Loading...
Русская версия  Казахская версия 
«ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

3 Июля 2017 Қазақстанда Дін саласындағы мемлекттік саясаттың тұжырымдамасы бекітілді
<p><strong>ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы 2017 жылғы 20 маусымындағы №500 Жарлыққа қол қойды.</strong></p> Детальное описание: 

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы 2017 жылғы 20 маусымындағы №500 Жарлыққа қол қойды.

Елбасының тиісті Жарлығы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

 

Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі әзірледі.

Тұжырымдаманың негізгі мақсаты мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастарды жетілдіруге бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру, мемлекеттің зайырлылық қағидаттарын нығайтуға және дінді деструктивті мақсатта пайдалануға жол бермеу болып табылады.

Тұжырымдамада дін саласындағы мемлекеттік саясаттың дамуының үш негізге басымдықтары айқындалған.

Бірінші басымдық болып заңнаманы жетілдіру мен мемлекеті және діни бірлестіктер арасындағы өзара іс-қимылды реттеу табылады.

Екінші – мемлекет дамуындағы зайырлық принциптерін нығайту. Құжатта «Мемлекеттің зайырлы құрылысы – Қазақстан халқының маңызды тарихи жетістігі», – делінген.

Тұжырымдама ар-ождан бостандығына және діни сеніміне деген азаматтардың құқықтарын, діни бірлестіктердің толымды қызмет атқаруын және ұлттық қауіпсіздікті, мемлекеттің конституциялық негіздерін жоюға, халықтың белгілі бір топтарының радикалдануына алып келетін деструктивті діни ағымдарға жол бермеуді қамтамасыз етеді.

Үшінші басымдық ретінде діни экстермизм мен деструктивті діни ағымдардың іс-әрекетіне қарсы тұру жүйесін дамыту анықталған.

Терроризм мен діни экстремизмге қарсы күресте маңызды рөлді деструктивті діни идеологияға азаматтардың иммунитетін қалыптастыру ойнайды.

Бұл мақсатта ақапраттық-түсіндірме жұмыстарына үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін, мәдениет және спорт қайраткерлерін белсенді атсалысуға тарту қарастырылған.

Аталған құжат дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қоғам институттарының құзыреті мен жауапкершілік аясын нақтылайды.

Білім беру, мәдениет, спорт, БАҚ, денсаулық сақтау, отбасы және неке институттары сияқты барлық салаларда кешенді жұмыс жүргізу қарастырылған.

Көрсетілген басымдықтарды жүзеге асыру 2020 жылға дейін жүргізіледі, оның нәтижесі ретінде қоғамдық санада зайырлық принциптерін нығайту, қоғамда діни қатынастар саласында радикалды және экстремистік көріністермен байланысты кез келген іс-қимылға мүлде төзбеушілікке қол жеткізу күтіледі.

Тұжырымдаманы іске асыру Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі құндылықтары мен қағидаттарын жаңа геосаяси ахуал мен ұлттық қауіпсіздіктің ішкі және сыртқы сын-тегеуріндеріне уақтылы ден қою тұрғысынан одан әрі жүзеге асыруға  ықпал ететін болады. 


19 Июня 2017 Жалған мен шындықтың арасы ашылды...
Жалған дін ұстанушылардың қоғамда іріткі салушы іс-әрекеттерін әшкерелеу мақсатында Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасының тапсырысымен 2017 жылдың 12 маусымда Металлургтер мәдениет сарайында «Жалған мен шындық» спектаклі көрсетілді. Детальное описание: 

Жалған дін ұстанушылардың қоғамда іріткі салушы іс-әрекеттерін әшкерелеу мақсатында Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасының тапсырысымен 2017 жылдың 12 маусымда Металлургтер мәдениет сарайында «Жалған мен шындық» спектаклі көрсетілді.



Бүгінгі таңда теріс бағыттағы ақпарат салдарынан көптеген адамдар жат ағымдардың арбауына түсіп , «жиһадты» қару алып соғысу деп біржақты түсінеді. Соның салдарынан отбасынан алыстап, мінез-құлқы өзгеріп, «кәпірлерге» соғыс ашып, шетел асып жатады. Мұның бәрі діни білімнің таяздығы немесе бір ғана «Жиһад» сөзін тек соғысу мағынасында түсіну салдарынан.



Аталмыш қойылымда шын дін мен, жын діннің арасында қалып қойған отбасылық жұп Құдайберген мен Гаухардың оқиғасына арналады. Құдайберген шын дінді ұғынамын деп жүріп, Сағит сияқты алаяқтың арбауына түсіп қалады. Сағит «Алла жолында игі іс жасап, «жиһадқа» аттанамыз,- деп Құдайберген сынды жігіттерді арам істеріне қолшоқпар ретінде пайдаланбақ ойы болады.



Сағиттың қасында жүрген, нағыз досы  Дарханнның аяқ астынан  құпия агент болып шыққаны күтпеген жәйт болды.  Спектаклдің  шарықтау шегі ретінде Құдайбергеннің екі оттың арасында қалып,  жалған ахи болып жүрген Сағиттың сөзіне сенерін білмей, шетел асып кетпей қасымда қал деген жан жары Гаухардың шындығына сене алмай екі ойлы болып тұрған сәті көрермендерді бей жай қалдырмайтыны рас. Гаухардың сөзі шындыққа жанасқанымен, Алланы тануға үйреткен «ахи» Сағиттың өтірігі де нанымды болып тұрды.



