Loading...
Русская версия  Казахская версия 
«ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

26 Июня 2019 2019 жылдың 19 маусымында Өскемен қаласында мақсаты деструктивті діни ағымдардың ықпалымен күресу әдістерін әзірлеу болып табылатын семинар – кеңес өтті

Саясаттану, теология саласындағы республикалық деңгейдегі сарапшылар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері семинар - кеңестің құрметті қонақтары болды.

Детальное описание: 

2019 жылдың 19 маусымында Өскемен қаласында мақсаты деструктивті діни ағымдардың ықпалымен күресу әдістерін әзірлеу болып табылатын семинар – кеңес өтті.

Саясаттану, теология саласындағы республикалық деңгейдегі сарапшылар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері семинар - кеңестің құрметті қонақтары болды.


Шығыс Қазақстан облысының Дін істері басқармасы басшылығымен ұйымдастырылған семинар – кеңеске қала және аудан әкімдерінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасарлары, ішкі саясат басшылары шақырылды.


Іс-шара барысында қатысушылар жергілікті атқарушы органдардың діни бірлестіктермен алдын алу жұмыстарын жүргізу шеңберіндегі өзара іс-қимылын талқылады.


Іс-шара аясында сарапшылар интернет-ресурстар арқылы деструктивті діни ағымдармен ақпараттық соғыстарды жүргізу тетіктері және діни террористік насихатшылардың қармағына түсіп қалмаудың жолдары туралы хабардар етті.


Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жанындағы республикалық ақпараттық - түсіндіру тобының саясаттанушы – эксперті Руслан Иржановтың айтуынша адамға тиімді ақпараттық әсер ету, ол үшін маңызды, оған таныс беделді адамдар, қоғамдық пікір көшбасшылары арқылы жүзеге асырылады.


Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің дін мәселелері жөніндегі ғылыми- зерттеу және талдау орталығының бөлім бастығы Жарас Аханов өз тәжірибесімен бөлісіп, қатысушыларға «Терісті оңға айналдыр» әдістемесін қатысушыларға ұсынды.


Адам белгілі бір хабарламаны, оны шынайы деп қабылдамағандықтан, бас кезінде еш елемей қояды да, белгілі бір уақыт өткен соң, біртіндеп ол хабарламаның шынайылығына сене бастайды, - деп атап өтті Жарас Аханов   


Сондай-ақ, семинар - кеңестің барысында қатысушыларға деструктивті діни ағымдардың ықтимал қауіпті тартушыларын қалай анықтап, өңір аудандарында экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласында жүргізіліп жатқан жұмыстарды талқылады.


Іс-шара соңында Шығыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасының басшысы Ануар Абдулдин бүгінгі семинар - кеңеске шақырылған лекторлардың тәжірибесін қатысушылар діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша одан әрі жұмыс істеу үшін пайдаланатынын атап өтті. Осы семинар - кеңесте алынған ақпарат маңызды болып табылады және ақпараттық - түсіндіру топтарының тиімді жұмысына ықпал етеді.





26 Июня 2019 Шығыс - Адалдық аланы

«Шығыс-Адалдық алаңы» –тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою миссиясына негізделген жоба, сондай-ақ азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.

Детальное описание: 32sdd23.jpg

«Шығыс-Адалдық алаңы» –тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою миссиясына негізделген жоба, сондай-ақ азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.

«Шығыс-Адалдық алаңы» – кедергісіз орта құруға, бірінші басшылардың жеке жауапкершілігін күшейтуге, халық үшін қолайлы жағдай жасауға және қоғамдық бақылауды күшейтуге мүмкіндік беретін бірегей жоба.

Жоба кеңсесінің қызметі мемлекеттік қызметтер көрсету, білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, сәулет, қала құрылысы, жер қатынастары, мемлекеттік кірістер, құқық қорғау және сот органдары мәселелеріне қатысты болады. 

Сондықтан, өз қаласына, ауданына, ауылына, кентіне, көп пәтерлі үйге және т.б. немқұрайлы қарамайтын ҚР кез келген азаматы осы жобаның қатысушысы бола алады.

Біздің міндетіміз, проблемалық мәселелерді көтеріп қана қоймай, орындаушыларды сынға алып, мемлекеттік органдардың осы мәселелерді шешуін бақылау, сондай-ақ шешімді ұсыну, сондай-ақ қалыптасқан жағдайды түзетуге қатысу. Өйткені қоғам мен біздің мемлекетіміздің азаматтары Сізбен Біз бірге жасайтын елде өмір сүреді.

ШҚО-да «Адал алаңы» идеясының дамуына немқұрайлы қарамайтындар қатарын толықтырғысы келетіндер, Біз Сіздер үшін ашықпыз.




