Loading...
Русская версия  Казахская версия 
«ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
26.06.2019

2019 жылдың 19 маусымында Өскемен қаласында мақсаты деструктивті діни ағымдардың ықпалымен күресу әдістерін әзірлеу болып табылатын семинар – кеңес өтті

2019 жылдың 19 маусымында Өскемен қаласында мақсаты деструктивті діни ағымдардың ықпалымен күресу әдістерін әзірлеу болып табылатын семинар – кеңес өтті.

Саясаттану, теология саласындағы республикалық деңгейдегі сарапшылар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері семинар - кеңестің құрметті қонақтары болды.


Шығыс Қазақстан облысының Дін істері басқармасы басшылығымен ұйымдастырылған семинар – кеңеске қала және аудан әкімдерінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасарлары, ішкі саясат басшылары шақырылды.


Іс-шара барысында қатысушылар жергілікті атқарушы органдардың діни бірлестіктермен алдын алу жұмыстарын жүргізу шеңберіндегі өзара іс-қимылын талқылады.


Іс-шара аясында сарапшылар интернет-ресурстар арқылы деструктивті діни ағымдармен ақпараттық соғыстарды жүргізу тетіктері және діни террористік насихатшылардың қармағына түсіп қалмаудың жолдары туралы хабардар етті.


Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жанындағы республикалық ақпараттық - түсіндіру тобының саясаттанушы – эксперті Руслан Иржановтың айтуынша адамға тиімді ақпараттық әсер ету, ол үшін маңызды, оған таныс беделді адамдар, қоғамдық пікір көшбасшылары арқылы жүзеге асырылады.


Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің дін мәселелері жөніндегі ғылыми- зерттеу және талдау орталығының бөлім бастығы Жарас Аханов өз тәжірибесімен бөлісіп, қатысушыларға «Терісті оңға айналдыр» әдістемесін қатысушыларға ұсынды.


Адам белгілі бір хабарламаны, оны шынайы деп қабылдамағандықтан, бас кезінде еш елемей қояды да, белгілі бір уақыт өткен соң, біртіндеп ол хабарламаның шынайылығына сене бастайды, - деп атап өтті Жарас Аханов   


Сондай-ақ, семинар - кеңестің барысында қатысушыларға деструктивті діни ағымдардың ықтимал қауіпті тартушыларын қалай анықтап, өңір аудандарында экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласында жүргізіліп жатқан жұмыстарды талқылады.


Іс-шара соңында Шығыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасының басшысы Ануар Абдулдин бүгінгі семинар - кеңеске шақырылған лекторлардың тәжірибесін қатысушылар діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша одан әрі жұмыс істеу үшін пайдаланатынын атап өтті. Осы семинар - кеңесте алынған ақпарат маңызды болып табылады және ақпараттық - түсіндіру топтарының тиімді жұмысына ықпал етеді.





Возврат к списку

http://dinvko.gov.kz/rus/press-sluzhba/novosti/shy-ys-adaldy-alany/
http://www.akimvko.gov.kz/ru/
http://egov.kz/
http://www.akimvko.gov.kz/ru/tipovyie-voprosyi.html
http://akorda.kz/