Спектакль соңында «сақалды саясатқа», «балақты бағдарға айналдырған» адамның өмірін табыс көзі ретінде санаған Сағит сияқты алаяқтың түрмеге ұсталуымен аяқталады.  Гаухар мен Құдайберген шектеулі өмір салтынан біржолата құтылып, көп жылдан бері қол үзіп кеткен ата-анасымен қауышуға бел байлайды.



Бұл спектакль Шығыс Қазақстан обылыс бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Өскемен қаласында орналасқан ОВ 156/ 3 түзету мекемесінде жазасын өтеушілердің  де назарына ұсынылды.




19 Июня 2017 Астанада Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың халыққа есеп беру кездесуі өтті
2017 жылғы 16 маусымда Астана қаласында Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың халыққа есеп беру кездесуі өтті. Детальное описание: 

2017 жылғы 16 маусымда Астана қаласында Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың халыққа есеп беру кездесуі өтті.

Өзінің баяндамасында Н.Ермекбаев ведомствоның 2016 жылы атқарған жұмыстың негізгі нәтижелері туралы, сонымен қатар болашақта министрліктің алдына қойылған басты міндеттер туралы толық айтып берді.

«Министрліктің құрылғанынан бастап бастап біздің барлық күшіміз адамдардың өмірін жайлы және қауіпсіз, олардың құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталады. Біз жауап беретін салаларда мемлекеттік саясаттың әрбір қазақстандық үшін түсінікті және айқын болуына тырысудамыз.

Осы жұмыстағы басты мақсат – азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету, мемлекет пен азаматтық қоғам күштерін біріктіру, зайырлы және демократиялық принциптерді нығайту», - деп атап өтті министр.

Қазіргі таңда елімізде 18 конфессия жұмыс істейді. Олар 3 658 діни бірлестікке біріккен. Қазақстандықтардың 15% діндар адамдар, яғни діни рәсімдерді тұрақты орындайтындар. Азаматтардың 75% Құдайға сенеді, бірақ тұрақты түрде діни жораларды орындамайды және діни бірлестіктер қызметіне тартылмаған. Азаматтардың шамамен 10%-ы өздерін  атеист немесе агностик деп санайды.

Министрліктің дін саласындағы басты басымдығы -  кез келген радикалды діни ағымдарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, мемлекеттің зайырлылық принциптерін нығайту.

«Зерттеулер нәтижелері азаматтардың көбі зайырлылық құндылықтарын жоғалтып алуға болмайтын игілік деп есептейтінін көрсетті.  Бұл ретте – зайырлы мемлекет –атеист мемлекет емес екенін атап өткім келеді», - деді министр.

Қазіргі уақытта министрліктің үйлестіруімен экстремизм мен терроризмнің профилактикасы бойынша жүйелі жұмыс жолға қойылды. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өз жұмысын бастады.

Ведомствоаралық өзара іс-қимылдың бірқатар маңызды нәтижесі ретінде ғибадат орындарының маңайында қауіпсіздіктің күшейтілгенін атап өтуге болады. Бұл жұмыстың нәтижесінде мешіттерде тәртіп бұзу үлесі бірден төмендеді. Сонымен қатар, діни материалдарды тарату арналарына тұрақты мониторинг жасау жолға қойылды. 2016 жылы тек біздің министрлік 10750  сайтты зерделеді. Оның ішінде 1500 жуық сайттардан заңсыз контент табылып, олар заң тәртібімен жабылды. 2017 жылы мониторинг объективіне 6 мыңнан астам сайт түсті. Оның ішінде 900-і заңсыз контент таратқан.

Бұған қоса әлеуметтік желілерге, кітап, баспа өнімдеріне сараптама жүргізіледі.2017 жылы 1,5 мыңнан астам объекті сараптамадан өтті. Оның ішінде 54 материал құқыққа қайшы контенті бар деп танылды. Сонымен қатар Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің барлық кітапхана қорына сараптама жүргізілді. Оның барысында 2017 жылы 13 кітап деструктивті мазмұнда деп табылды.

Министрлік жұмысының тағы да бір маңызды нәтижесі - экстремизмнің алдын алу саласында Қайта даярлау институтын құруы. Ол министрліктің әдістемелік қолдауымен «Нұр Мүбарак» университеті базасында жұмыс істейді. 2016 жылдың қазан айынан бастап осы институттан 40 имам мен теолог мамандар дайындықтан өтті.

Тәуекел топтарын оңалту жүйесі жолға қойылды. Негізгі әріптестеріміздің бірі «Ақниет» оңалту орталығы. Ол бас бостандығынан айыру орындарында радикалды дінге сенушілермен жұмыс істейді. 2016 жыл ішінде «ақниет мүшелері» 90 түзету мекемесінде жұмыс істеді. Ағымдағы жылы олар 15 мекемені қамтыды.