9 Июня 2019 Дін саласының мамандары сотталғандарды Ораза айт мерекесімен құттықтады.
Бүгін ШҚО Дін істері басқармасы мен дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары ШҚО ҚАЖД-ға қарасты барлық түзету мекемелерінде болып, экстремизм мен терроризмге қатыстылығы үшін жазасын өтеп жатқан азаматтарды «Ораза айт» мерекесімен құттықтады.  Детальное описание: 

Бүгін ШҚО Дін істері басқармасы мен дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары ШҚО ҚАЖД-ға қарасты барлық түзету мекемелерінде болып, экстремизм мен терроризмге қатыстылығы үшін жазасын өтеп жатқан азаматтарды «Ораза айт» мерекесімен құттықтады. Жазасын өтеушілерге дастархан жайылып, ізгі тілектер айтылды. Кездесу барысында ШҚО Дін істері басқармасы басшысының орынбасары Асқар Исабаев, бөлім басшысы Айтқұрман Тұрғанбаев, Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог мамандары Ақжол Насихатұлы мен Руслан Ахметов құттықтау сөз сөйлеп, көпұлтты елімізде «Ораза айт мерекесінің тойлану маңыздылығына тоқталып өтті. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты сотталушыларға мемлекетіміздің дін саласындағы саясатын түсіндіру, оларды зайырлы қоғамның құндылықтарына бейімдеу, дәстүрлі ислам дінін насихаттауға бағытталды.

Өткізілген іс-шара барысында жазасын өтеушілер сөз сөйлеп, дін саласында қызмет етіп жүрген мамандарға шынайы алғыстарын білдірді.

Облыс аумағында түзету мекемелерінде ұйымдастырылған бұл шараға барлығы 84 жазасын өтеуші азамат қатыстырылды.

дастархан.jpgдастархан 2.jpg


Даниал Ахметов «Халифа Алтай» мешітіндегі Ислам мәдениеті мұражайымен танысты 1 Июня 2019 Даниал Ахметов «Халифа Алтай» мешітіндегі Ислам мәдениеті мұражайымен танысты

Мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов облыстық «Халифа Алтай» мешітінде болды.

Детальное описание: 

Даниал Ахметов «Халифа Алтай» мешітіндегі Ислам мәдениеті мұражайымен танысты

 

Мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов облыстық «Халифа Алтай» мешітінде болды.

Өңір басшысы жақын арада мешіт аумағында орналасатын ислам мәдениеті мұражайының құрылым тұжырымдамасымен танысты. «Ислам мәдениеті мұражайында Қазақстанда Ислам дінінің пайда болуы мен даму тарихы үш бөлікпен көрсетілетін болады: тәңіршілдік, Қазақстан жерінде исламның пайда болуы мен таралуы, Исламның қазіргі дәуірі.

Бұл жерге исламға дейінгі кезеңдегі Күлтегін (Күлтегін тас стелласы (VIII ғасыр) - ежелгі түркі өркениетінің ескерткіші. Қолбасшы Күлтегіннің құрметіне орнатылған және Сақ дәуірінің археологиялық жәдігерлер, балбал тастар, тасқа басылған таңбалы суреттердің үлгілері қойылатын болады.

Сонымен қатар Қазақстан дамуының әртүрлі кезеңдеріндегі киім үлгілері мен қорда сирек кезедесетін 100 және 200 жылдық тарихы бар кітаптар, Қасиетті Қағба және Қазақстан мешіттерінің макеттері көрсетіледі», делінген хабарламада. Мұражайдың дәл ортасында интарактивті режімде оқуға болатын, қазақ, орыс және араб тілдеріндегі электронды Құран орналасады. Барлық қосымша экспонаттар электронды түрде беріледі. Планшет арқылы, әрбір нысан туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік қарастырылған. Мұражайға қойылатын экспонаттар келіп көрушілерге Ислам мәдениеті тарихы мен оның Қазақстанда дамуы жайлы көбірек мәлімет алуына мүмкіндік береді. Ерекше атап өтерлік жайт, сирек кездестетін бұл жәдігерлер тек қана Шығыс Қазақстанның мұрайжалық жинақтамасынан ғана емес, Түркістан облысы, Шымкент қаласы сияқты республикамыздың басқа аймақтарынан да әкелінеді.

Қазіргі уақытта экспонаттарды жинау жұмыстары жүргізілуде, сирек кездесетін 100 және 200 жылдық тарихы бар кітаптар қоры жинақталған. Ислам мәдениеті туралы ақпарат алудың заманауи әдістері мен көне экспонаттардың бірегей үйлесімі, алдағы уақытта еліміздің барлық тұрғындары мен өңір қонақтары арасында республикада теңдесі жоқ болашақ музейге деген сұранысты қамтамасыз етеді.

Даниал Ахметов мұражайды ұйымдастыру мәселелері бойынша қосымша тапсырмалар берді. Қасиетті Рамазан айында облыс әкімі «ауызашар» дастарханын жайып, оған дін және этномәдени орталықтардың өкілдері, ақсақалдар мен мешіт жамағаты қатысты. Оның барысында өңір басшысы Шығыс Қазақстанның барлық тұрғындарына жақсылық, рухани тазару, бейбітшілік пен келісім тіледі.



