Loading...
Русская версия  Казахская версия 
«ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Рухани жаңғыру

«Рухани жаңғыру» республикалық жобасы аясындағы

«Рухани білім беру» жобасының іске асырылуы

 2017 жылы іске асырылды:

І. «Халифа Алтай» мешітінің базасында өткізілген Шығыс Қазақстан облысы ақпараттық-түсіндіру топтары мүшелерінің теологиялық білімін жетілдіру бойынша 3-айлық оқу курсы

1.1 Ақпараттық-түсіндіру топтары мүшелерінің теологиялық білімін жетілдіру бойынша 3-айлық оқу курсы ұйымдастырылып, өткізілді. Аталмыш курс 2 ағымда өткізілді (1 ағым: 01.07-30.09.2017ж., 2 ағым: 01.10-30.12.2017ж.).

Тыңдаушылар жалпы саңы 162 адам болды. Барлық тыңдаушылар курс өткен туралы куәліктерін алды.

1.2 Курстарды ұйымдастыру шеңберінде «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетімен, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен, облыстың жоғары оқу орындарымен меморандум бекітілді.

1.3 Үш айлық курстың оқу үдерісіне 3 PhD докторы (155 сағат), 5 докторант (460 сағат), 6 магистр (310 сағат), 2 ғылым кандидаты (150 сағат), жоғары оқу орнының 2 аға оқытушысы (180 сағат), дінтану білімдері бар 9 бакалавр (1770 сағат) тартылды.

1.4 Кітапхана ашылды, оқу – әдістемелік нұсқаулармен әдебиеттермен толық қамтамасыз етілді. Жалпы фонд 1479 бірлік құрды.

1.5 Тыңдаушылармен оқытушылардың білімдерімен дағдыларын бағалау критерийлері әзірленді. Өткізілген сабақтардың тиімділігімен сапалығын анықтау мақсатында арнайы сауалнама жүргізілді.

1.6 Қорытыңды білімді бағалау үшін тест сұрақтары әзірленіп, бекітілді (электронды тестілеу).

 

ІІ. Арнайы орта білім бойынша

 

2.1 «Исламтану» мамандығының «Имам хатиб» және «Исламтану» біліктіліктері бойынша білім беру мекемелері анықталды («Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі», «Көпсалалы Семей колледжі»).

2.2 Білім беру мекемелері «Исламтану» мамандығы бойынша кадрларды дайындау лицензиясына ие болды.

2.3 Мамандарды дайындауға бағытталған мемлекеттік тапсырысқа ие болды. Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі – 15 орын «Исламтанушы», Көпсалалы Семей колледжі – 25 орын «Имам хатиб» біліктіліктері бойынша.

2.4 2017 жылының аяғында Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде – 12 студент, Көпсалалы Семей колледжінде – 22 студент білім алуда

2018 жылы орындалды және жоспарлануда

 І. Шығыс Қазақстан облысы ақпараттық-түсіндіру топтары мүшелерінің теологиялық білімін жетілдіру бойынша 3-айлық оқу курсы

1.1           2018 жылы сәуір – мамыр айларында тереңделіп оқыту курсының оқу бағдарламасы әзірленіп, бекітілді.

1.2           2018 жылы ұйымдастырылатын тереңдетіліп оқу курсына қатысушылар құрамына қосу және де білікті мен құзырлы мамандар даярлау мақсатында 2017 жылы өткізілген курстың тыңдаушылары арасынан 69 адам іріктеліп, таңдалды.

1.3           Оқу үдерісін ұйымдастыру үшін ШҚО Дін істер басқармасы «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетімен, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен, облыстың жоғары оқу орындарымен меморандум бекітті.

1.4           Курстың мерзімі 1 шілде – 30 қыркүйек 2018 ж. 3 айлық оқу жоспары екі модульден тұрады: әлеуметтік – зайырлы пәндер (95 сағ.) және теологиялық пәндер (459 сағ.). Оқу курсының көлемі 576 сағ., оның 520 сағ. – теориялық, 56 сағ. тәжірибиелік сабақтар.

Оқу курсын ұйымдастыру аясында 8 PhD докторы, 5 PhD докторанты, «Нур - Мубарак» университетінің 2 магистры және 2 магистранты, ҚР ҚМДБ 8 өкілі, 1 университет оқытушысы, 1 психология магистрі тартылады.

 ІІ. Арнайы орта білім бойынша

2.1           Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде – 11 студент, Көпсалалы Семей колледжінде – 20 студент білім алуда.

Оқу кестесіне сәйкес аталмыш студенттер өңдірістік іс-тәжірибие өтуде.

2.2 2018-2019 оқу жылына Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжіне және Көпсалалы Семей колледжіне абитуриенттерді қабылдау жоспарлануда. Мемлекеттік тапсырыс 40 орынға кеңейтіледі.

http://www.akimvko.gov.kz/ru/
http://egov.kz/
http://www.akimvko.gov.kz/ru/tipovyie-voprosyi.html
http://akorda.kz/