 4 мемлекетінде жұмыс істеді. Террористік құрылымның жеке мүшелерін шетелдегі «Аль-Каиданың» лагерьлеріне арнайы дайындыққа жіберіп отырды. Олардың арасында нақты маманданған адамдар болды (жарушылар, жасақтаушылар, жалған құжат жасаудың мамандары және т.б.).

«Жамааттың» жеке мүшелері 2004 жылдың наурыз айының соңы мен сәуір айының басы және 30 шілдедегі Өзбекстан аумағындағы террористік актілерді дайындауға және іске асыруға қатысқан. Тікелей ұйымдастырушылар жоғарыда аталған Бекмирзаев және Биймурзаев.

Сонымен қатар, ҰҚК-нің қызметкерлері «Орталық Азиядағы Жамаат моджахедтер» жауынгерлері Қазақстанға көршілес жатқан мемлекеттерге жасамақ болған терактілік істерінің алдын алды.

Алыстағы шетелде жасырынып жүрген террористік ұйымның басшысы бұл терактілерді 2004 жылдың соңына дейін іске асырмақ болған. Қазақстан тарабының ұсынысы бойынша БҰҰ Қауiпсiздiк кеңесi 2006 жылдың 20 сәуiрінде «Орталық Азиядағы Жамаат моджахедтерді» тыйым салынған Террористік ұйымдардың тізіміне қосты. «Жамааттың» қызметіне РФ-да тарапынан тыйым салынған.

«Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы», сонымен қатар басқа атаулары «Шығыс Түркістан ислам партиясы», «Аллах партия». 90 жылдарда сепаристік қозғалыстың көсемі Айсан Махсум (шын есімі Хасан Джундулла) «Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы» террористік діни ұйымын құрды.

Негізгі мақсаты Қытайды террористік әдіспен қирату, Шыңжан аумағында біріккен «Шығыс Түркістан исламдық мемлекетін» құру болып табылады. Осы қойылған мақсаттар дінге сенбеушілерге террорлық актілерді қарулы джихад арқылы iске асыру идеясына негізделді.

«Шығыс Түркістандағы исламдық қозғалыс» (әрі қарай – ШТИҚ), «Талибан» және «Аль-Каида» қозғалыстарымен тығыз қарым - қатынаста болған. 1999 жылдан Ауғанстан аумағында орналасып, ауғандық және араб мужаһидерінен қолдау тауып отырған.

Оның үстіне ШТИҚ Ахмад Шах Масуд басқарған «Солтүстік альянс» күштеріне қарсы соғыс қимылдарына қатысты. 2001 жылы АҚШ-тың және оның одақтастарының Ауғанстандағы террорға қарсы операциясын жүргізу кезінде ШТИҚ содырлары «Талибан» және «Аль-Каида» жағында соғысты. 2003 жылдың күзінде Ауғанстанда Халықаралық коалициясының күшімен «Шығыс Түркістандағы исламдық қозғалысының» көзі жойылды.

Осыдан кейін ұйымның көптеген мүшелері шетелге қашып кетті, қалғандары жаңа террорлық құрылым «Түркістанның ислам партиясын» құрып, «Аль-Каидамен» бірге іс-қимыл жасады. ШТИҚ – Қытай, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінде тыйым салынған ұйым.

«Өзбекстанның ислам қозғалысы» (әрі қарай - ӨИҚ), «Өзбекстанды азат етуші исламдық қозғалыс» және «Исламдық өрлеу партиясы» деген атаумен де аты шыққан. Ұйымды 1992 жылы Т. Юлдашев экстремистік және діни радикалды әрекетке бейім адамдар қатарына тарту арқылы құрды.

Ұйым мүшелерінің көбісі 90 жылдардың басында Өзбекстанның Наманған облысында билікті күшпен басып алуға қатысқан және сол елдің құқық қорғау органдарынан қашып жүрген содырлар.

ӨИҚ-тың басты көсемдерінің бірі Ж. Ходжиев (Джума Намангани деген аты да бар), оның көзі 2001 жылы халықаралық тәлібтерге қарсы коалициясының күшімен жойылды.

ӨИҚ негізгі мақсаты Өзбекстан Ресбуликасындағы конституциялық билікті құлатып, орнына ислам мемлекетін құру. 1997 жылы «Талибан» ауған қозғалысы және «Аль-Каида» тарапынан қолдау тапқаннан кейін, ӨИҚ қарулы содырлары Ауғанстанның солтүстік аймақтарында шоғырланды.