Өңірлердегі деструктивті секталардан зардап шеккендерге көмектесуге мүмкіндік беру бойынша жұмыс атқарылып келеді. Ол үшін Үкіметтік емес ұйымдар бірлесіп кеңес беру орталықтар желісі құрылды. Бұл жоба бойынша 24 Үкіметтік емес ұйымдар министрліктің серіктесі болды.Министрдің айтуы бойынша, ерекше назарды қажет ететін өңірлерде тек кеңес беру орталықтары емес, сондай-ақ толық қызмет көрсететін психологиялық оңалту қызметтері бар.

Үлкен көмекті «Қауырт желі -114» көрсетіп келеді. Бұл жоба азаматтарға тек консультация беріп қана қоймай, құқық бұзушылық туралы сигналдарға жедел ден қоюға мүмкіндік берді.

Қазіргі таңда Министрлік заңдарға өзгерістер енгізу топтамасын әзірледі. Топтама негізін «Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы» құрайды. Ол мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастың жаңа форматын ұсынады.

Топтаманың екінші бөлігі - «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар жөніндегі» Заң жобасы. Қазір ол әзірлену үстінде.

Жоба келесі нормаларды ұсынады: шетелде діни білім алуды реттеу; қоғамдық орындарда адамның түрін тануға кедергі келтіретін киімдерге заңмен тыйым салу; діни бірлестіктердің қаржылық ашықтығын қамтамасыз ету; діни көзқарасқа қарамастан барлық санаттағы адамдардың, деструктивті «(теріс) идеологиялық, соның ішінде діни ағымдардың сыртқы көріністеріне тыйым салу құқығын қорғау; мемлекеттік қызметшілердің діни қызметке қатысуын реттеу; кәмелет жасқа толмағандарды діни қызметке заңсыз тартуға жауапкершілікті күшейту.

Бұдан басқа осы заң жобасында «құдайға құлшылық ету», «діни әдебиет», «діни радикализм», «деструктивті діни ағым» және тағы басқалар сияқты бірқатар түсініктердің анықтамасы нақтыланады.

«Осы жұмыстағы негізгі мақсат – еліміздің болашағының қауіпсіздігі. Радикалды діни бағыттардың қауіпті мәнін, дәстүрлі діни негіздер мен олардың арасындағы айырмашылықтарды тауып, адамдардың түсінгені бізге маңызды»., - деп атап өтті министр.

Министрлік жұмысының тағы да бір жауапты бағыты – дінге қызығушылығы бар азаматтардың діни ақпараттандырылуын және олардың діни сауаттылығын арттыруды қамтамасыз ету. Еліміз бойынша 306 арнайы теологиялық және ақпараттық топтар жұмыс жасайды. Олардың құрамында – 3500-нан астам адам дінтанушылар, теологтар, ҮЕҰ, діни бірлестіктердің белсенділері мен сарапшылары қатарынан. Министрлік өткен жылы осы топтарға 50 әдістемелік нұсқаулық пен басшылық әзірледі. 3000 дәріскерге арнайы оқу бағдарламасы бойынша  арнайы курстар жүргізілді.

 

Ведомство басшысы министрліктің дайын үлгілер мен қалыптардан бас тартып, ақпараттық жұмыс санын емес, сапасын арттыруға акцент жасайтынына назар аударды.

Министр азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл мәселелеріне тоқтала келе, бұл мәселе бойынша бірінші кезекте үздіксіз ашық диалог орнату маңыздылығы туралы айтты.

Министрлік өткен жылдың аяғында, бір алаңда еліміздің барлық өңірлерінен 300-ден аса үкіметтік емес ұйымдары жиналған VII азаматтық форумын өткізді. ҮЕҰ-мен бірге VII азаматтық форумының ұсыныстар жоспары әзірленді.

Биыл алғаш рет шілде-қыркүйек аралығында өтетін ҮЕҰ арналған сыйақы конкурсы өтеді.

Министрлік ҮЕҰ-мен ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру кеңесінің аясында қоғамның өзекті мәселелерін анықтау бойынша үнемі мониторинг жүргізіп отырады. Бірінші тоқсанында министрлік әртүрлі саладағы үкіметтік емес ұйымдармен бірге 130 әлеуметтік өзекті мәселелерді анықтады.

Н.Ермекбаев ҮЕҰ осы форматтағы жұмысты кеңейту туралы ұсыныс бергенін атап өтті. Нәтижесінде мемлекеттік органдар бірінші басшыларының ҮЕҰ өкілдерімен кездесу кестесін Үкімет бекітті. Осылайша, ұсыныстар, мәселелерді және идеяларды тікелей өңірлер мен министрліктер басшыларына жеткізудің тағы бір жолы пайда болды.

Министрлік үкіметтік емес ұйымдармен бірігіп, азаматтық қоғам саласындағы заңнаманы жетілдіруін жалғасатырып келеді. 2016 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тиімділігін және бағалауын қалыптастыруда азаматтардың міндетті түрде қатысуын ұсынатын «Коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы әзірленді.

ҮЕҰ-мен жұмыстан бөлек министрлікке еріктілік және қоғамдық кеңестердің саласындағы функциясы бекітілген.

