Loading...
Русская версия  Казахская версия 
«ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

2018 жылға мемлекеттік көрсетілген қызметтер туралы Шығыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасының Есебі

2018 жылға мемлекеттік көрсетілген қызметтер туралы Шығыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасының Есебі

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі №147 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 147 және 2015 жылғы 4 тамыздағы № 195 қаулыларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ««Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2017 жылғы 26 шілдедегі № 113 бұйрығына» және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 332 қаулысына сәйкес басқарма тарапынан жеке және заңды тұлғаларға бес түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

1. «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу».

2. «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру».

3. «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру».

4. «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру».

5. «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру».

2017 жылғы бекітілген стандарттарға сәйкес, басқарма тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер «Азаматтарға арналған үкімет » мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам арқылы да көрсетілетін болады.

2018 жылы мемлекеттік көрсетілген қызметтердің жалпы саны 84 - і құрады, олардың:

1. Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу – 20.

2. Арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту – 54.

3. Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыру – 1.

4. Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру – 8.

5. Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу – 1.

Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызмет болып «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату

үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру» табылады. 2018 жылы 54 арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы бекітілді.

Қызмет алушылардан түскен өтініш негізінде стандарттарға сай құжаттар талап етіліп, регламенттерде көрсетілген мерзімде мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты стандарттар, регламенттер және бизнес-процестер басқарманың сайтына орналастырылған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша Шығыс Қазақстан облысының Дін істері басқармасына қызмет алушылардан арыз-шағымдар түскен жоқ.

http://dinvko.gov.kz/rus/press-sluzhba/novosti/shy-ys-adaldy-alany/
http://www.akimvko.gov.kz/ru/
http://egov.kz/
http://www.akimvko.gov.kz/ru/tipovyie-voprosyi.html
http://akorda.kz/
https://www.qazlatyn.kz/converter/text