Аталған халықаралық қозғалыс құрылымдарының көсемдері Усама бен Ладен және молла М. Омардың ықпалмен ӨИҚ Өзбекстан үкіметіне қарсы жихад жариялады. Одан басқа Орталық Азия елдеріндегі радикалды ұйымдардың басын қосып өз қарамағына енгізу жоспарын құрды.

2001 жылы қозғалыс мүшелері шамамен 2000 адамды құрады.

ӨИҚ-тың соғыс тәжірибесі мол. Ұйым мужахеттері 1992-1997 жылдары Тәжікстанда қарулы оппозиция жағында белсенді түрде соғысты. 1997 жылдан бастап Ауғанстанда тәлібтер және «Аль-Каида» жағында Ахмад Шах Масуд басқарған «Солтүстік альянс» және ұлты өзбек генерал Достумға қарсы соғыс жүргізді.

1999 жылы ақпан айында ӨИҚ содырлары Ташкент қаласында 6 жарылыс ұйымдастырған, нәтижесінде жалпы саны 20 адам қайтыс болды. 1999 және 2000 жылдары ӨИҚ содырлары екі мәрте Тәжікстан арқылы Қырғызстанның Баткен облысында және Өзбекстанның Ферғанасында аталған елдердің әскерімен қарулы қақтығыстар жүргізген.

2001 жылы АҚШ-тың Ауғанстанда террорға қарсы көлемді операциясынан кейін ӨИҚ жағынан төнген қатер азайды. «Талибан» қозғалысы қолдау берген ӨИҚ жағынан Орталық Азияға бағытталған қатерді әлсіретті. Осы операциядан кейін ӨИҚ өз күштерінің айтарлықтай бөлігін және техникаларын жоғалтты.

Бірақта, ӨИҚ көсемдері ұйымның негізін сақтап қалып және қайта құру үстінде. ӨИҚ содырларының басым көпшілігі Пәкістанның солтүстік-батыс аймақтарында орналасқан.

ӨИҚ «Аль-Каида» және «Талибан» қозғалыстарының тікелей қарамағында болғандықтан оның содырлары АҚШ басқаратын халықаралық коалицияға қарсы Ауғанстанда әлі де соғыс қимылдарына қатысып жүр.

Қазақстан Республикасында ӨИҚ мүшелері бірнеше мәрте Қазақстан Республикасының аумағында жасырынып шоғырланбақшы болды.Одан басқа, осы территорияда өз ұйымдарына жақтастарын тартып, террорлық акциялар жасамақшы болды.

«Өзбекстанның ислам қозғалысы» бірыңғай халықаралық тізімде террорлық ұйым ретінде тіркелген. ӨИҚ қызметі Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және АҚШ елдерінде тыйым салынған.

«Күрд Халық Конгресі» (одан әрі КХК, («Конгра-Гел», ертеде Күрдістан жұмыс партиясы) 1978 жылы қарулы күрес жолымен Түркияның оңтүстік-шығысында тәуелсіз күрд мемлекетін құру мақсатында құрылған.

Алға қойған мақсатты жүзеге асыру үшін лаңкестік акцияларды Түркияның ішінде және шет елдерде ұйымдастырып өткізу көзделді. КХК көсемі А. Оджалан, 1988 жылы Найроби (Кения)қаласында ұсталып, 1999 жылдың басынан бері Түркияда қамауда.

КХК көп жағдайда өзінің жауынгерлік әрекеттерін партизандық тактикада жүргізеді. Одан басқа қалалық лаңкестік тактикасын белсене пайдаланады.

КХК лаңкестік актілерінің басым бөлігі Түркияның әскери қызметшілеріне, қауіпсіздік қызметінің және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсы дәрімен атылатын қаруды, жарылғыш заттарды қолдану арқылы іске асады.

Бұл ретте құрбан болғандардың арасында бейбіт халық та болды. Ұйым жауынгерлері шенеуніктер мен саясаткерлерге шабуылдар ұйымдастырды. Шетелдегі Түрік дипломаттарына, іскерлерге де шабуыл жасау тәжірибесі кең қолданылады.

1994 жылдан КХК елдің туристік инфрақұрылымына, соның ішінде Жерорта теңізі жағалауының курорттарында, жолаушы поездарында, паромдарда және қоғамдық көліктерде теракт өткізуді ұйымдастырды.