1 Июня 2019 Әлем мұсылмандары үшін қадірлі болып саналатын Рамазан айының соңғы жұмасы біздің елімізде
«31 –мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнімен» тұспа-тұс келді. Осыған орай Шығыс Қазақстан облысының барлық мешіттерінде жұма намазына жиналған жамағатқа уағызбен бірге зобалаң жылдарды бастан кешкен қазақ халқының тарихы туралы да айтылды. Детальное описание: 

Әлем мұсылмандары үшін қадірлі болып саналатын Рамазан айының соңғы жұмасы біздің елімізде «31 –мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнімен» тұспа-тұс келді. Осыған орай Шығыс Қазақстан облысының барлық мешіттерінде жұма намазына жиналған жамағатқа уағызбен бірге зобалаң жылдарды бастан кешкен қазақ халқының тарихы туралы да айтылды. Атап айтар болсақ, бір ғана Өскемен қаласындағы «Халифа Алтай» мешітіне жиналған 3 мыңнан астам жамағат зұлмат жылдардың жазықсыз құрбаны болған отандастарымызды еске алды. ҚМДБ-ның Өскемен аймақтық өкіл имамы Ермек қажы Мұхатай зобалаң жылдарды бастан кешкен халықтың зары, кешкен мұңы, жүріп өткен тар жолдары бүгінгі бейбіт заман ұрпақтарының есінде мәңгі сақталатынын, бұл күннің Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие екендігін атап айтты. Халықтардың ортақ қасіретіне айналған сол оқиғалардың салқыны, бүгінгі Қазақ жерінде өмір сүріп отырған ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, тағдырлары тарихпен табысқан ұлт өкілдері жаңа Қазақстанды ұлттар достығының ұйытқысына айналдырғанын насихаттады. 

Өскемен аймақтық өкіл имамы Ермек қажы Мұхатай: «Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап, 25 мың адам ату жазасына кесілді. Нақ осы жылдары қазақстандық ғылым мен мәдениет, саясат саласының зиялы қауымы мен дін өкілдері өкілдері жазықсыз атылған екен. Бұл мәліметке қасақана жасалған ашаршылықтың құрбандарын қосыңыз. Бүгінгі ұрпаққа әлі толық беймәлім, жан дүниеңді сілкінтер, мұңға толы қаншама тарихи парақтар бар. Сондықтан да бұндай ізгі-шараларды мешіт жамағатының арасында терең насихаттаудың маңызы зор деп білеміз». 

Дәл осы күні ҚМДБ-ға қарасты облыс аумағындағы барлық мешіттерде қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай уағыз-естеліктер айтылып, дұға оқылды. Жұма намазының соңында мешіт жамағаттары саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына Құран бағыштап, өткен тарихқа тағзым етіп тарқасты.

3105-2019-0403862582166504341 (1).jpeg


Дін саласындағы құқықбұзушылықтар үш есеге дейін азайған 16 Мая 2019 Дін саласындағы құқықбұзушылықтар үш есеге дейін азайған
Облыста дін саласындағы құқықбұзушылықтар өткен жылы үш есеге дейін азайған. Ал биылғы жылдың алғашқы тоқсанында заңнаманы бұзудың екі фактісі ғана тіркелген. 

Детальное описание: 

Облыста дін саласындағы құқықбұзушылықтар өткен жылы үш есеге дейін азайған. Ал биылғы жылдың алғашқы тоқсанында заңнаманы бұзудың екі фактісі ғана тіркелген. Мұны түсіндіру жұмыстарының нәтижелі жүргізілуімен түсіндіреді облыстық дін істері басқармасының басшысы Әнуар Абдулдин.

Басқарма басшысының мәлімдеуінше, басқарманың негізгі басымдықтарының бірі – аудандық жерлерде және ауылдық округтерде тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізетін ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері мен теологтарды іріктеуге және олардың біліктіліктерін арттыруға бағытталған.

Жыл басынан бері осы санаттағы мамандар үшін басқарма республикалық деңгейдегі лекторлардың қатысуымен екі семинар өткізген. Сонымен қатар жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде биылғы жылдың алғашқы тоқсанында ғана деструктивті діни ағымдарды жақтаушылар саны жеті пайызға төмендеген.

– Аймақта дін мәселелері жөнінде 20 ақпараттық-түсіндіру топтары жұмыс істейді. Олардың құрамына 1 облыстық, 4 қалалық, 15 аудандық топтардан тұратын 165 адам кіреді. Ақпараттық топтармен 2019 жылдың 1 тоқсанында 676 іс-шара өткізіліп, оған 37611 адам қамтылды, оның 19887-сі жастар, – деп атап өтті Әнуар Абдулдин.

Брифингте саладағы өзекті мәселелердің бірі ретінде мешіт имамдарының діни сауаттылық дейгейлерінің жеткіліксіздігі айтылды. Бұл жағдайдан шығу үшін 2017 және 2018 жылдары облыстық мешіттің базасында үш айлық діни білімді жетілдіру курстары ұйымдастырылған. 2017 жылы аталған курстан – 162, 2018 жылы – 69 адам өткен.

2019 жылдың наурыз айында басқарма «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде оның басшылығымен, студенттерімен кездесу өткізіп, жеті түлекпен еңбек жолын Шығыс Қазақстанда бастау жөніндегі келісім жасалған. 2019 жылдың басынан «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде оқу үшін облыстық бюджеттен 6 грант бөлінген. Үміткерлер қазірдің өзінде сынамалық бірыңғай ұлттық тестілеуден өткен.

Қазіргі уақытта облыстағы дін мәселелерін зерттеу орталығының базасында блогерлердің, теологтардың және оператор-монтаждаушының қатысуымен бөлім құрылуда.

Сонымен қата басқарма арқылы орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасының сақталуына да баса мән беріледі. Ата-аналармен жүргізілген жұмыстардың нәтижесіндеаталған санаттағы оқушылар саны есепті кезеңде 85,2 % дейін төмендеген. Бұдан бөлек діни отбасылардың балаларына екпе жасатудан бас тартуы да бүгінгі күннің өзекті де көп талқыланатын мәселелерінің бірі болып отыр. 2019 жылдың алғашқы тоқсанында діни негізге сүйеніп балаларына екпе жасатудан бас тартудың бес фактісі тіркелген екен. Бұл ретте басқарма басшысы шешім өабылдау ата-аналар құзырында болса да, ең бірінші кезекте баланың болашағын, денсаулығын бірінші орынға қою керектігін айтады.

