Шығыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының дін мәселелерін зерттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

070004, Қазақстан Республикасы, ШҚО Өскемен қаласы К. Либкнехт көшесі 19 үй, 504, 505 кабинет;
телефон: 8 (7232) 704-267, 705-656;
e-mail: taldau_din@mail.ru.

«Шығыс Қазақстан облысының дін мәселелерін зерттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін  Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 ақпандағы № 29  қаулысының негізінде  қайта құру жолымен құрылған.

Орталықтың негізгі қызмет мақсаты: Дін саласындағы ақпараттық-насихаттау және түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу, облыстағы діни жағдайларды, соның ішінде электрондық және баспа бұқаралық ақпарат құралдарын зерттеу, талдау және болжам жасау, деструктивті ағымдардың қызметінен жәбірленген тұлғаларға оңалту қызметтерін көрсету және психологиялық, заңдық кеңестер беру.

Мекеменің міндеттері:
1. Дін саласындағы ақпараттық-насихаттау және түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу;
2. Дін қызметі саласындағы және дін саласындағы мемлекеттік саясат аясында оқыту семинарларын, тренингтерді, курстарды, дәрістерді, дөңгелек үстелдерді, конференцияларды, акцияларды және басқа да ұйымдастырушылық-практикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
3. Деструктивті ағымдардың қызметінен жәбірленген тұлғаларға оңалту қызметтерін көрсету және психологиялық, заңдық кеңестер беру;
4. Облыстағы діни жағдайларды, соның ішінде электрондық және баспа бұқаралық ақпарат құралдарын зерттеу, талдау және болжам жасау;

Штаттық кестеге сәйкес Орталықта 9 қызметкер жұмыс атқарады:



 

  • http://www.din.gov.kz/
  • http://www.akimvko.gov.kz/ru/
  • http://egov.kz/
  • http://e-islam.kz/
  • http://www.akimvko.gov.kz/ru/tipovyie-voprosyi.html
  • http://www.e-vko.gov.kz/
  • http://akorda.kz/