1996 жылдан КХК террорист-жанкештердің қатысумен терактілер өткізді. КХК көсемі тұтқындалғаннан кейін лаңкестік құрылымның белсенділігі төмендеп, жауынгерлердің көпшілігі Түркиямен шекаралас солтүстік Иракқа көшірілді.

Соңғы жылдары КХК жауынгерлерінің лаңкестік шабуылдары қайта басталды. Эмиссарлар өз ұраның бүркемелеу арқылы ұйымының қызметі, ұлттық қысым көрсету Қазақстан Республикасында байқалды.

КХК Европалық одақтың және АҚШ лаңкестік ұйым ретінде тізімге енді және Түркия Республикасында тыйым салынған.

Түркістанның ислам партиясы (әрі қарай - ТИП) олардың «Түркістанның жамағаты» деген атауы бар. 2004-2005 жылдары Пәкістанның Вазиристан провинциясында «Шығыс Түркістанның Ислам қозғалысы» халықаралық террорлық ұйымның орнына қайта жасақталған.

Соңынан шетелдік басшылықтың нұсқауымен террористік топтың көсемі мен 8 мүшесі сот үкімімен түрлі мерзімге сотталып, еркіндіктерінен айрылды. Шетелдік арнайы қызметпен бірлесіп өткізген операцияда қазақстандық азаматтарды лаңкестік қызметке тартқан ұйымдастырушыларының екі басшысы ұсталып Қазақстанға қайтарылды

 

«Лашкар-е-Тайба» Пәкістанның әскериленген лаңкестік топтастығы. «Марказ-е Дават-уль-Иршад» радикалды діни-саяси ұйымның оң қанаты болып табылады, У.б. Ладенмен тығыз байланыста. Ауған мужаһидтеріне әскери көмек көрсету мақсатында 1980 жылы Лахор қаласында профессор Хафиз Мухаммад Саид құрды.

Қазіргі уақытта топтастық ресми түрде АҚШ пен Израильге жихад жариялады, Джамма мен Кашмир штатында индиялық әскерге қарсы соғыс қимылдарын жүргізуде. 2001 жылдың желтоқсанында «Лашкар-е-Тайба» тобының 6 жауынгері Дели қаласында Үндістан Парламентінің ғимаратына шабуыл жасап, сонынан жойылды.

Шабуыл барысында 12 адам өліп, 20 адам жарақат алды. Ұйым көсемдерінің өтініші бойынша «Лашкар-е-Тайба», «Жихад-Ауғанстан» және «Жихад-Кашмир» екі әскери-саяси бағдарламасын жүзеге асырады.

Сонымен қатар Орталық Азия мен Солтүстік Кавказ аймақтарында, басқа мемлекеттегі мұсылман анклавтарына өз ықпалын кеңейтетіні туралы мәлімдеді. «Ланшкар-е-Тайба» әр түрлі лаңкестік ұйымдарға қаржылық және басқада көмек көрсетеді. «Лашкар-е-Тайба» Пәкістанда тыйым салынған, Ресей мен Өзбекстанда лаңкестік ұйым ретінде танылған.

 

«Әлеуметтік реформалар қоғамы» (бұдан әрі ӘРҚ) жәрдем беруге арналған мәртебесі бар үкіметтік емес ұйым, штаб-пәтері Эль-Кувейт (Кувейт) қаласында орналасқан. Әлеуметтік бағдарламаны бүркене отырып, «Мұсылман бауырлар» лаңкестік ұйымының алдына қойған мақсатын іске асыруға көмек көрсетеді және мұсылман емес үкіметті жойып ислам басқармасы қағидаларының жолымен дүниежүзілік көлемде, ТМД елберінде ислам халифатын орнатуды көздейді.

Қызметтің негізгі пішіндері - исламдық емес конфессияларға шыдамсыздық таныта отырып лаңкестік актілерді және қарулы жихадты астыртын қаржыландыруды көздейді. Осы тұста ӘРҚ өз белсенділігін Солтүстік Кавказда айқындады.

Ресей Федерациясы Жоғарғы сотының шешімімен «Әлеуметтік реформалар қоғамы» лаңкестік және экстремистік ұйым тізіміне алынып, тыйым салынды.

Қазақстанда «Әлеуметтік реформалар қоғамының» өкілдігі 1998 жылдан еліміздің оңтүстік аймақтарында көмек беруге арналған және ағартушылық қызметін бастады. Қолданған шаралар нәтижесінде ел аумағында ӘРҚ қызметі 2004 жылы тоқтатылды.