Брифингте басқарма басшысы тілшілер тарапынан қойылған барлық сауалдарға жауап берді.

DSC_0055.JPG


2 Мая 2019 ШҚО –да діни бірлестіктер арасында «Ашық есік күні» жалғасын табуда
«Ашық есік күні» аясында облысымыздың діни конфессиялар өкілдері мен дін істері басқармасының қызметкерлері Өскемен қаласының «Христиандық Новоапостолдық Шіркеуіне» болып қайтты. Детальное описание: 

«Ашық есік күні» аясында облысымыздың діни конфессиялар өкілдері мен дін істері басқармасының қызметкерлері Өскемен қаласының «Христиандық Новоапостолдық Шіркеуіне» болып қайтты.

Жергілікті діни бірлестіктің аймақтық қариясы Федор Бурлаков осы шіркеудің құрылу тарихы туралы айтып берді.

Кездесу барысында діни бірлестіктердің өкілдері мен басқарма қызметкерлері діни бірлестіктің қызметімен танысты.

DSC_0048.jpgDSC_0017.jpg


Өскеменде ШҚО дін істері басқармасымен дін саласындағы қызметкерлердің біліктілігін жоғарлату жұмыстары жалғасуда 29 Апреля 2019 Өскеменде ШҚО дін істері басқармасымен дін саласындағы қызметкерлердің біліктілігін жоғарлату жұмыстары жалғасуда
Шығысқазақстандық дінтанушылар мен теологтарға деструктивті діни ағымының арбауына түскен адамдармен жұмыс істеу жолдары үйретілуде.  

Детальное описание: 

Шығысқазақстандық дінтанушылар мен теологтарға деструктивті діни ағымының арбауына түскен адамдармен жұмыс істеу жолдары үйретілуде. Іс-шара барысында Қазақстандағы діни біліктілікті артырудағы жетекші мамандар қатысушыларға теологиялық жұмыстардың жаңашыл әдістері мен түрлерін меңгеру бойынша бірнеше мастер- класстар өткізді.

DSC_0969.JPG

Семинар екі секциялық сабақтар форматында өтті. Оның жұмысына ШҚО дін мәселелерін зерттеу орталығының теологтары және дінтанушылары, қалалық, аудандық мешіттердің бас имамдары, ШҚО бойынша ҚАЖД мекемелерінің теологиялық – оңалту қызметінің қызметкерлері қатысты.

DSC_0989.JPG

«Бүгінгі семинардың негізгі мақсаты теологиялық жұмыстың жаңашыл әдістері мен формаларын меңгеру арқылы деструктивті діни ағым идеологиясын ұстанушы тұлғалармен және тұрғындардың арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде пайдалану болып табылды», -деді ҚМДБ-ның муфтийлар Кеңесінің мүшесі Мұқан Исахан.

DSC_0990.JPG

Айта кететін болсақ, дін саласындағы ақпараттық –түсіндіру жұмыстарына қойылған талаптардың тиімділігін арттыру мақсатында осындай іс-шараларды ұйымдастыру маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Сонымен қатар, осындай семинарларды ұйымдастыру деструктивті діни ағымды ұстанушылармен оңалту жұмыстарын жүргізетін қызметкерлердің құзіреттілігін және біліктілігін арттыру үшін негіз болып отыр.

DSC_1003.JPG

«Әлемде неше түрлі уағызшылар, идеологтар жаңа технологияларды және бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып әр түрлі психологиялық әркеттер қолданып, адамдарды, соның ішінде санасы толық қалыптаспаған жастарды өздерің қатарларына қоса отырып, толық бір отбасын, қоғамды бұзады»,- деп арабтанушы, ғалым «Kazdream Media» ЖШС қызметкері Марлен Мулимов атап өтті.

 

Семинардың соңында қатысушылар бір ортақ пікірге келіп, осындай іс-шараларды өткізу заманауи оқиғалардың аясында өте маңызды болып табылатынын айтты. Себебі деструктивті діни ағымдарды ұстанушылар азаматтарды өз идеологияларына тартатын әдістер мен формаларын жиі өзгертіп отырады.

 


16 Апреля 2019 Өскеменде 2019 жылдың 30 наурыз айынан бастап жалпы қалалық сенбілік басталды.

Бүгін «Защита» шағын ауданының1-ші Октябрь көшесінде ШҚО дін істері басқармасының қызметкерлері тазарту жұмыстарын жүргізді.

Детальное описание: 

Бүгін «Защита» шағын ауданының1-ші Октябрь көшесінде ШҚО дін істері басқармасының қызметкерлері тазарту жұмыстарын жүргізді.

ШҚО дін істері басқармасы басшысы А. Абдулдиннің айтуынша, біз әрқашан қаланы аббантандыру жұмыстарына қатысуға қуаныштымыз. – Осы шағын аумақтағы тұрып жатқан адамдардың барлығы, аумақты тазалауға көмек көрсетсе, әлбетте жақсы болар еді. Сондықтан да барлық қала тұрғындарын сенбілікке шығуға шақырамыз, себебі біздің қаламыздың сыртқы келбеті көбінесе өзімізге байланысты, -деді Ануар Абдулдин.

