Loading...
Русская версия  Казахская версия
«ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

24 Апреля 2018 2018 жылғы 17 – 18 сәуірде Жарма ауданында дін мәселелері жөніндегі облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс атқарды
Қазақстан Республикасының діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының стратегиялық мақсаты діни экстремизмнің зорлық-зомбылық көріністері мен терроризм қауіптерінен адамның, қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігі болып табылады. Детальное описание:

Қазақстан Республикасының діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының стратегиялық мақсаты діни экстремизмнің зорлық-зомбылық көріністері мен терроризм қауіптерінен адамның, қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігі болып табылады.

Бағдарламаны іске асыру барысында ағымдағы жылдың 17-18 сәуірде аралығында Жарма ауданының тұрғындарымен дін мәселелері жөніндегі облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы 21 кездесу өткізіп, 757 адам қамтыды.

Топ құрамында Шығыс Қазақстан облысының дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлері А. Сабалакова, М. Амринова, Д. Жақиянов, Е. Қожанжаров болды.

Түсіндіру жұмыстары Шар қаласы, Жаңғызтөбе кенті, Қалбатау, Шуақ ауылдарының тұрғындары арасында жүргізілді. Кездесуге колледж студенттері, мемлекеттік, қоғамдық және жеке мекеме қызметкерлерінің ұжымдары қатысты. Жоғарғы сынып оқушыларына арналған «Сақ бол, жас түлек!» акциясы өткізілді.

Аудан халқына дін саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері, Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты мен міндеттері, облысымыздағы діни ахуалдың жағдайы, деструктивті діни ағымдардан сақтанудың жолдары, ұлттық құндылықтардың дәстүрлі дін мен сабақтастығы, діни экстремизм мен терроризмнің қоғамға қауіптілігі жөнінде ақпараттар берілді. Сонымен қатар, экстремистік және лаңкестік әрекеттерге шақыратын аудио, бейне, мәтіндік материалдарды ғаламтор-ресурстарында, әлеуметтік желілерде таратудың жауапкершіліктері туралы түсіндірілді.

Дін мәселелері бойынша туындаған сұрақтарға Шығыс-Қазақстан облысының дін мәселелерін зерттеу орталығының (87232)70-56-56, сенім телефондарына хабарласу арқылы жауап алуға болатындағы жөнінде тұрғындарға ақпарат берілді. Кездесуге қатысушыларға дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша кітапшалар, бүктемелер, парақшалар, визит-карталары таратылды.

23 Апреля 2018 ШҚО-да АҚТ мүшелері студенттермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде
Ағымдағы жылғы сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, мемлекеттің зайырлық қағидаттарын нығайту үшін, қоғамдағы конфессияаралық келісімді насихаттау, ұлттық және рухани құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ радикалды діни идеологияны және экстремизмнің алдын алу үшін ШҚО Дін істер басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары Өскемен қаласының орта-арнайы және жоғары оқу орындары студенттерімен кездесулер ұйымдастырып, өткізді. Детальное описание:

Ағымдағы жылғы сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, мемлекеттің зайырлық қағидаттарын нығайту үшін, қоғамдағы конфессияаралық келісімді насихаттау, ұлттық және рухани құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ радикалды діни идеологияны және экстремизмнің алдын алу үшін ШҚО Дін істер басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары Өскемен қаласының орта-арнайы және жоғары оқу орындары студенттерімен кездесулер ұйымдастырып, өткізді.

Аталған шаралардың мақсаты студенттердің діни сауаттылықтарын арттыру және белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру, дәстүрлі діни құндылықтарды және Қазақстан халқының дәстүрлерін насихаттау, деструктивтік діни ағымдардың кері әсері туралы қоғамды ақпараттандыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу.

Кездесулер барысында «Қатерлі жихадизм», «Внимание, так вербуют в секты!», «Деструктивті діни ағымдардың іс-әрекеттері туралы» атты тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

Кездесуге қатысушыларға деструктивті діни ағымдардың іс-қимылдарына қарсы шығу шаралары жайлы, сондай-ақ дін мәселелеріне байланысты материалдар таратылып, "сенім телефондары" жайлы ақпарат берілді.

Екі жоғары оқу орын (Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, Қазақстан – Американдық еркін университеті) және бес колледж (Техника – экономикалық, Стоматологиялық, Қазақстан – Американдық еркін университетінің колледжі, Экономика және қаржы, Қ.Нұрғалиев атындағы колледж) студенттерімен кездесулер өткізілді. Жалпы 600 астам адам қамтылды.

ШҚО-да діни бірлестіктер өкілдері Зырян ауданындағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетті 9 Апреля 2018 ШҚО-да діни бірлестіктер өкілдері Зырян ауданындағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетті

Шығыс Қазақстанның діни бірлестік өкілдері Зырян ауданының тасқыннан зардап шеккен тұрғындарына гуманитарлық көмек берді.