 

Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы (Шарки Түркiстан озатлик ташхилаты, ШАТ) - 1994 жылы Маметином Азлет (Хазрет, Казрат) негізін салған. Аталған ұйым ҚХР Синьцзян-Уйгур автономды ауданының аумағында дербес мемлекеттің білімін қолдау мақсатында қытай өкiметіне қарулы қарсы тұру, террорлық және басқа экстремистiк актілерді iске асыруды қоспағанда.

ШАТ-тың шын мәнісіндегі қызметі, Орталық-Азия аумағында тараған, Атап айтсақ, СУАР-ға қаруларды сатып алумен және контрабандалық жолмен жіберумен, шетелде сепаратист идеяларын насихаттау және шетел лагерьлеріне ұйымның жаңа мүшелерін тартып, диверсантты-террорлық бағыттарда дайындау.

ШАТ-тың СУАР-дағы террорлық актілердiң түбегейлi санының iске асыруына, яғни билік өкілдері мен құқық қорғау орган мүшелерін өлтіру, жолаушылар автобусымен ғимараттардың жарылысы, жаппай өрт салу, сонымен қатар малдың жаппай улануына қатысы бар.

ШАТ-тың террорлық қызметі Қытай аумағымен ғана шектелмейді. 1998 жылы 5 наурызда ұйым жаңкештілері Қытайдың, Туркияда (Стамбул) орналасқан бас консулдық ғимаратын жарды. 1999 жылы сәуірде Түркияда жалпы Қытай халықтары өкілдерінің жиынында жергілікті полиция қызметкерлері террорлық әрекеттің алдын алды.

2000 жылы 25 мамырда ұйымның жанкештілері Қырғызстандағы ҚХР-дың үш мемлекеттік қызметіне кефлер қастандық жасап, соның салдарынан біреуі қайтыс болып қалғандары жараланған.

2002 жылы 29 маусымда ҚХР елшісінің Қырғызстандағы дипломаты атылған. ШАТ-тың террорлық әрекеттерінің белгілері Қазақстан аумағында да байқалған.

Ұйым шабармандары республика азаматтары арасында заңға қайшы идеологиялық жұмыстар жүргізіп, бұзақылықпен және, кәсіпкерлердің қаржыларын қорқытып тартып алумен, айналасқан.

Мемлекет аумағында қару-жарақ контрабандасымен және ұйымға жаңа мүшелерді тартумен айналысқандығы жайында айғақтар анықталған. «Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы» Қытай, Қырғызстан және Өзбекстанда тыйым салынған.

«Талибан қозғалысы» Ауғанстандағы діни саяси ұйым. Талибанның құрылуы 1980 жылдардың басында Пәкістанның солтүстік-батыс шекаралық провинциясымен Белуджистан аумағында Пәкістан Ислам Республикасының билігінің нұсқауы бойынша жабық түрдегі және соған сәйкес идеологиялық және діни тәрбие алған Ауған қашқындарының балаларынан құрылды.

«Талибан» ұйымының этникалық негізін пуштун қауымының өкілдері құрайды. «Талибанның» әскери-саяси көсемі молда Мухаммад Омар, формалды түрде басқарушы орган – Жоғарғы Кеңес. 1994 жылы Ауғанстанда күресті бастап, екі жылда осы елдің үлкен бөлігін бақылады.

Өзінің қызметінде «Талибан» террорлық әдістерді қолданады. «Аль-Каида» және суниттік бағыттағы халықаралық лаңкестік ұйымдармен тығыз байланыста. 2001 жылдың 11 қыркүйек қарсаңында Ауғанстанда «Аль-Каиданың» 80 жуық лагерлері террористер дайындады.

Жалпы алғанда Усама.б. Ладен кезінен Ауғанстанда осы лагерлер арқылы 15-20 мың жауынгер дайындықтан өткен. Қазіргі уақытта «Талибан» мен «Аль-Каида» ауған әскері мен полициясына, халықаралық әскери күш одағының құрамына көптеген лаңкестік актілер жүргізуде.

Жауынгерлік әрекет Пәкістан әскеріне қарсы ИРП-ның солтүстік-батыс провинциясының шекарасында күшеюде. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі шешімімен «Талибан» лаңкестік ұйым ретінде танылды. Сонымен қатар, бұл ұйымның қызметіне Ресей мен Өзбекстанда тыйым салынды.