Министрлік Парламент депутаттарымен бірлесе 2016 және 2017 жылдары «Волонтерлік қызмет туралы» заң жобасын аяқтады. Оның негізінде «Есепке алу және мониторинг жүргізу тізімінің» Типтік ережелері дайындалды.

Қазіргі уақытта жергілікті өңірде жұмыс істеп тұрған еріктілер ұйымдарының біліктілігі мен оларды тарту мүмкіндігі жайлы ақпаратты тез арада алауға мүмкіндік беретін Қазақстаның ерікті ұйымдары мен топтарының картасы әзірленуде.

Сонымен қатар, қоғамдық кеңестердің құқықтық базасы жетілдірілуде. Жылдың екінші жартысында кеңестерді жетілдіру бойынша барлық бастамалары мен жаңалықтары берілетін Қоғамдық кеңестердің бірінші Мәжілісі өтеді.

Министрлік үкіметтік емес ұйымдармен гранттар және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде жобалық ынтымақтастықты дамытуда. 2017 жылы гранттық қаржыландыру 3 есеге артып, 650 млн. теңгені құрады.

Жылдың басында эксперттік комиссия 42 грантты берді. Барлығы 183 ұйымнан 320 өтініштер қарастырылды.

«Біз 2016 жылы жобалардың тек қана республикалық деңгейде болуы жайлы үкіметтік емес ұйымдардың сынын ескердік. Биыл гранттардың үштен бір бөлігі өңірлердегі жұмысты және жергілікті қауымдастықтың дамуын ескереді. Кейін бұл тенденция ары қарай дами беретін болады», - деді спикер.

Осы жылы «АСАР» үш жақты ынтымақтастық форумның өтуі алғаш рет жоспарлануда. Форум үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік идеясын ұсынудың, әлеуметтік кәсіпкерліктің және бизнеспен ынтымақтасудың алаңы болмақ.

Министрлік ҮЕҰ Дерекқор базасын толтыру бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Қазіргі таңда Дерекқорда 3000 жуық қазақстандық және шетел ұйымдарының тәжірибесі көрсетілді. Осы жылдан бастап Дерекқор базасына мәліметтерді онлайн түрде беруге болады. Күзде Дерекқордағы мәліметтерге барша халық қолжетімлікке ие болады.

«Жастармен жұмыс істеуде біз мемлекет пен қоғамның даму процесін белсенді  біріктіруді көздедік», - деп баяндамасын жалғастырды министр.

Өткен жылы Республикалық жастар форумы өтті. Шараның басты нәтижесі жастар және жастар ұйымдарымен ынтымақтастықты дамыту бойынша Үкіметке берілген ұсыныстар болды.

Белсенді жастарды қолдайтын тағы бір маңызды жоба «Дарын» Мемлекеттік сыйлығы. Оның көмегімен жастардың ғылыми және шығармашылық ұмтылыстары ынталандырылады. Өнер, спорт, ғылым, шығармашылық саласында түрлі номинациялар бойынша 26 жас  лауреат атанды.

Қаңтар айында өңірлердегі жастардың бос уақыты мен өзін-өзі танытуы үшін инфрақұрылымдарды күшейту мәселесін Үкіметте қарау ұсынылды. Нәтижесінде Премьер-Министрдің тапсырмасымен облыстардың, Астана, Алматы қалаларының  әкімдіктері жастардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша 2017-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірледі.

Гранттар базасында оларды институционалды нығайту мақсатында жастардың ҮЕҰ-мен ынтымақтастық бір жолға қойылды. 

«Астана әкімдігімен бірге «Астана Жастар қаласы» пилоттық жобасы әзірленді. Жоба астана жастарының жағдайын жақсарту бойынша нақты индикаторларды есепке алады», - деді министр.

Көптеген түскен ұсыныстармен министрлік «Түлектер тақтасы» жобасына бастама жасады. Ол жастарға еңбек нарығындағы қажеттіліктер, жоғары оқу орындарына, арнайы мамандандырылған оқу орындарына түсу мүмкіндіктері туралы жедел ақпарат беруге бағытталған.

Қорыта айтқанда жүргізілген жұмыстар Министрліктің 2016 жылға арналған стратегиялық жоспарының жоспарлаған көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Әлеуметтік зерттеулер мынаны көрсетті:

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты халықтың қолдау деңгейі 87% құрады;

Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын жақсы бағалау 60% жетті;

Мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуына риза болғандар 75% құрады.


16 Июня 2017 Дін мəселелерін түсіндіру бойынша облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы Риддер қаласында
Дін мəселелерін түсіндіру бойынша облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы Риддер қаласында Детальное описание: 






















12 Июня 2017 Өскеменде қолөнер шеберханасы ашылды
2017 жылдың 2 маусымында ШҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығының базасында әйелдерге арналған шеберхананың ашылу салтанаты болып өтті. Детальное описание: 

2017 жылдың 2 маусымында ШҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығының базасында әйелдерге арналған шеберхананың ашылу салтанаты болып өтті.

Ашылу салтанатына ҚМДБ-ның Өскемен өңірі бойынша өкіл имамы Е. Мұқатай, ШҚО дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры И.Беркімбаева, Семей қаласы орталық мешітінің ұстазы Ж.Ахметжанова және Өскемен қаласының тұрғындары қатысты.