Әуелі Грехов ауылына ат басын тіреген дін өкілдері ондағы оңалту орталығында жатқан Малеев ауылының тұрғындарымен кездесті. Бұдан кейін Зубов кентіндегі тұрғындардың хал-жағдайын білді. Тұрғындар жергілікті әкімдік тарапынан да, облыс басшылығы тарапынан да уақтылы көмек жетіп жатқанын айтты. Діни бірлестік өкілдері зыряндықтарға 8 тоннадан астам ұн, макарон, жарма өнімдері мен күнбағыс майын, көрпе-жастық пен киім-кешек табыстады. Ал апатқа байланысты ашылған арнайы қорға 1 млн теңге аударылды.

Детальное описание:

Шығыс Қазақстанның діни бірлестік өкілдері Зырян ауданының тасқыннан зардап шеккен тұрғындарына гуманитарлық көмек берді.

Әуелі Грехов ауылына ат басын тіреген дін өкілдері ондағы оңалту орталығында жатқан Малеев ауылының тұрғындарымен кездесті. Бұдан кейін Зубов кентіндегі тұрғындардың хал-жағдайын білді. Тұрғындар жергілікті әкімдік тарапынан да, облыс басшылығы тарапынан да уақтылы көмек жетіп жатқанын айтты. Діни бірлестік өкілдері зыряндықтарға 8 тоннадан астам ұн, макарон, жарма өнімдері мен күнбағыс майын, көрпе-жастық пен киім-кешек табыстады. Ал апатқа байланысты ашылған арнайы қорға 1 млн теңге аударылды.

«Өңірде мұндай табиғи апат болып жатқанда діни бірлестік өкілдері де шет қалмады. Оларға тек қана метариалдық тұрғыдан көмек көрсетіп қоймай, елді сабырға шақырып, моральдық тұрғыдан демеу болғысы келді. Сол себептен осы сапарды ұйымдастырдық», - дейді облыстық дін істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Тимур Жігітаев.

5 Апреля 2018 Ашық үкімет
Детальное описание:

Ашық үкімет https://open.egov.kz

Екі жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемнің  дамыған 30 елінің қатарына кіру мақсатында бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадамды белгіледі. Солардың ішіндегі соңғы 10 қадам «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» реформасын іске асыруға бағытталған.Атап айтқанда, 94-ші қадамда Ашық үкіметті енгізу міндеттері белгіленген.

«Ашық үкіметтің» мақсаты - ашық және есеп беретін мемлекетті құру, азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және жаңа технологияларды мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру үшін қолдану болып табылады.

Ашық үкімет мынадай бес компоненттен тұрады: ашық деректер, ашық нормативтік құқықтық актілер, ашық диалог, ашық бюджеттер және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау.

Ашық нормативтік құқықтық актілер https://legalacts.egov.kz

Ашық нормативтік құқықтық актілер – Ашық үкіметтің тағы бір компоненті болып табылады. Бұл портал қоғамдық бастамаларды, мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын және де шешімдерін сараптауға азаматтардың қатысуын қамтамасыз етеді.

Осыған дейін электрондық үкімет порталында міндетті түрде мемлекеттік қызметтердің стандарттары талқыланған болса, «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» Заңының қабылдануының арқасында барлық заң жобалары, нормативтік құқықтық актілер жобалары міндетті түрде нормативтік құқықтық актілер интернет порталында қоғамдық талқылаудан өтеді.

2017 жылы порталға барлық облыстық басқармалар мен қалалардың, аудандардың әкімдіктері, дербес бөлімдер, ауылдық округтер 840 астам НҚА жобаларын орналастырды. Барлық келіп түскен пікірлер қаралды және жауаптар берілді.

Ашық бюджеттер www.budget.egov.kz

Портал азаматтардың мемлекеттік «бюджеттік жоспарлау» ұғымының тұжырымдамасымен тереңірек танысып, бюджет қаражатының жұмсалуына қоғамдық бақылау арқылы белсенді азаматтық позициясын дамыту үшін құрылған.

Ашық бюджеттер порталында бюджеттік есептілік, шоғырландырылған қаржы есебі мен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері туралы ақпарат орналасқан. Сондай-ақ, бюджеттік бағдарлама жобаларының және өткен қаржылық жыл бойынша бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерінің қоғамдық талқылауы өтеді.

Қоғамдық талқылау, мемлекеттік бюджет қаражатын бөлу үрдісіне халықтың белсенді қатысуы арқылы, азаматтар мен үкімет арасындағы өзара қатынасты нығайтуға бағытталған. Азаматтар, мемлекеттік органдар ескеріп, алдағы жұмыстарында есепке ала алатын ұсыныстарды, бюджеттік бағдарламалар жобалары/бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептері бойынша ой-пікірлерді енгізуге құқығы бар.