«Хизб-ут-Тахрир» («Хизб-ут-Тахрир аль-Ислами», «Исламның азаттық партиясы») – халықаралық экстремистік саяси-діни ұйым. Исламның азаттық партиясы (мұсылман бауырлар) ағымынан бөлініп шығып, палестиналық Тақиюддин Набхани деген адамның басшылығымен 1953 жылы Сирияда алғаш рет пайда болды.

Бірінші кезекте партия Палестинаны азат ету және сионизммен күресуді өз алдына мақсат етіп қояды. «Хизб-ут-Тахрир» мүшелері санының өсуіне байланысты партияның көсемі халықты жаппай исламдандыру жолымен халықаралық масштабта мұсылман мемлекеттері халифатын құру идеясына келді. «Хизб-ут-Тахрир» этникалық және конфессиялық төзімсіздікті таныта отырып, дiни араздықты тұтатады.

Аталған партияның идеясы әлемнің 40тан астам елдерінде таралған, көтеген мұсылман елдерінде бұл партияның әрекетіне ресми түрде тыйым салынған.

«Хизб-ут-Тахрир» ұйымының конституцияға қарсы бағытталған рұқсат етілмеген акциялары, насихат қызметін ұйымдастыру және экстремистік мазмұндағы үнпарақпен әдебиеттер дайындап, таратып, сақтау фактілері белгілі болды.

«Хизб-ут-Тахрир» діни партиясының қызметі Германияда, Канадада, Ресейде, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда және де мұсылман елдері: Пәкістанда, Сирияда, Иордания және т.б. елдерде заңды түрде тыйым салынған.

Пәкістан Ислам Республикасының Улем Кеңесі, Қырғызстан мұсылмандар діни басқармасы, Өзбекстан және Тәжікстан «Хизб-ут-Тахрир» партиясын исламдық емес, ілімі терісінін деген нұсқау қабылдады.

 

2012 жылдың 7 маусымында Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен облыс прокурорының талап арызы бойынша «Сенім.Білім.Өмір» Республикалық қоғамдық бірлестігін экстремистік ұйым деп тану, оның қызметіне тыйым салу және мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылданды.

Аталған бірлестіктің басшылары мен белсенді мүшелері осыған дейін Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотының 2011 жылдың 19 қазанындағы үкімімен әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.

Осы күшіне енген сот үкімімен аталған бірлестік мүшелерінің діни араздықты және алауыздықты қоздырумен, азаматтарды ұрлаумен және оларды заңсыз бас бостандығынан айырумен ұштасқан экстремистік қызметі расталған.

Таблиғи жамағат (араб тілінен «дін тарату жамағаты»)— Үндістандық Мұхаммед Ілияс Кандеһләуи (1303-1364) 1926 жылы Үндістанда құрған ағым. Исламға шақыру, Исламды тарату мақсатында құрылған. Бұл ағым өкілдері дін таратуға 3 күнге, бір жетіге, 40 күнге шығып, елді мекендерді аралап уағыз айтумен айналысады. 

2013 жылы 26 ақпан күні  Астана қаласы прокуратурасының арызы бойынша Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты "Таблиғи жамағат" халықаралық ұйымын экстремистік деп тану және оның қызметіне Қазақстан Республикасында тыйым салу туралы шешім шығарған болатын. Осы шешімнің нәтижесінде Қазақстан Республикасының аумағында "Таблиғи жамағат" халықаралық ұйымының қызметіне тыйым салынды. Дегенмен, соттың шешімі шыққанымен аталмыш ағымның өкілдері өз жұмысын халық арасында уағыздауын тоқтатпайтыны анық. Адам санасымен күресу  қиын іс екенін жалпы жалпақ жұртқа белгілі. Бұл ұйым тарихы мен біздің жамағатымыздан бөлінушілік танытып, халық арасына дүрбелең салып жүрген ағым.

Ағым мүшелері, дағуат айтуда эмоционалдық тұрғыдан әсер ету әдісін қолданады. Таблиғшылардың жастарды тартуда қолданатын ұтымды әдісі бұл топтасу немесе топ құруға қызықтыру. Топтасу бұл адам табиғатындағы қалыпты механизм. Кез келген адам қандай да болмасын қауымдастыққа ұмтылады. Қалыпты жағдайда мұндай ұмтылыс отбасылық қатынастарда, достардың арасында шешіліп отырады. Егер осы топтасудың қалыптылығы бұзылатын болса, тұлға өз қажеттіліктерін басқа топтасу формаларынан (діни радикалды топтар, т.б.)табады. Осылайша тұлға өзінің қандайда бір ұйымға қатысты болу және ол ұйымға қажеттілігін сезіну ұмтылысын орындайды.