Айта кететін болсақ, ШҚО дін істері басқармасының мемлекеттік қызметкерлері «Защита» шағын ауданында 2019 жылдың 4 мамыр айына дейін тазалау жұмыстарын жүргізетін болады.

13636FA7-9713-47B2-B2AB-27D37F1EA9B2.jpeg


Сенбіліктерге әртүрлі діни конфессиялар қауымдастығының өкілдері де қатыспақ 10 Апреля 2019 Сенбіліктерге әртүрлі діни конфессиялар қауымдастығының өкілдері де қатыспақ

Биыл Өскемен қаласын абаттандыру, көше тазалығын сақтау мақсатында өткізілетін сенбіліктерге әртүрлі діни конфессиялар қауымдастығының өкілдері де қатыспақ.

Детальное описание: 

Биыл Өскемен қаласын абаттандыру, көше тазалығын сақтау мақсатында өткізілетін сенбіліктерге әртүрлі діни конфессиялар қауымдастығының өкілдері де қатыспақ.

Шығыс Қазақстан облыстық Дін істері басқармасының діни бірлестіктермен байланыс және мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі бөлім басшысы Айтқұрман Тұрғанбаев қаламыздың тазалығын сақтау мен әсемдігін көркейту қажеттігі жайлы үндеу жасады.

Оның айтуынша, бұл бастама әртүрлі діни сенімдегі адамдарының бірлігін нығайтып, олардың ортақ мүдделері әлемдегі бейбітшілікті, бауырмалдылықты, сүйіспеншілікті насихаттау екендігін көрсетеді.

Өңіріміздегі діни адамдар ұсынысты қолдайтындықтарын жеткізуде.

– Бұл өскелең ұрпақ үшін өнегелі іс болмақ. Сауабы мол шараны қос қолдап қолдаймын, – дейді облыстық Халифа Алтай мешітінің іс басқарушысы Берік Қадыров.  

r56465wecvxc.jpg


Қазақстан Республикасының Салық кодексіне діни бірлестіктердің қызметіне байланысты өзгерістер енгізілді 10 Апреля 2019 Қазақстан Республикасының Салық кодексіне діни бірлестіктердің қызметіне байланысты өзгерістер енгізілді

1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексіне енгізілген өзгертулер діни салаға тікелей әсер етті. Таяуда діни бірлестіктер басшыларының басы қосылған отырыс ұйымдастырылып, діни құрылымдарда күнделікті кассалық-бақылау құралдарын пайдалану мәселесі қаралды.

Детальное описание: 

1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексіне енгізілген өзгертулер діни салаға тікелей әсер етті. Таяуда діни бірлестіктер басшыларының басы қосылған отырыс ұйымдастырылып, діни құрылымдарда күнделікті кассалық-бақылау құралдарын пайдалану мәселесі қаралды.

Жаңашылдықтар садақа беру мен қайырымдылықтың басқа түрлеріне әсер еткен жоқ. Ал діни тауарларды сату және қолма-қол ақша жүретін әр түрлі қызмет көрсету міндетті түрде кассалық аппараттарды пайдалану арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Бұның барлығын жиылған қауымға Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Гүлмира Сабралимова тәптіштеп түсіндіріп берді.

Шараға қатысушылардың көкейін торлаған сауалдар аз болған жоқ. Өз кезегінде Гүлмира Сабралимова діни бірлестіктер қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің өкілдері толық түсініктемені жақын арада беретіндерін айтты.

Айта кету керек шараның модераторы облыстық Дін істері басқармасының басшысы Ануар Абдуллин болды.

rwecvxc.jpg


Өскеменде жастар арасындағы радикалды экстремизмнің алдын алуға бағытталған республикалық семинар өтті 19 Марта 2019 Өскеменде жастар арасындағы радикалды экстремизмнің алдын алуға бағытталған республикалық семинар өтті

Өскемен қаласында жастар арасындағы радикалды экстремизмнің алдын алуға бағытталған республикалық семинар болып өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Детальное описание: 

Өскемен қаласында жастар арасындағы радикалды экстремизмнің алдын алуға бағытталған республикалық семинар болып өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамытуға арналған республикалық семинар-тренингке Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан дін мәселелерін зертеу орталықтарының директорлары, «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің өкілдері қатысты.


Өзінің алғы сөзінде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова күн тәртібіндегі қоғамның рухани саласын жан-жақты қамтитын мәселеге қатысты жұмысқа жүйелі, әрі кешенді қарау қажеттілігінің маңыздылығын айта келе, жиынға қатысушылардың назарын дін қызметкерлерінің сауаттылығы мен білім алуына аударды.

 

Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында бұл жұмыс жүйелі жолға қойылған.


Әсем Бекқызының айтуынша, 2017 жылы теологтардың білімдеріне жасалған талдау жергілікті дін қызметкерлерінің санаулы бөлігінде ғана арнайы білімдерінің болуы анықталды. Имамдардың көпшілігі орта біліммен шектелген. Сол себепті облыс орталығындағы Халифа Алтай мешітінің негізінде дін қызметкерлеріне арналып үш айлық курстар ашылды. Білім беру бағдарламасына дінтану, теологиямен қатар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, мемлекет тарихын оқыту енді. Нәтижесінде 2017 жылы 156, ал 2018 жылы 64 имам білімдерін арттырды.