2017 жылы порталға барлық облыстық басқармалар мен қалалардың, аудандардың әкімдіктері, дербес бөлімдер, ауылдық округтер 2597 астам бюджеттік бағдарламалар жобаларын, іске асыру туралы есептерді орналастырды.

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік органдарының бюджеттік бағдарламалары жобаларына 2017 жылы және 2018 жылдың 1-тоқсанында пікірлер түскен жоқ.

ШҚО-да Наурыз мейрамы қарсаңында игі іс-шаралар өткізілді 28 Марта 2018 ШҚО-да Наурыз мейрамы қарсаңында игі іс-шаралар өткізілді
Облыстық дін істері басқармасы мен дін мәселелерін зерттеу орталығының мұрындық болуымен «Жақыныңа жәрдем ет» атты акциясы басталды. Наурыз мейрамының қарсаңында игі шараны қолға алған басқарма қызметкерлері.

Детальное описание:

Облыстық дін істері басқармасы мен дін мәселелерін зерттеу орталығының мұрындық болуымен «Жақыныңа жәрдем ет» атты акциясы басталды. Наурыз мейрамының қарсаңында игі шараны қолға алған басқарма қызметкерлері.

Өскемендегі аз қамтылған отбасылар мен тыл ардагерлерінің шаңырағына бас сұғып, сый-тартуларын табыс етті.

Шараның ұйымдастырушылары бір топ тілшімен бірге әуелі Жаңа Согра ауданындағы көп қабатты үйлердің біріне ат басын тіреді. Мұнда Социалистік Еңбек Ері, тыл ардагері – Иван Пастушенко тұрады. Қонақтарын қуана қарсы алған қарт, емен-жарқын әңгімеге көшті. Жастық шағын ат үстінде өткізген ақсақал әлі де болса тың, анық сөйлейді екен. Кезінде бірқатар басқармаларда басшы болғанын айтып, марқайып қалды...

– Соңғы бес жылда он үш жақынымды жер қойнауына тапсырдым – деген жалғызбасты қария ауыр күрсініп қойды. – Сағынамын, өлердей сағынамын. Тек осындағы көз көрген бірлі-жарым достарым бар. Солар ғана менің көңіліме медеу.

Осыны айтқан қарт қимай қоштасып қала берді. Ал біздің келесі аялдамамыз қаланың ортасындағы Космический көшесінде орналасқан үшінші үй болды. Ғимарат есігінен ене аңғардық, бұл отбасылық жатақхана екен. Әлдеқандай ыс исі қолқаны қапқан күңгірт дәлізбен бесінші қабатқа көтерілдік. Шағын ғана бөлме есігі ашылғанда, бізді Анар есімді ана төрт баласымен қарсы алды. Басқарма қызметкерлері азық-түлік толы жәшікті ошақ иесінің қолына ұстатқаннан соң, бізде сыр тартып, әңгіме өрбіттік. Үйдің тұңғышы – кесте тігер биыл мектепті тәмамдайды. Ал кенже ұл балабақшада. Анар өзі үй шаруасында екен. Ал жолдасы қарапайым сантехик боп, нәпақасын тауып жүрген көрінеді.

– Баспанаға кезекке тұрдық. Біраз жыл өтті. Қажетті қаржыны да салып қойғанбыз. Тек кезегіміз келер емес, – дейді Анар Әміренова.

Біз төрт қарагөзбен қоштасып, шығып бара жатқанда Анар да сый-сияпат үшін алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

– Наурызда жақсылық жасау, игі істерді қолға алу дәстүрімізде бар. Сондықтан биылғы Ұлыстың ұлы күнінде мұқтаж жандарға аз да болсын көмек көрсеттік. Осы ниетте он отбасыға «қонаққа» бармақпыз, – дейді аталған басқарманың діни бірлестіктермен байланыс және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Айтқұрман Тұрғанбаев.

Дерек көзі: «Дидар» газеті

20 Марта 2018 Тамаша көктем мейрамы - Наурыз құтты болсын!
Детальное описание:

15 Марта 2018 Аягөз қаласында мектеп психологтарына «Жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу: психологиялық аспектілері» тақырыбында тренинг өткізілді
Аягөз қаласында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары аясында Шығыс Қазақстан облысының Дін істері Басқармасының бастауымен, «Жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу: психологиялық аспектілері» тақырыбында тренинг өтті. Іс-шараның басты мақсаты – оқушы жастардың деструктивті элементтері бар діни ағымдардың ықпалына түсудегі психологиялық аспектілерді түсіндіру және жастар арасында діни экстремизмнің алдын-алу болып табылады. Детальное описание:

Аягөз қаласында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары аясында Шығыс Қазақстан облысының Дін істері Басқармасының бастауымен, «Жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу: психологиялық аспектілері» тақырыбында тренинг өтті. Іс-шараның басты мақсаты – оқушы жастардың деструктивті элементтері бар діни ағымдардың ықпалына түсудегі психологиялық аспектілерді түсіндіру және жастар арасында діни экстремизмнің алдын-алу болып табылады.