Таблиғи жамағат ұйымы өз қатарларына жастарды тартуда психология саласында кеңінен танымал «санаға бақылау орнату» әдістерін қолданады. Психологияда тұлғаның санасын өзгерту үшін оның уақытын, рационалды ақпарат алу мүмкіндігі мен іс әрекетін бақылауға алу жеткілікті екендігі дәлелденген. Ал Таблиғи жамағат ағымының мүшелері бұл әдістермен қатар, эмоциялық әсер ету, қоғамда «біз» және «олар» болып бөліну секілді тәсілдерді де қолданатындығы анықталып отыр.

«Ат-Тәкфір уаль-Хиджра»

2014 жылғы 18 тамызда Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотыныың шешімімен  «Ат-Тәкфір уаль-Хиджра» ұйымы экстремистік деп танылып, қызметіне Қазақстан аумағында тыйым салынды.

Бірінші кезекте, ол ұйымның атауында көрсетілген екі элемент: тәкфір және хижра. «Тәкфір» - кәпір деп айыптау немесе үкім шығару. Осы ұйымның жақтастары өздерінің мүддесіне сай келмеген кез келген мемлекетті «кәпір елі» деп айыптай салады. Тәкфір үкімі билік өкілдеріне, оның ішінде саяси лидерлерге, қарулы күштер мен құқық қорғау органдары өкілдеріне де қатысты шығарылады. Сондай-ақ осындай мемлекетті «тағұт» («пұтқа табынушылар») мемлекеті деп атайды және соңында оған қарсы жихад жарияланады.

Олардың қызметіндегі екінші элемент – «хижра». Классикалық исламда хижра – діни ілімін қорғау мақсатында жер аудару деп түсініледі. Бірінші хижраны мұсылмандардың өмірін сақтап қалу үшін Меккеден Мединаға өзінің серіктестерімен Мұхаммед пайғамбар жасаған. Алайда радикализм идеологтары оны өзгеше түсіндіреді. Олар үшін хижра – ол қоғамнан тікелей бөлектену, басқа елдерге шығу.

Өкінішке орай, Қазақстандық жастарды содырлардың қатарына тоқтамай қосылу фактілері анықталуда. Отандастарымыздың қарулы жанжалдарға қатысу үшін Сирияға кетуі тәкфіршілдікті насихаттаудың салдарынан деп айтуға болады.

Тәкфіршілік алдымен, пайдакүнемдік мақсаттарға, мемлекеттік құрылымды әлсіретуге және қоғамды тұрақсыздандыруға жетуге бағытталған ислам ілімін бұрмалайтын саяси қозғалыс екенің түсіну қажет. Радикалдық ұйымдар геосаяси күрестің сыналған құралы болып табылатыны мәлім және қаржыландыру арналары шетелден бастау алатыны кездейсоқтық емес. Тәкфіршілдік пен жихадизм идеялары арқылы санаулы аялар ішінде тұрақты мемлекетті азаматтық соғысының алаңына айналу мүмкін екендігіне Ливия, Сирия, Египет сияқты мемлекеттердің қайғылы жағдайлар дәлел. 

 

«ИСЛАМ МЕМЛЕКЕТІ» (ИМ, ИЛИМ)

 

Астана қаласы Есилаудандық сотының 2015 года 15 қазандағы шешіміне сәйкес террористік ұйым болып танылған.

Ислам мемлекеті қысқаша ИШИМ, ИСИМ немесе ДАИШ— радикалды исламизм (сәләфия-жиһадия) идеологиясын ұстанатын әскери лаңкестік ұйым және халықаралық қауымдастық мойындамаған квазимемлекет.

Ислам мемлекетінің тарихы 2003 жылы АҚШ Саддам Хусейн басқарған Иракқа соғыс ашқан кезден бастау алады.