Шеберхананың ашылу салтанаты ҚМДБ-ның Өскемен өңірі бойынша өкіл имамы Ермек Тасболатұлы мен ШҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығының директорының Индира Кілімбекқызының құттықтау сөзінен басталды.

Шеберхананың ашылу мақсаты әлеуметтендіру, әйелдер жамағатын Қазақстандық құндылықтарға бейімдеу, түрлі қолөнер бұйымдарын (тоқыма, киім пішу және тігу, әшекей бұйымдар)  жасауды үйрету,  ұлттық қолөнерді ұлықтау,  үйірме барысында алған дағдыларын күнделікті өмір салтына пайдалануға шақыру.

Іс-шара барысында шеберхананың алдағы уақыттағы мәселелері қарастырылды.

Айта кетсек, жақын арада аспаздық курсының ашылуы жоспарлануда.


7 Июня 2017 Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы
Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы Детальное описание: 

5 Июня 2017 А.Н. Көпенова салтанатты түрде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің антын қабылдады.
2017 жылғы 2 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасында алғаш рет мемлекеттік қызметке қабылданған жас маман А.Н. Көпенова салтанатты түрде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің антын қабылдады. Детальное описание: 

2017 жылғы 2 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасында алғаш рет мемлекеттік қызметке қабылданған жас маман А.Н. Көпенова салтанатты түрде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің антын қабылдады.

Мемлекеттік қызметте көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар басқарма басшысының міндетін атқарушы Е.А. Тұрғанбаев жас маманға мемлекеттік қызметте сәттілік тіледі.

Жастар мемлекеттік қызметті таңдағанда олар өз Отанына, Қазақстан Республикасына риясыз және адал қызмет ету жолын таңдайды. 


30 Мая 2017 Колледж студенттері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысы өтті
Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 – 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі жастардың, әсіресе, студенттердің арасында тағатты діни сананы және радикалды идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыру болып табылады. Детальное описание: Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 – 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі жастардың, әсіресе, студенттердің арасында тағатты діни сананы және радикалды идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыру болып табылады.



Осыған орай, ағымдағы жылдың мамыр айында Өскемен қаласындағы Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі (04.05.2017), Шығыс Қазақстан техникалық-экономикалық колледжі (16.05.2017), Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі (18.05.2017), Шығыс Қазақстан гуманитардық колледжі (23.05.2017), Өскемен политехникалық колледжі (24.05.2017) студенттері арасында Шығыс Қазақстан облысы дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлері Ж. Кунафина, О. Гайко, М. Амринова кездесулер өткізіп, 563 студентті қамтыды. Іс- шаралар барысында дін саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері, Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013- 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты мен міндеттері, деструктивті діни ағымдардан сақтанудың жолдары жөнінде ақпараттар берілді. Сонымен қатар, экстремистік және лаңкестік әрекеттерге шақыратын аудио, бейне, мәтіндік материалдарды әлеуметтік желілерде таратудың жауапкершіліктері туралы түсіндірілді.



Кездесуге қатысушыларға ақпараттық материалдар жарияланған кітапшалар, бүктемелер, визит-карталар, дискілер таратылып, тақырыпқа байланысты бейнефильмдер мен бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының дін мәселелерін зерттеу орталығының кеңес беру қызметі «8(7232)70-56-56 сенім телефоны» және республикалық «Қауырт желі – 114» туралы ақпараттар берілді.












26 Мая 2017 Дін мәселелері жөніндегі облыстық ақпараттық–түсіндіру тобы Күршім ауданында
2017 жылы 22-24 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы Күршім ауданында іс-сапармен болып қайтты. Детальное описание: 

2017 жылы 22-24 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы Күршім ауданында іс-сапармен болып қайтты.



Топ құрамында Шығыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының ақпараттық түсіндіру бөлімінің меңгерушісі Г. Рыспаева, деструктивті ағымдардың қызметінен зардап шеккендерге кеңестік көмек көрсету бөлімінің психологы Е. Құрманғалиев, Өскемен қалалық орталық мешітінің найб имамы А. Сейт болды.



Жұмыс барысында облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы Күршім ауданы аумағында орналасқан Күршім, Барақ батыр, Сарыөлең, Қаратоғай, Маралды, Үшбұлақ, Боран, Жиделі, Қарашілік, Марқакөл, Қарой елді мекендерінде түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды. Соның ішінде, аталмыш елді мекендерде орналасқан ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен, 2535, 31767 «В» әскери бөлімдерінің жеке құрамымен, Марқакөл ауылдық колледжі студенттерімен кездесу өткізіліп, бірқатар мектептердің жоғарғы сынып оқушыларымен «Сақ бол, жас түлек!» акциясы өткізілді.



Жалпы саны 31 кездесу өткізіліп, барлығы 1934 адам қамтылды. Дін мәселелері бойынша туындаған сұрақтарға Шығыс Қазақстан облысының дін мәселелерін зерттеу орталығының «8(7232)70-56-56» сенім телефонына» хабарласу арқылы жауап алуға болатындығы жөнінде ақпараттар берілді. Кездесуге қатысушыларға дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша ақпараттық кітапшалар, бүктемелер, парақшалар, визит-карталары таратылды.