Аталған іс-шараға ауданның 20-дан аса ауылдық округтердегі мектептерден, Аягөз қаласының орта мектептерінен 40-тан аса психологмамандар қатысты. Айта кетсек, мектеп психологтарынан басқа осы аталмыш тренингке аудан орталығында орналасқан 4 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің психологтары да қатысқан болатын.

Тренингке қатысушылар тек теориялық қана білім алып қоймай, сонымен қатар діни экстремизмнің алдын-алудың психологиялық аспектілері бойынша тәжірибе жинақтады.

«Аталған тренинг уақытылы өткізіліп отыр.Себебі көп ауылдар аудан орталығынан шалғай орналасқандықтан, психологмұғалімдерге өз біліктілігін көтеруге, өзін-өзі дамытуға осындай тренингтар қажет. Өйткені, ауылдарда материалдық-техникалық базаның, кітапханаларда Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын айқындайтынмағлұматтар жоқ деседе болады...»

Тренинг барысында психологтармен дін саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды тұстары да талқыланды. Мысалы, қатысушылардың ой-пікірін туғызған діни киім үлгілерін мектепте кию мәселесі болды. Дін мәселелерін зерттеу психолгы А. Муратханова мектепте діни киім киетін балалармен және олардың ата-аналарымен қалай жұмыс істеу керектігін және олармен әңгіме жүргізудің әдіс-тәсілдерінің қыр-сырларын түсіндіріп берді.

Қатысушыларға ақпараттық-түсіндірме сипатындағы аудио, бейне материалдар жиынтығы бар таспалар, бүктемелер, кітапшалар, парақшалар таратылды.

Тренинг қорытындысы бойынша Аягөз ауданына қарасты жалпы білім беретін мектептермен мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің 42 психологмамандарына тренинг курстарын бітіргендерін растайтын сертификаттар берілді.

7 Марта 2018 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!
Детальное описание:

1 Февраля 2018 Нұрлан Ермекбаев Мәжіліс депутаттарына коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша заң жобасын ұсынды

31 қаңтар күні ҚР Парламентінің Мәжілісі «Коммерциялық емес ұйымдар қызметінің мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады.

Депутаттарға Заң жобасын ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев таныстырды.
Детальное описание:

31 қаңтар күні ҚР Парламентінің Мәжілісі «Коммерциялық емес ұйымдар қызметінің мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады.

Депутаттарға Заң жобасын ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев таныстырды.

Заң жобасының мақсаты мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ҮЕҰ көрсетілетін қызметінің сапасын арттыру, құзыретті органға мәліметтер беретін үкіметтік емес ұйымдардың тізімін оңтайландыру саласында заңнаманы жетілдіру болып табылады.

Заң жобасымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне және 5 салалық Заңға өзгерістер енгізіледі.

Министрдің айтуынша, заң жобасында тұрғындардың қажеттілігін талдау және сараптау, ҮЕҰ ұсыныстары негізінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру үрдісіндегі бірыңғай әдістер белгіленді. «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру» түсінігін енгізу ұсынылды.

«Негізгі жаңалықтардың бірі – азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік органдарға өздерінің ұсыныстарын енгізу арқылы осы үдеріске белсенді қатысуға мүмкіндік беру болып табылады»,- деп түсіндірді министр Н. Ермекбаев.

Жобаның тиімділігі және халықтың қызмет сапасына қанағаттану деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін бағалауды енгізу жоспарлануда. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың сапасына, шарттарына, мазмұнына бірыңғай талаптар мен стандарттар, сонымен бірге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ҮЕҰ көрсететін әлеуметтік жобалар нәтижелерін бағалаудың критерийлерін енгізу ұсынылуда.

Заң жобасының шеңберінде сыйлықақылар мен гранттар тағайындау механизмі жетілдірілді. Сонымен, сыйлықақылар ҮЕҰ дерекқорына мәліметтер ұсынған ұйымдарға тағайындалады; сыйлықақы алуға өтінім беру құқығы ҮЕҰ өздеріне бекітіледі; сыйлықақы алмаған ҮЕҰ келесі жылдары сыйлықақы алу үшін өтінім бере алады; мүдделер қақтығысының алдын алу мақсатында ҮЕҰ үшін сыйлықақы тағайындау туралы шешімді қабылдау кезінде Үйлестіру кеңесінің мүшелерінің қарауына ұсыну алып тасталынды; жергілікті атқарушы органдар ҮЕҰ үшін гранттар тағайындау бойынша құзыретке ие болды.

