Loading...
Русская версия  Казахская версия 
«ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Шығыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының 2015 жылдағы діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі №147 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 147 және 2015 жылғы 4 тамыздағы № 195 қаулыларына сәйкес басқарма тарапынан жеке және заңды тұлғаларға бес түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

2015 жылы мемлекеттік көрсетілген қызметтердің жалпы саны 18-ді құрады.

1. Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізуге қатысты 12 тұлғаға миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктері берілді.
Олардың, 1 – уі православие, 5 – уі католик, 2 – уі жаңа өмір шіркеуі, 4 – уі жаңа апостолдық шіркеу өкілдері болып табылады.

2. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 171 «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Өскемен, Аягөз, Зайсан қалаларында бір-бірден орындар белгіленді.

3. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 171 «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы» қаулысына сәйкес Тарбағатай ауданының Ырғызбай, Қараой елді-мекендері тұрғындарының рухани қажеттілігі үшін намазханалар және 2015 жылдың 21 желтоқсандағы Шығыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының келісім-хатының негізінде Глубокое ауданы Быструха ауылында часовня келісілді.

Қызмет алушылардан стандартқа сай құжаттар талап етіліп, мерзімінде мемлекеттік қызметтер көрсетілді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты стандарттар, регламенттер және бизнес-процестер басқарманың сайтына орналастырылды.

Басқармаға қызмет алушылардан арыз-шағымдар түскен жоқ.

http://www.akimvko.gov.kz/ru/
http://egov.kz/
http://www.akimvko.gov.kz/ru/tipovyie-voprosyi.html
http://akorda.kz/