- Біздің білім беру мен сауат ашу бойынша бірнеше бағытымыз бар. Дін қызметкерлерінің білімдерін жетілдіру – солардың бірі. Облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметовтың тапсырмасымен Өскемен және Семей қалаларында «имам хатыб», «исламтану» мамандықтары бойынша кадр даярлауға облыстық бюджеттен 80 білім гранты бөлінген. Жақын арада «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетімен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қоямыз, - деді, Әсем Нүсіпова. Мұнымен қоса, биылғы жыл соңына дейін Халифа Алтай мешітінде сирек кездесетін жәдігерлерден құралып, Қазақстандағы ислам тарихы жөнінде мол мағлұмат беретін Ислам мәдениетінің музейін ашу жоспарланып отыр.

 

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» РММ бөлім басшысы – Жарас Аханов пен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти – Алау Әділбаевтардың баяндамалары семинарға қатысушы қауымның тақырыпқа деген қызығушылықтарын арттырды.


Қоғамдағы жастардың жауапты миссиясы туралы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры, профессор, ғылым докторы – Мухаммад аш-Шаххат Абдулхамид Мухаммад ал-Жинди мен ҚР Орталық коммуникациялар Кеңесі жанындағы «Маңызды» сараптамалық алаңының жетекшісі – Нұрлан Өтешевтер кеңінен тоқталды.


Бүгінгі таңда, Шығыс Қазақстан облысында 265 мыңға жуық жастар бар. Бұл облыс тұрғындарының 19 пайызын құрайды. Өңірде, облыс әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасымен Жастар жылын өткізу бойынша арнайы «Жол картасы» әзірленіп, бекітілген. 55 тармақтан тұратын құжат: тұрғын үй қолжетімділігін қамтамасыз ету; жұмыспен қамту; талантты жастарды қолдау; жастардың өзін-өзі дамытуы; жас отбасы, денсаулық және әлеуметтік қамту және тірек іс-шаралары сияқты, негізгі бес бағытттан тұрады.

+IMG_9538.JPGMIT_1253.jpgMIT_1285.jpg


ШҚО –да діни бірлестіктер арасында «Ашық есік күні» жалғасын табуда 15 Февраля 2019 ШҚО –да діни бірлестіктер арасында «Ашық есік күні» жалғасын табуда

«Ашық есік күні» аясында облыстық дін істері басқармасы, дін мәселелерін зерттеу орталығы қызметкерлері мен әртүрлі діни конфессиялар өкілдері Евангельдік – Лютерандық Шікеуіне барып қайтты.

Детальное описание: 

 «Ашық есік күні» аясында облыстық дін істері басқармасы, дін мәселелерін зерттеу орталығы қызметкерлері мен әртүрлі діни конфессиялар өкілдері Евангельдік – Лютерандық Шікеуіне барып қайтты.

Іс-шара барысында Евангельдік – Лютерандық Шікеуінің басшысы Виктор Швабауер діни бірлестіктің тарихы туралы хабардар етті.

Оның айтуынша, Германия мемлекетінде XVI ғасырда Мартин Лютер идеяларының ықпалымен, реформациялық козғалыс нәтижесінде пайда болған.

«Ашық есік күні» аясында діни бірлестіктер өкілдері және басқарма, орталық қызметкерлері шіркеудің жұмыс істеу барысымен танысты.

Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар осындай форматтағы іс-шараларды өткізу бойынша ой-пікірлерімен бөлісті.



18 Января 2019 Мемлекеттік емес ұйымдарға арналған хабарландыру

Шығыс Қазақстсан облысы ішкі саясат басқармасы Үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына кезекті есеп кезеңінің өтуі туралы хабарлайды. Ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді ұсыну мерзімі 2019 жылғы 1 сәуірде аяқталады.

Детальное описание: 

Шығыс Қазақстсан облысы ішкі саясат басқармасы Үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына кезекті есеп кезеңінің өтуі туралы хабарлайды. Ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді ұсыну мерзімі 2019 жылғы 1 сәуірде аяқталады.

Осыған байланысты жеке мекеме, қоғамдық бірлестік, қоғамдық, корпоративтік және жеке қорлар, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі нысанындағы үкіметтік емес ұйымдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктеріне infonpo.kz. веб-порталында электрондық есептілік нысанын уақтылы толтыру ұсынылады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ҮЕҰ дерекқорында тіркелу мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.

ҮЕҰ қызметі туралы мәліметтерді электрондық түрде infonpo.kz веб-портал арқылы ұсыну үшін Халыққа қызмет көрсету орталығының жақын жердегі бөлімшесінде (ХҚКО) электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу қажет.

Интернет арқылы тапсыруға мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін мәліметтерді пошта арқылы немесе қолма-қол қағаз және электрондық тасығыштарда (DOC, DOCX форматында CD-дискілерде немесе USB-флэш-жинақтағыштарда) тапсыру мүмкіндігі қалды.

ҮЕҰ қызметі туралы мәліметтерді ілеспе хатпен бірге пошта арқылы немесе қолма-қол мына мекенжайға жіберу қажет: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті.

ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді уақтылы ұсынбағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген.



ШҚО-да дін саласындағы құқық бұзушылықтар саны үш есеге азайды 17 Января 2019 ШҚО-да дін саласындағы құқық бұзушылықтар саны үш есеге азайды

Өскеменде Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығында Шығыс Қазақстан облысының діни бірлестіктер басшылары Клубының отырысы өтті.