Сонымен қоса, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, гранттар беру және сыйлықақы тағайындау бағыттары нақтылануда. «Азаматтық қоғамның дамуына өзара әрекеттестік, соның ішінде үкіметтік емес ұйымдардың тұрақтылығы мен әл-ауқатын күшейту» жаңа бағыты енгізіледі.

Іс-шараға Мәжіліс Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар қатысты.

1 Января 2018 Жаңа жылыңызбен!
Детальное описание:

29 Декабря 2017 Шығыс Қазақстан облысы діни ұйымдар басшыларының Клуб мәжілісі

2017 жыл 27 желтоқсандағы Шығыс Қазақстан облысы діни ұйымдар басшыларының Клубтың кезекті мәжілісі өтті.

Мәжіліске, ислам, православие, әр түрлі протестантық агымдардын, кришнайтық діни ұйымдардың басшылары және дін істері басқармасының, дін мәселелерін зерттеу орталықтың басшыларымен, қызметкерлері қатысқан.
Детальное описание:

2017 жыл 27 желтоқсандағы Шығыс Қазақстан облысы діни ұйымдар басшыларының Клубтың кезекті мәжілісі өтті.

Мәжіліске, ислам, православие, әр түрлі протестантық агымдардын, кришнайтық діни ұйымдардың басшылары және дін істері басқармасының, дін мәселелерін зерттеу орталықтың басшыларымен, қызметкерлері қатысқан.

Мәжілістін негізгі талқыланған тақырыбы 2017-2020 жылдарға арналған діни саласындағы мемлекеттік саясаты туралы Тұжырымдамасы болды.

Қатысушылар күнтізбесі сұрақтарың қарап өздерінің пікірлерін айтты. Мәжілістін қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.

24 Декабря 2017 Антитеррор жадынама
Детальное описание:

15 Декабря 2017 Тәуелсіздік күнімен!
Детальное описание:

Семейде «Ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтаудағы отбасының рөлі» атты республикалық форум болып өтті 13 Декабря 2017 Семейде «Ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтаудағы отбасының рөлі» атты республикалық форум болып өтті
Семей қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтаудағы отбасының рөлі» республикалық форум ұйымдастырылды.

Детальное описание:

Семей қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтаудағы отбасының рөлі» республикалық форум ұйымдастырылды.

Жиын басталмас бұрын облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының ғимаратында Шығыс Қазақстан облысы Дін мәселелерін зерттеу орталығының жанындағы қолөнер шеберханаларының бұйымдарынан көрме өткізілді. Форумға қатысушылар қазақ халқының ұлттық мәдениеті және салт-дәстүрін дәріптейтін бұйымдармен танысты.

«Форум отбасылық құндылықтарды дамыту рөлін арту арқылы ұлттық біртектілік пен мәдениетті сақтау мақсатында өткізіліп отыр деді»,-өз сөзінде  ШҚО дін істері басқармасының басшысы Б. Әшімов.

Форум жұмысында қатысушылармен болашақ ұрпақты тәрбиелеуде рухани тәжірибенің маңыздылығын жоғарлату және  қоғамның мүмкіндігін пайдалану арқылы ұлттық рухани және отбасылық құндылықтарды тұрғындар арасында, оның ішінде жат діни ағымдардың ықпалына  тез бейімделетін жастар арасында насихаттау туралы мәселелер талқыланып, ұсыныстар мен сұрақтар көтерілді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілдері, ғалымдар, сарапшылар, жергілікті атқарушы органдардың, діни, этномәдени, қоғамдық, ардагерлер, жастар және  әйелдер ұйымдарының өкілдері,  мектеп директорларының тәрбие жөніндегі орынбасарлары және психологтары қатысты.

Форум соңында діни саласындағы тұрақтылығын сақтауға қосқан үлестері үшін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің алғыс хатымен облыстық Дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары, қолөнер шеберханаларының басшылары марапатталды.

Маңызды шараны ШҚО дін істері басқармасы және дін мәселелерін зерттеу орталығы ұйымдастырды.

20 Октября 2017 Өскеменде діни конфессиялар арасында спорттық сайыстар өткізілді

Рухани келісім күніне орай Шығыс Қазақстан облысында діни конфессиялар арасында шағын футбол мен волейболдан спорттық сайыстар болып өтті.
Детальное описание:

Рухани келісім күніне орай Шығыс Қазақстан облысында діни конфессиялар арасында шағын футбол мен волейболдан спорттық сайыстар болып өтті.

Өткізіліп отырған іс-шараның негізгі мақсаты конфессияаралық келісімді, діни толеранттылықты нығайту болып табылады.

Регламентке сәйкес екі спорт түрінен шағын футбол және волейболдан жарыс өткізілді. Сайысқа ҚМБД филиалы, Өскемен және Семей епархиясының және Інжілдік Мәсіхші Баптистердің шіркеуінің командалары қатысты.