Кездесу барысында дәріскерлер Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясаты мен заңнамалары және деструктивті діни ағымдардан сақтану жолдары туралы дәрістер оқып, қойылған сұрақтарға толық жауаптар берді.










20 Апреля 2017 2017 жылғы 18-19 сәуірде Ұлан ауданында дін мәселелері жөніндегі облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс атқарды
Қазақстан Республикасының діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының стратегиялық мақсаты адамның, қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігі болып табылады. Детальное описание: 

Қазақстан Республикасының діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының стратегиялық мақсаты адамның, қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігі болып табылады. Бағдарламаны іске асыру барысында ағымдағы жылдың 18-19 сәуірінде  Ұлан ауданының тұрғындарымен дін мәселелері жөніндегі облыстық ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Топ құрамында Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасының бас маманы Е. Мейрбаев, Шығыс Қазақстан облысының дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлері О. Гайко, Г. Рыспаева, М. Амринова, Ж. Кунафина, Е. Құрманғалиев болды. Түсіндіру жұмыстары Қасым Қайсенов кентінде «Айжұлдыз» балабақшасы, отбасылық-дәрігерлік амбулатория қызметкерлері, Р. Марсеков атындағы орта мектептің оқушылары мен мұғалімдер ұжымы, аудандық құқыққорғау органының жеке құрамы арасында жүргізілді. Ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары Жаңа Қанай, Айыртау, Жанұзақ, Ұлан, Донское, Герасимовка, Ізғұтты Айттықов, Мамай батыр, Баяш Өтепов, Бестерек, Саратовка (ШҚО ауыл шаруашылық колледжі студенттері) ауылдарында да өтті. Нәтижесінде 16 іс-шара ұйымдастырылып, 633 адам қамтылды.



Іс-шаралар барысында аудан халқына дін саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері, Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты мен міндеттері, деструктивті діни ағымдардан сақтанудың жолдары жөнінде ақпараттар берілді. Сонымен қатар, экстремистік және лаңкестік әрекеттерге шақыратын аудио, бейне, мәтіндік материалдарды әлеуметтік желілерде таратудың жауапкершіліктері туралы түсіндірілді.



Дін мәселелері бойынша туындаған сұрақтарға Шығыс Қазақстан облысының дін мәселелерін зерттеу орталығының «8(7232)70-56-56» сенім телефонына» хабарласу арқылы жауап алуға болатындығы жөнінде ақпараттар берілді. Кездесуге қатысушыларға дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша ақпараттық кітапшалар, бүктемелер, парақшалар, визит-карталары  таратылды. 


















17 Апреля 2017 Тарбағатай ауданы әкімдігінің діни бірлестіктер мен байланыстар жөніндегі Кеңестің кеңейтілген отырысы өтті
2017 жылы 13 сәуірде Тарбағатай ауданының орталығы Ақсуат ауылында аудан әкімдігінің діни бірлестіктер мен байланыстар жөніндегі Кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Детальное описание: 

2017 жылы 13 сәуірде Тарбағатай ауданының орталығы Ақсуат ауылында аудан әкімдігінің діни бірлестіктер мен байланыстар жөніндегі Кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Аудан әкімі Д. Оразбаев Тарбағатай ауданы бойынша діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жөніндегі жұмыстың барысы туралы кіріспе сөзінде баяндады.



Отырысқа Шығыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының бас маманы Ж. Бату,  Шығыс Қазақстан облысының дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры И.Беркімбаева, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Өскемен өңірі бойынша өкіл имамы Е. Мұқатай, аудандық діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңес мүшелері, ауылдық округтер мен ауыл әкімдері, мектеп директорлары, дінтану пәнінің мұғалімдері, мешіт имамдары, аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, бұқаралық-ақпарат құралдарының және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.



Кеңес жұмысының екінші бөлімінде Шығыс Қазақстан облысының дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры И. Беркімбаева «Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдірудің ерекшеліктері» және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Өскемен өңірі бойынша өкіл имамы Е. Мұқатай «Мешіт жамағатына уағыз-насихат жұмыстарын жүргізудің тиімді жолдары» тақырыптарында семинар өткізді. Кездесуге қатысушыларға ақпараттық таратпа материалдар үлестірілді. 


17 Апреля 2017 Өскеменде Пасха қасиетті мерекесі салтанатпен тойланды
<p>16 сәуір күні өскемендіктер Қоғамдық келісім үйінің алдында Пасха мерекесін тойлады. Іс-шараны құттықтау сөзбен Шығыс Қазақстан облыс әкімінің орынбасары Ә. Нүсіпова ашты.</p> Детальное описание: 

16 сәуір күні өскемендіктер Қоғамдық келісім үйінің алдында Пасха мерекесін тойлады. Іс-шараны құттықтау сөзбен Шығыс Қазақстан облыс әкімінің орынбасары Ә. Нүсіпова ашты.



Әрі қарай,  Өскемен және Семей епархиясы епископы, Амфилохий  сөз алды.  Свято-Покровский храмының шіркеулік қоры сүйемелдеуімен мереке қонақтары әкелген куличтермен жоралғы өткізді.



