Loading...
Русская версия  Казахская версия 
«ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Шығыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының 2016 жылдағы діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі №147 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 147 және 2015 жылғы 4 тамыздағы № 195 қаулыларына сәйкес басқарма тарапынан жеке және заңды тұлғаларға бес түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

  1.  «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу».
  2. «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру».
  3. «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру».
  4. «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру».
  5. «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру».

2016 жылы мемлекеттік көрсетілген қызметтердің жалпы саны 37-ні құрады.

Олардың:

  1. Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу – 11.
  2. Арнайы тұрақты үй-жайларды бекіту – 8.
  3. Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыру – 1.
  4. Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру – 15.
  5. Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу – 2.

Қызмет алушылардан стандартқа сай құжаттар талап етіліп, мерзімінде мемлекеттік қызметтер көрсетілді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты стандарттар, регламенттер және бизнес-процестер басқарманың сайтына орналастырылды.

Басқармаға қызмет алушылардан арыз-шағымдар түскен жоқ.

http://dinvko.gov.kz/rus/press-sluzhba/novosti/shy-ys-adaldy-alany/
http://www.akimvko.gov.kz/ru/
http://egov.kz/
http://www.akimvko.gov.kz/ru/tipovyie-voprosyi.html
http://akorda.kz/
https://www.qazlatyn.kz/converter/text