Жалпыкомандалық есеп бойынша жүлделі орын алған командаларға кубоктар, мақтау қағаздары беріліп, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Бірінші орынды «Халифа Алтай» мешіті жеңіп алса, Орыс православтық шіркеуінің «София» командасы екінші орын алды. Үшінші орынды «Родник» Інжілдік Мәсіхші Баптистері шіркеуінің командасы жеңіп алды.

Діни бірлестіктердің өкілдері Шығыс Қазақстан облысының мақтау қағазымен марапатталды 18 Октября 2017 Діни бірлестіктердің өкілдері Шығыс Қазақстан облысының мақтау қағазымен марапатталды

Өскемен қаласында Рухани келісім күні аясында дөңгелек үстел өтті. Ауқымды шараға өңіріміздегі діни бірлестіктердің өкілдері, қала, аудандардағы ішкі саясат бөлімдерінің қызметкерлері, коғам белсенділері мен мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері келіп қатысты.

Детальное описание:

Өскемен қаласында Рухани келісім күні аясында дөңгелек үстел өтті. Ауқымды шараға өңіріміздегі діни бірлестіктердің өкілдері, қала, аудандардағы ішкі саясат бөлімдерінің қызметкерлері, коғам белсенділері мен мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері келіп қатысты.

– Барлықтарыңызды шын жүректен Рухани келісім күнімен құттықтағым келеді, –  деген облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова шараның шымылдығын өз сөзімен ашты, –  Біздің қоғамымыздың басты байлығы – өзара ынтымақтастық пен халықтың бір-біріне рухани жақын болуы екендігі айдан анық. Көпұлтты Шығыс Қазақстанда шоғырланған әр түрлі этнос пен конфессия өкілдері ортақ мүдде үшін еңбек етіп, тер төгуде. Осындай тамаша күнде сіздермен көрісіп отырғаныма шын қуаныштымын.

Сонымен қатар, дөңгелек үстелге қатысқан діни бірлестіктердің өкілдері де шеткері қалмай, жиылған қауымды Рухани келісім күнімен құттықтады.

Шара соңында облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова конфессияаралық қарым-қатынасты нығайтуға, дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға және қоғамдағы діни сауаттылықты арттыруға үлес қосқан жандарды марапаттады. Дін істері басқармасының Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Семей өңірі бойынша өкіл имамы Мақсат қажы Қуанышұлы, ҚМДБ-ның Өскемен өңірі бойынша өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы, Өскемен епархиялық басқармасының канцелярия меңгерушісі иерей Константин Дьяков және Шығыс Қазақстан облысы Облыстық драма театрының ұжымы Шығыс Қазақстан облысының және облыстық Дін істері басқармасының Мақтау қағазымен марапатталды.

6 Октября 2017 ШҚО-да облыстық семинар өтті
Өскемен қаласында «Деструктивті діни ағымдарға қарсы іс-әрекет жөніндегі мемлекеттік органдардың діни бірлестіктермен өзара іс-қимылы туралы» тақырыпта облыстық семинар болып өтті. Детальное описание:

Өскемен қаласында «Деструктивті діни ағымдарға қарсы іс-әрекет жөніндегі мемлекеттік органдардың діни бірлестіктермен өзара іс-қимылы туралы» тақырыпта облыстық семинар болып өтті. Семинар қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, қала және ауданның ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, діни бірлестіктер басшылары, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының, әскери бөлімдер мен құқық қорғау органдарының, БАҚ, партиялар, үкіметтік емес ұйымдар және қоғамдық бірлестіктер өкілдері үшін ұйымдастырылды.

Семинар барысында дінтанушы, Ph.D докторы, «Абу Ханифа» атындағы ғылыми - зерттеу орталығының ғылыми қызметкері,  «Дінтанушылар конгресі» ҚБ эксперті М.Исахан, ШҚО ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары С. Женісов, ҚМДБ-ның өкіл имамы «Халифа Алтай» мешітінің  бас имамы Е. Мұқатай, ШҚО талдау және болжау институты директоры  О.Чернышов, С. Аманжолов атындағы ШҚ мемлекеттік университетінің «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Е. Савчук және т.б. адамдар дәріс оқыды.

Айта кетсек, дәріс оқушылармен теріс діни ағымдарға тарту шаралары, дәстүрлі емес діни ағымдардың қауіп-қатерлері туралы және т.б. мәселелер көтерілді.

Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылды. Семинарға 140 –тан астам адам қатысты.

11 Сентября 2017 Діни аддикция мәселесінің өзектілігі
2017 жылдың 7 қыркүйегінде  Өскемен қаласы ШҚО Білім беру басқарамасы, «Шығыс»  өңірлік орталығының ұйымдастырылуымен  «Діни аддикция мәселесінің өзектілігі» тақырыбында облыстық семинар өтті. Детальное описание:

2017 жылдың 7 қыркүйегінде  Өскемен қаласы ШҚО Білім беру басқарамасы, «Шығыс»  өңірлік орталығының ұйымдастырылуымен  «Діни аддикция мәселесінің өзектілігі» тақырыбында облыстық семинар өтті.  Семинарға  аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, білім беру ұйымдарының психологтары қатысты.

ШҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығының зардап шеккендерге кеңестік көмек көрсету, алдын алу бойынша діни ағымдардың мәні бөлімінің меңгерушісі  Е. Құрманғалиев  өз баяндамасында деструктивті діни ұйымдары адептілерімен жұмыс жүргізу ерекшеліктеріне, осы ағымдарға тарту (вербовка) әдістері және олардың алу алу жұмыстары туралы айтып өтті.

Еліміздегі діни салада жүзеге асырылып жатқан  мемлекеттік саясат және оның міндеттерімен принциптері жайлы өз баяндамасында  діни ахуал мәселелерін зерттеу, талдау және мониторинг жүргізу бөлімінің маманы А.Сабалакова таныстырды. Қазақстанның дәстүрлі ұлттық құндылықтарын, тарихи және мәдени мұрасын сақтап қалуқоғамның адамгершілік және моральдық-рухани жай-күйін жақсарту және дамыту,  сондай-ақ радикализм мен экстремизмге қарсы күрестің  маңыздылығына тоқталып өтті.

7 Сентября 2017 «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға «Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы» ММ мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

«Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы» ММ
070004, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Карл Либкнехт көшесі, 19,
5-қабат, 508-кабинет; тел.8 (7232) 703424
e-mail: zh.alkanova@akimvko.gov.kz

Детальное описание:

«Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы» ММ

070004, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Карл Либкнехт көшесі, 19,

5-қабат, 508-кабинет; тел.8 (7232) 703424

e-mail: zh.alkanova@akimvko.gov.kz

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орнына осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

1. Басқарма басшысының орынбасары Д-О-2» санаты, 1 бірлік), лауазымдық  еңбекақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 163 233 теңгеден 220 697 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:  Жүктелген өкілеттігі шегінде басқарма жұмысына басшылық етеді және оның уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді. Тиісті құрылымдық бөлімшелердің жұмыстарын бағыллау және үйлестіру бойынша қызметіне басшылық етеді, өз құзіреті шегінде әкімшілік мәселелерді шешеді. Тауарлардың, қызметтер мен жұмыстарды жеткізушілермен қаржылық шарттарды уақытылы жасасу бойынша шаралар қабылдайды, олардың шарттық міндеттемелерін орындауын қадағалайды, қажет болған жағдайда, заңнамалық актілерде, шарттарда көзделген санкцияларды қолданады. Тауарларды, қызметтер мен жұмыстарды жеткізуші ұсынған жұмыстардың орындалуы туралы актілерге келісім жасайды және қабылдайды..

Дінсаласындағы мемлекеттік бағдарламалар мен мақсатты бағдарламаларға бақылау жасау мен үйлестіруді жүзеге асырады.   Дін саласындағы жоспарлардың әзірленуі мен келісім жасау жұмыстарына қатысуды қамтамасыз етеді. Діни ахуалды талдау және мониторинг, діни бірлестіктермен байланыстар, әкімшілік-қаржылық жұмыс бөлімінің қызметтерін үйлестіреді; өңірдегі діни ахуалды, діни бірлестіктердің, миссионерлердің, облыс көлемінде қызмет ететін миссионерлер мен діни білім беру ұйымдарының қызметтерін зерделеу және талдау бойынша жұмысты ұйымдастырады. Діни бірлестіктермен өзара қарым-қатынас жасау мәселелері бойынша қалалық және аудандық жергілікті атқарушы органдармен, құқыққорғау және басқа да мемлекеттік органдармен әрекет етеді. Облыс тұрғындары арасында дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады. Еңбек тәртібінің, еңбек тәртібі ережесінің, Регламенттің сақталуын, еңбек мотивациясының, қызметкерлердің бастамашылдығы мен белсенділігінің дамуын  қамтамасыз етеді; бақылау карточкаларының, «ҚБП» және «құпия» белгісі бар құжаттардың, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді; басқарма құзіретіне жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады; Басқарма қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштеріне бақылау жасауды қамтамасыз етеді; мемлекеттік сатып алу жөніндегі, тәртіптік, конкурстық, қызмет өтілін анықтау жөніндегі комиссия жұмысын ұйымдастырады; қаржы мәселелерін шешу мен көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасына жауапкершілікті алады; Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің тапсырмаларын, облыс әкімдігінің актілері мен облыс әкімі тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді, аймақтарды дамыту бағдарламасында көзделген мақсатты индикаторлардың жеткізілуіне бақылауды қамтамасыз етеді; басқарма құзіретіне жататын мәселелер бойынша есептік баяндамаларды дайындау бойынша жұмысқа бақылау жүргізеді.  «ШҚО дін мәселелерін зерттеу Орталығы» ЖШС қызметіне бақылауды жүзеге асырады; сапа менеджменті жүйесін қолдау бойынша жұмысты ұйымдастырады; «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі Мемлекеттік бағдарламасының» және басқа да салалық бағдарламалардың жүзеге асырылуына бақылау жасайды; өз құзіреті шегінде басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары  «Гуманитарлық ғылымдар» (дінтанушы, теолог, тарих, филология), «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (әлеуметтанушы, саясаттанушы, мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика, есеп және аудит, қаржы), «Құқық» (заңгер).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: Бастамашылық, адамдармен тіл табысу, аналитикалық талдау, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.**