Мерекелік концертте қоғамдық келісім үйінің этномәдени орталықтары ұжымы атынан: «Бастеньки», «Русская песня», «Ладушки», «Вдохновение», «Барвинок», «Крынички», «Арарат» және т.б. өнерлерін көрсетті.



Іс-шараға келген қонақтар қол ұстасып, ойын ойнады.


14 Апреля 2017 Өскемен қаласындағы колледж студенттері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысы өтті
Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 – 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі жастардың, әсіресе, студенттердің арасында тағатты діни сананы және радикалды идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыру болып табылады. Детальное описание: 

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 – 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі жастардың, әсіресе, студенттердің арасында тағатты діни сананы және радикалды идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыру болып табылады.



Осыған орай, облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының студенттері арасында дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты мен міндеттері, деструктивті діни ағымдардың қоғамға қауіптілігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу жүйелі жолға қойылған.



Осы мақсатта, ағымдағы жылы 11-12 сәуірде Шығыс Қазақстан заң колледжі және Құмаш Нұрғалиев атындағы колледждің студенттері арасында Шығыс Қазақстан облысы дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкері М. Амринова дін саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері, Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты мен міндеттері, деструктивті діни ағымдардан сақтанудың жолдары жөнінде дәріс оқыды. Сонымен қатар, экстремистік және лаңкестік әрекеттерге шақыратын аудио, бейне, мәтіндік материалдарды әлеуметтік желілерде таратудың жауапкершіліктері туралы түсіндірді.



Кездесуге қатысушыларға ақпараттық материалдар жарияланған кітапшалар, бүктемелер, визит-карталар таратылып, тақырыпқа байланысты бейнефильмдер мен бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының дін мәселелерін зерттеу орталығының кеңес беру қызметі «8(7232)70-56-56 сенім телефоны» және республикалық «Қауырт желі – 114» туралы ақпараттар берілді.







 


13 Апреля 2017 Еңбек ұжымдары арасында дін мәселелері жөнінде бірқатар кездесулер өтті
Қазақстан Республикасының діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының стратегиялық мақсаты адамның, қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігі болып табылады. Детальное описание: 

Қазақстан Республикасының діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының стратегиялық мақсаты адамның, қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігі болып табылады. Бағдарламаны іске асыру барысында Шығыс Қазақстан облысының дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлері (М. Амринова, О. Гайко, Ж. Кунафина) «Восток-Инжиниринг» ЖШС, «Қазақ құрылыс және архитектура ұлттық зерттеу институты» АҚ ШҚ филиалы, «Азия Кредит банк» АҚ ШҚ филиалы, «Asia Valuation Group» бағалау компаниясы, «Антарес» ЖШС т.б. бірқатар мекемелердің еңбек ұжымдары арасында кездесулер өткізді.



Іс-шаралар барысында мекеме қызметкерлеріне дін саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері, Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты мен міндеттері, деструктивті діни ағымдардан сақтанудың жолдары жөнінде ақпараттар берілді. Сонымен қатар, экстремистік және лаңкестік әрекеттерге шақыратын аудио, бейне, мәтіндік материалдарды әлеуметтік желілерде таратудың жауапкершіліктері туралы түсіндірілді.



Дін мәселелері бойынша туындаған сұрақтарға Шығыс Қазақстан облысының дін мәселелерін зерттеу орталығының «8(7232) 70-56-56 сенім телефонына» хабарласу арқылы жауап алуға болатындығы жөнінде ақпараттар берілді. Кездесуге қатысушыларға дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша ақпараттық кітапшалар, бүктемелер, парақшалар, визит-карталары  таратылды.






10 Апреля 2017 2017 жылғы 31 наурызда ОВ 156/2, 156/3 түзету мекемелерінде Наурыз мейрамы атап өтілді
2017 жылғы 31 наурызда Шығыс Қазақстан облысы дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Өскемен қаласындағы ОВ 156/2, ОВ 156/3 түзету мекемелерінде Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерт өтті. Детальное описание: 

2017 жылғы 31 наурызда Шығыс Қазақстан облысы дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Өскемен қаласындағы ОВ 156/2, ОВ 156/3 түзету мекемелерінде Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерт өтті. Іс-шараның мақсаты жазасын өтеушілер арасында қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін дәріптеу, насихаттау.



Мерекелік концертті Шығыс Қазақстан облысы дін мәселелерін зертеу орталығының директоры И. Беркімбаева ашты. Индира Қилымбекқызы мекеме қызметкерлері мен жазасын өтеуші азаматтарды мерекелерімен құттықтап, отбасыларымен қауышуына ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар, мерекелік концертте Семей қалалық орталық мешітінің діни сауаттандыру курсының ұстазы Ж. Ахметжанова құттықтау сөзін айтып, көрермендерге шашу шашты. Орталық қызметкерлерінің (Р. Ахметов,  Е. Құрманғалиев, Г. Рыспаева) шақыруымен Глубокое аудандық мәдениет үйінің өнерлі жастары (М. Әнуархан, Ж. Бисенгалиева) ән мен жырдан шашу шашып, жиын шырайын әрлендіре түсті. Ең маңыздысы, жазасын өтеушілердің өздері де әуелетіп ән салып, өнер көрсетті.