2014 жылдың маусым айында Ирактың ірі қаласы Мосулды басып алған ИМ өзін «халифат» деп жариялап, топтың көсемі Әбу Бәкір әл-Бағдади «халиф» етіп тағайындалды. Қазіргі таңда Ислам мемлекетінің қол астындағы Сирия мен Ирак мемлекттерінің аймақтарында бірнеше миллион адам өмір сүруде. ИМ-нің астанасы, дәлірек айтқанда штаб-пәтері — Сирия аумағында орналасқан Раққа қаласы. Бұдан басқа Ислам мемлекетіне Ливия, Нигерия, Ауғанстан мемлекеттеріндегі шағын аудандар бағынышты.

Ислам мемлекеті — әлемдегі ең бай лаңкестік ұйым. Нағыз мемлекетке ұқсап баққан ИМ-нің «Ислам динары» деп аталатын ақшасы да бар. Қаржының басты көзі — шикі мұнай мен мұнай өнімдерінің саудасы. Сонымен қатар ИМ адам ұрлау, банктерді тонау, бопсалау, салық жинау және құнды жәдігерлерді сату арқылы да біраз ақша табады. Бұл ұйым жауынгелерінің арасында тек араб мемлекеттерінің тұрғындары ғана емес, Еуропа, Солтүстік Америка және Азия құрлықтарының бірқатар елінен келген сарбаздар бар. ИМ содырларының заманауи қару-жарақты, оның ішінде танктер мен бронетехниканы қолдануға мүмкіншілігі бар.

Әлемнің көптеген елі Ислам мемлекетін лаңкестік ұйым ретінде мойындап, оған тыйым салған. 2015 жылдың 15 қазанында бұл мемлекеттердің қатарына Қазақстан да қосылды. 

Басқа жауынгерлік топтарға қарағанда Ислам мемлекеті өзі басқарғысы келетін аймақтарды қол астында ұстауға тырысады. Сондықтан ИМ заманауи мемлекеттің құрылымына ұқсас бюрократиялық жүйені құрды.

Үгіт-насихат және Интернет желісіндегі танымалдығы

Әлемдегі ең қатыгез лаңкестік ұйымның үгіт-насихаты да «керемет». «Әл-Хаят» деп аталатын ИМ-нің медиа орталығы жүздеген бейнежазба жариялап үлгереді. Оның ішінде бірнеше минуттық видеолардан бастап ұзақтығы бір сағатқа жететін фильмдер бар. Олардың көп бөлігі Голливуд стиліндегі әдіс-тәсілдер мен арнайы эффектілер қолданылған. Тіпті ИМ жариялаған «Қылыштар шылдыры» атты фильмнің 4-ші бөлімін New York Times газетінің сыншысы Дэвид Каррдың өзі мақтаған.

2015 жылдың қорытындыларына сәйкес Ислам мемлекеті туралы мақала қаралу саны бойынша ағылшынша Уикипедияда 3-орынды, немісше Уикипедияда 4-орынды, французша Уикипедияда 4-орынды, итальянша Уикипедияда 5-орынды, датша Уикипедияда 7-орынды, парсыша Уикипедияда 9-орынды, чехше Уикипедияда 4-орынды, шведше Уикипедияда 7-орынды, финше Уикипедияда 9-орынды иеленді. Бір жыл бұрын ИМ туралы мақала Уикипедияның тек арабша, түрікше және парсыша бөлімдерінде үздік ондыққа кірген болатын (сәйкесінше: екінші, оныншы және үшінші орын).

 

Адам құқықтары және әскери қылмыстар

Құлдық және адам саудасы

Құлдық жасырын түрде іске асырылатын Тайланд, Сенегал сияқты мемлекеттерге қарағанда ИМ-нің қол астындағы аймақтарда құлдық заңдастырылған. ИМ-нің қолына түскен мұсылман емес (яғни кәпір) әйелдер күңдерге айналып, құдды мал-мүлік секілді сатылымға да шығарылуы мүмкін. Құлдыққа түскен әйелдердің иелеріне олармен жыныстық қатынасқа түсуге (тіпті ол бойжеткен болмаса да), басқа адамдарға сатуға, тәрбиелік мақсатта қол жұмсауға құқық берілген. Өзінің Батысқа айтылған қоқан-лоқы сөздерінде ИМ-нің ресми хатшысы әл-Аднани Римді басып алғаннан кейін олар христиан крестерін сындырып, әйелдерін күңдерге айналдыртынын айтты.

ИМ-дегі әйел саудасының негізгі құрбандары — езид әйелдері. Қазіргі таңда басқа діндерді ұстанатын әйелдердің жаппай құлдыққа түскені туралы ақпарат жоқ. Езидтердің бұл жағдайға түсуінің себебі олар Ислам дінінде христиандар мен яһудилер секілді Кітап иелері қатарына жатпайды, көпқұдайшылар болып саналады.