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

1) нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті құзіреттер бойынша талаптар;

2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

3) «Қазақстан - 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

4) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда, азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағат бұрын кешіктірмей береді.

Оларды бермеген жағдайда конкурс комиссиясы тұлғаны әңгімелесуден өтуге жібермейді.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған (Уәкілетті органның интернет-ресурсында) күнінен бастап 3 жұмыс күні.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсыру қажет:

1)         осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2)         тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде мына мекенжайда: «ШҚО  дін істері басқармасы» ММ, Өскемен қаласы, Карл Либкнехт, 19, 5-қабат, 511-кабинетте өтеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар 5 жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Егер конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссия шешімімен келіспеген жағдайда олар Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне 5 жұмыс күн ішінде шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешіміне шағымды келесі мекен-жайға жолдауға болады: ШҚО, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік (Независимости) даңғылы, 4-үй.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының негізінде өткізіледі.

Анықтама телефоны: 8 (7232) 703424: e-mail: zh.alkanova@akimvko.gov.kz

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігінің сайты www.kyzmet.gov.kz.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының

2-қосымшасы

Нысан

(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені___________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

(қолы)                                                            (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының  3-қосымшасы

Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения

Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

күні/дата

22 Августа 2017 Қазақстанда дін туралы заңнамаға түзетулер енгізілуде

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде вице-министр Берік Арынның төрағалығымен  «Қазақстан Республикасының  кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын талқылау жөніндегі отырыс өтті.
Детальное описание:

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде вице-министр Берік Арынның төрағалығымен  «Қазақстан Республикасының  кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын талқылау жөніндегі отырыс өтті.

Аталған отырысқа Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының басшылық құрамы, имамдар, «УАҚЫП» қайрымдылық қорының және Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының өкілдері мен дінтанушы ғалымдар қатысты.

Кездесу барысында отырыстың ашылуында сөз алған вице-министр Берік Арын діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамада азаматтардың құқықтарына кепілдік беретін және қорғайтын, екінші жағынан дінді экстремистік және басқа да деструктивті мақсатта қолдану мүмкіндігін төмендетуге бағытталған құқықтық нормаларды қалыптастыру қажеттігін баса айтты.

Ал, дінтану сараптамасы басқармасының басшысы Мырзаев Балғабек заң жобасына енгізілетін жаңашылдықтарға тоқталды. Оның сөзінше, заң жобасында шетелде діни білім алу, қоғамдық орындарда адамның-бет бейнесін тұмшалайтын киім түрлерін киюді шектеу, дін қызметіне мемлекеттік қызметкерлердің қатысуы, дін жоралғылары бойынша некені қиғызуға қатысты жаңа нормалар қабылданатын болады.

Бұдан бөлек, заң жобасы аясында  БАҚ-та жарнамаланатын  және таратылатын деструктивтік идеологиялық ағымдардың  киім түрлерін киюге шектеу қою көзделген. Бұл өз кезегінде кәмелеттік жасына толмаған жасөспірімдердің заңсыз діни ағымдарға тартуға қатысты жауапкершілікті күшейтеді.

Отырыс барысында қатысушылар дін мәселелері бойынша заңнамалық актілерге ензілетін түзетулердің маңыздылығына тоқталды. Олардың айтуынша Заң жобасы діни экстремизм идеологияларының тарап кетуінің алдын-алу бойынша жалпы мемлекеттік жүйені қалыптасыру және мемлекеттің зайырлы қағидаттарын күшейтуге негіз бола алады.

Естеріңізге сала кетейік, аталған Заң жобасының толық нұсқасы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ресми сайтында және «Электронды Үкімет» порталында жарияланған.

Новости 61 - 80 из 376
Начало | Пред. | 2 3 4 5 6 | След. | Конец
http://dinvko.gov.kz/rus/press-sluzhba/novosti/shy-ys-adaldy-alany/
http://www.akimvko.gov.kz/ru/
http://egov.kz/
http://www.akimvko.gov.kz/ru/tipovyie-voprosyi.html
http://akorda.kz/
https://www.qazlatyn.kz/converter/text