Детальное описание: 

Өскеменде Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығында Шығыс Қазақстан облысының діни бірлестіктер басшылары Клубының отырысы өтті.

Күн тәртібінде облыстағы діни ахуал және дін саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ Клубтың ағымдағы жылға арналған жоспарын бекіту туралы мәселелер қаралды.

Отырыс барысында діни ахуалды талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Савет Әубәкіров Клуб қатысушыларын облыстағы діни ахуал туралы хабардар етті.

Оның айтуынша, аймақтағы діни ахуал тұрақты. 2018 жылы жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері бойынша Конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты оң бағалайтын халықтың үлесі 84% құрады.

Өз кезегінде діни бірлестіктермен байланыс және мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі бөлімнің басшысы Айтқұрман Тұрғанбаев дін саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

«Дін саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарға талдау жүргізу нәтижесінде, құқық бұзушылықтардың негізгі үлесі Өскемен және Семей қалаларында орын алған. Біздің облысымызда жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың түрлері: діни әдебиетті және діни мақсаттағы басқа да заттарды тарату, діни жоралғыларды ғибадат үйлерінен тыс жерлерде өткізу », - деп атап өтті Айтқұрман Тұрғанбаев.

Ескере кетсек, жыл басынан бері жүргізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде дін саласындағы құқық бұзушылықтар саны 2018 жылы (13 құқық бұзушылық) 2017 жылмен салыстырғанда 3 есеге (41 құқық бұзушылық) азайды.

Отырысты қорытындылай келе, Шығыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының басшысы Ануар Абдулдин Клуб мүшелерін 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспарымен таныстыра отырып, діни бірлестіктердің басшыларына 2018 жылы бірлесе атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында 2019 жыл жастар жылы болып жарияланған. Сондықтан да, ағымдағы жылы біздің жастарымыз деструктивті элементі бар діни ағымдардың жетегінде кетпеуі үшін, біздерге бірлесе отырып жастар арасында маңыздылығы бар іс-шаралар ұйымдастыру қажет. Іс-шараларға қатысу арқылы жастарымыз деструктивті діни ағымдардың ықпалына қарсы иммунитет қалыптастыратын болады»,-деді Клубтың отырысында Ануар Абдулдин.

Отырыс соңында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Клуб мүшелерінің ұсынымдары мен ұсыныстары қабылданды.

Айта кететін болсақ, 2018 жылы діни бірлестіктер басшыларының Клубымен қайырымдылық акциялары, сенбіліктер, спорттық жарыстар және діни бірлестіктерде Ашық есік күндері сияқты бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылды.



22 Декабря 2018 2018 жылғы 20 желтоқсанда Өскемен қаласында кезекті «Ашық есік күні» өтті.

Мереке қарсаңында түрлі конфессиялар өкілдері мен Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасының қызметкерлері Өскемен және Семей Епархиясына барып қайтты.

Детальное описание: 

2018 жылғы 20 желтоқсанда Өскемен қаласында кезекті «Ашық есік күні» өтті.

Мереке қарсаңында түрлі конфессиялар өкілдері мен Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасының қызметкерлері Өскемен және Семей Епархиясына барып қайтты.


Жоғарыда аталған іс-шараның мақсаты ұлтаралық, конфессияаралық бірлік пен діни бірлестіктер арасындағы өзара сыйластықты жақындастыру және нығайту, діни сенім ерекшеліктерімен танысу болып табылады.


Өскемен және Семей Епархиясының Епископы Амфилохий Андреев кафедралды соборы, Свято-Троицкий ерлер монастырі, Бауырлар үйі және жаңа Рухани-әкімшілік корпус бойынша экскурсия жүргізді.


«Ашық есік күніне» қатысушылар үстел басында конфессиялардың өзара                      іс-қимыл мәселелерін талқылап, пікір алмасты және Өскемен және Семей Епархиясының Епископы Амфилохийге экскурсияны ұйымдастырғаны және өткізгені үшін алғыс білдірді.


Осындай іс-шараларды өткізу әр түрлі конфессиялардың құндылықтарын жақындастыруға және байытуға ықпал ететінін атап өту қажет.



Облыс орталығында мемлекеттік органдардың діни бірлестіктермен өзара байланысының мүмкіндігін талқылады 29 Ноября 2018 Облыс орталығында мемлекеттік органдардың діни бірлестіктермен өзара байланысының мүмкіндігін талқылады

Өскеменде «Өзара іс-қимыл – бейбітшілікке бастар жол» өңірлік конференция-диалогы өтті.

Детальное описание: 

Өскеменде «Өзара іс-қимыл – бейбітшілікке бастар жол» өңірлік конференция-диалогы өтті.

Іс-шараға мемлекеттік, құқық қорғау органдары, діни бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар қатысты.

Конференция барысында қатысушылармен аймақтағы дінаралық диалогты сақтау, деструктивті діни ағымдарының салдарынан зардап шеккендерді оңалту, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері талқыланды.

Конференцияға қатысушы, Шемонайха ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Т. Степанованың айтуы бойынша, бұл конференция жергілікті атқарушы органдар үшін ғана маңызды емес, азаматтық институттар үшін де маңызды болып табылады. Өзара байланыс орнату арқылы ғана біз бірлік пен келісімді нығайтуға және қоғам мен мемлекеттің өркендеуіне үлес қоса аламыз.

Айта кететін болсақ, конференцияға дәріс оқуға арнайы «Нұр Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің және ҚР дінтанушылар конгресінің өкілдері шакырылды.

Іс-шараның соңында Қазақстандық қоғамның конфессияаралық бейбітшілігі мен келісімін нығайтуға, мемлекетіміздің дін саласындағы саясатын іске асыруға үлес қосқаны үшін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А. Нүсіпованың атынан облыстық дін істері басқармасы қызметкерлері мен аудандық және қалалық ішкі саясат бөлімдерінің мамандары марапатталды.



Өскеменде мектеп мұғалімдеріне діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу әдістерін оқытты 28 Ноября 2018 Өскеменде мектеп мұғалімдеріне діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу әдістерін оқытты

Өскеменде облыстық дін істері басқармасы «Зайырлылық және дінтану негіздері қоғамдық сананы жаңғырту аясында» атты семинар өткізді.

Детальное описание: 


Өскеменде облыстық дін істері басқармасы «Зайырлылық және дінтану негіздері қоғамдық сананы жаңғырту аясында» атты семинар өткізді.

Семинар барысында Шығыс Қазақстан облысының мектеп мұғалімдері мен жоғарғы оқу орындарының студенттеріне діни экстремизм мен терроризм идеясын алдын алу мәселелері бойынша дәрістер оқылды.

Айта кететін болсақ, семинарда мұғалімдер, мемлекеттік қызметкерлер және т.б. ведомствалардың өкілдері қатысты.

Дін істері басқармасы басшысының м.а. С. Аубакировтың айтуы бойынша, бүгінгі таңда біздің жастар белгілі деңгейде экстремистік және террористік идеялар әсерінің алдында қорғаусыз болып келеді. Сондықтан да, өсіп келе жатқан ұрпаққа мектеп қабырғасынан дінтану бойынша білім беру өте маңызды болып табылады, -деді С. Аубакиров.

Семинар барысында негізгі сұрақтар бойынша баяндамалар оқылып, Шығыс Қазақстан облысының әр аумақтарынан келген қатысушылар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылды.

Іс-шараның соңында барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.


16 Ноября 2018 Өскеменде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда
Шығыс Қазақстан облысының дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлері облыстық Қорғаныс департаменті қызметкерлеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Детальное описание: 

Шығыс Қазақстан облысының дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлері облыстық Қорғаныс департаменті қызметкерлеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесудің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру және дін саласындағы 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама Концепциясын түсіндіру болып табылады.

Сонымен қатар, кездесу қатысушыларына орталық қызметкерлері тарапынан радикалды және экстремистік ағымдардың қоғамға ықпал етуі мен болмысы жайлы ақпараттар түсіндірілді.

Кездесудің соңында лекторлар Қорғаныс департаменті қызметкерлеріне толғандырып жүрген сұрақтарына жауап берді.



Өскеменде студенттерге деструктивті діни ағымдардың қауіпі туралы дәріс оқылды 6 Ноября 2018 Өскеменде студенттерге деструктивті діни ағымдардың қауіпі туралы дәріс оқылды

Өскеменде жоғары оқу орындарының студенттеріне терроризм мен экстремизмнің алдын алу, радикалды діни ағымдар туралы мағлұмат беру үшін арнайы дәрістер оқылды.

Детальное описание: 

Өскеменде жоғары оқу орындарының студенттеріне терроризм мен экстремизмнің алдын алу, радикалды діни ағымдар туралы мағлұмат беру үшін арнайы дәрістер оқылды.

Жалпы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының мақсаты жастардың санасында діни түсінікті қалыптастырып, дұрыс бағыт-бағдар беру.

        «Негізгі ауылды жерден қалаға оқуға келген балалар жиі деструктивті діни ағымдар ұстанушыларының ықпалына еріп кетеді. Себебі, теріс ағымда жүргендер жастардың діни білімінің жоқ екенін пайдаланып, ақырындап өздеріне тарта бастайды да, исламды басқалай түсіндіреді. Бірінші курсқа жаңадан келген жас бала құранды да, исламды да білмейді. Содан теріс ағымға қалай кіріп кеткенін өзі де байқамай қалады»,-деді дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Дулат Жакиянов.

Дәріс барысында студенттерге дін істері басқармасының мамандарымен заңды тіркелген діни бірлестіктер мен 70-56-56 сенім телефоны туралы ақпараттар айтылды.

«Бүгінгі оқылған дәріс барысында біз сияқты жастарға керек ақпараттар айтылды. Себебі, көп нәрсені білмегендіктен түрлі жағдайларға тап болып, қателік жасамас үшін осындай дәрістер оқылу керек деп ойлаймын»,-деді Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенті Жайна Сақанова.

Айта кететін болсақ, жоспар бойынша жыл соңына дейін терроризм мен экстремизмнің алдын алу шаралары одан әрі жалғасын табады.




Новости 1 - 20 из 360
Начало | Пред. | 1 2 3 4 5 | След. | Конец
http://dinvko.gov.kz/rus/press-sluzhba/novosti/shy-ys-adaldy-alany/
http://www.akimvko.gov.kz/ru/
http://egov.kz/
http://www.akimvko.gov.kz/ru/tipovyie-voprosyi.html
http://akorda.kz/