ИМ-дегі нәзік жандылардың жағдайы ауыр екені рас. ИМ-нің астанасы саналатын Раққа қаласында әйел адамдар көшеге қамқоршысыз шыға алмайды және сыртқа шыққанда денесін толығымен жабуға міндетті, әйтпесе қамауға алынып, соққыға жығылуы мүмкін. Әйелдерге бақылау жүргізу үшін ИМ құрамына тек әйелдер кіретін Әл-Ханса бригадасын құрған.

ИМ шииттерді «кәпір» және «сатқын» деп санайды, сондықтан олардың көзін жоюға тырысып бағып жүр. Әл-Қағида мен басқа да топтар шииттерді оңды-солды өлтіре беруге болмайтынын айтқанымен, ИМ олардың сөзіне құлақ аспады. ИМ АҚШ және Еуропа сияқты «алыс» жаулардан гөрі бар күшін шииттерге қарсы жұмсап жатыр. Израиль Газа секторындағы мұсылмандарды бомбалап жатқанда кейбір содырлар ИМ палестиналықтарға ешқандай көмек көрсеткен жоқ деп айыптағанда ИМ өкілдері шииттерге қарсы күрес барлығынан да маңызды екенін алға тартты.

Христиандардың жағдайы

ИМ-нің айтуы бойынша, христиандар Ислам қабылдап, мұсылман бола алады немесе арнайы салық төлеп, өз дінінде қалады. Осының біреуін таңдамаған христиандарға ИМ соғыс жариялайды.

Көне жәдігерлерді жою және сату

Ислам мемлекеті өзі жек көретін нәрселерді жоюға ұмтылатыны құпия емес, оның ішінде ежелгі заманның жәдігерлері де бар. ИМ Мосул мұражайында зілбалғаларды, Пальмирада жарылғыш заттарды және Нимрудта шойбалға, бульдозерлер мен жоғарыда аталған нәрселердің барлығын қолданып көне жәдігерлердің көзін құртқан. 

Жалпы алғанда, ИМ өте қауіпті террористік топ.

2015 жылғы 15 қазанда Астана қаласының Есіл аудандық соты   «Ислам мемлекеті» (ИМ) халықаралық ұйымын террористік деп танып, оның қызметіне Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салу туралы шешім қабылдады.

21. «Ан-Нусра фронты» «Фронт ан-Нусра» немесе «Джабхаат ан-Нусра»  «Джабхат ан-Нусра ли-Ахли аш-Шам», «Аш-Шам халқына көмек майданы», «Сириядағы Аль-Каида» деген атаулармен белгілі.

«Аль-Каида» халықаралық исламдық террористік ұйымының Сирия және Ливан аумағындағы бөлімшесі.

Бұл топ 2012 жылғы 23 қаңтарда Сириядағы азамат соғысы кезінде құрылған. Сол уақыттан бері көтерісшілер топтары арасында айтарлықтай ықпалды топтардың бірі ретінде қарастырылады.

Топтың құрамында сириялықтармен қатар Сауд Аравиясы, Ирак, Пакистан, Ливан, Түркменстан, Франция, Ұлыбритания және басқа елдердің азаматтары соғысуда.

«Фронт аль-Нусра» жетекшісі «Абу Мухаммад аль-Джулани» деген лақап атпен әрекет ететіні белгілі.

 Бұл террористік ұйым қолға түскен үкімет армиясы солдаттары мен бейбіт тұрғындарды, соның ішінде алавиттер мен шииттерді жазалау тәрізді көптеген әскери қылмыстар бойынша айыпталады.

2013 жылғы қарашада «Аль-Каида» жетекшісі Айман Завахири «Фронт аль-Нусра» Сириядағы «Аль-Каиданың»  бірден-бір заңды өкілі екенін жариялаған.

БҰҰ және АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Түркия және Ресей елдерінде террористік ұйым ретінде танылған.

2015 жылғы 15 қазанда Астана қаласының Есіл аудандық соты «Фронт аль-Нусра» халықаралық ұйымын террористік деп танып, оның қызметіне Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салу туралы шешім қабылдады.

http://www.akimvko.gov.kz/ru/
http://egov.kz/
http://www.akimvko.gov.kz/ru/tipovyie-voprosyi.html
http://akorda.kz/