Мерекелік концерттің соңында, Шығыс Қазақстан облысы дін мәселелерін зерттеу орталығымен тығыз байланыста болып, түзету мекемелерінде жұмыс атқаратын Ж. Тусупов (тарихшы) жиынға қатысушыларға ақ ниетпен бата берді. Іс-шараға жиыны 500-дей адам қатысты. Аталмыш іс – шара көзделген мақсатына жетті. Жазасын өтеушілер өз ризашылықтарын  білдірді.




















29 Марта 2017 Дін саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады
<p><strong>Шығыс Қазақстан облысының аймақтық коммуникациялар қызметінде облыстық дін істері басқармасының басшысы Бейбіт Әшімов мемлекеттің дін саласындағы саясаты және діни экстремизмге қарсы шаралар туралы ақпарат берді</strong>.</p> Детальное описание: 

Шығыс Қазақстан облысының аймақтық коммуникациялар қызметінде облыстық дін істері басқармасының басшысы Бейбіт Әшімов мемлекеттің дін саласындағы саясаты және діни экстремизмге қарсы шаралар туралы ақпарат берді.

Брифингтің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауы, өңірдегі діни ахуал дамуының тенденциялары, мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынас және дін саласындағы құқық бұзушылықтар туралы тұрғындарды ақпараттандыру болып табылады.

 «Облыстағы діни ахуал тұрақты. Бүгінгі күні облыста 308 діни бірлестіктер мен олардың филиалдары тіркелген. Олар: 201- Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Республикалық исламдық діни бірлестігінің мешіттері, 39- орыс православ шіркеуінің филиалдары, 60-протестанттық, 6- католиктік,1- кришнаиттік, 1-иудейлік діни бірлестіктері», - деді облыстық дін істері басқармасының басшысы Б. Әшімов брифинг барысында.

Айта кетсек, облыста дін мәселесі жөніндегі 20 ақпараттық - түсіндіру топтары жұмыс істейді. Олардың құрамына 1 облыстық, 4 қалалық, 15 аудандық топтардан тұратын 299 адам қіреді.  2016 жылы ақпараттық - түсіндіру топтарымен 2842 іс-шара өткізіліп, 210 767 адамды қамтыды.

Брифинг барысында дін істері басқармасының басшысы Б. Әшімов жергілікті діни бірлестіктермен қолданыстағы дін саласындағы заңнаманы бұзу фактісі анықталғанын және осындай фактілерді болдырмау үшін алдын алу шаралары жүргізіліп жатқандығын айтып өтті.

 


24 Марта 2017 Дін мәселелері жөніндегі облыстық ақпараттық–түсіндіру тобы Жарма ауданында
<p>2017 жылы 16-17 наурызда Қазақстан Республикасының діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы Жарма ауданында іс-сапармен болып қайтты.</p> Детальное описание: 

2017 жылы 16-17 наурызда Қазақстан Республикасының діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы Жарма ауданында іс-сапармен болып қайтты.



Топ құрамында Шығыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының діни бірлестіктермен байланыс бөлімінің басшысы А. Тұрғанбаев, дін мәселелеріне зерттеу орталығының ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бөлімінің меңгерушісі Г. Рыспаева, деструктивті ағымдардың қызметінен зардап шеккендерді оңалту бөлімінің психологы Е. Құрманғалиев бар.



Жұмыс барысында облыстық ақпараттық-насихаттау тобы 2 топқа бөлініп, дін саласындағы мемлекеттік саясат жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын Шар қаласында, Жарма кентінде, Қалбатау ауылдарында жүргізді.



Ақпараттық-түсіндіру тобымен кездесуге ауыл тұрғындары, мектеп мұғалімдері мен жоғарғы сынып оқушылары, Жарма технологиялық колледжінің студенттері мен ұстаздары, 47007, 6699 әскери бөлімдерінің жеке құрамы мен әскери борышын өтеуші сарбаздары, аудандық аурухана қызметкерлері, «Георгиевка сорғы жабдықтар» зауытының жұмысшылар ұжымы, «Горняк» алтын іздеушілер артелінің, «Семей орман тау-дала» филиалының, «Қазақцемент» ЖШС-нің жұмысшылар ұжымы, халыққа қызмет көрсету орталығы, «Қазпошта», «Қазақтелеком» мекемелерінің қызметкерлері мен «Жаңа базар», «Дана», «Эдем», «Ай», «Шар» сауда үйлерінің, «Әсем», «Ай» шаштаразының  жеке кәсіпкерлері және тұтынушылары, такси жүргізушілері, жұмыссыздар қатысты.



Жалпы саны 22 кездесу өткізіліп, барлығы 1065 адам қамтылды. Кездесуге қатысушыларға кітапшалар, бүктемелер, видео-дискілер, орталықтың визит-карталары таратылды.



Кездесу барысында дәріскерлер Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясаты мен заңнамалары және деструктивті діни ағымдардан сақтану жолдары қойылған сұрақтарға толық жауаптар берді.














13 Марта 2017 2017 жылғы 10 наурызда Ұлан ауданында дін мәселелері жөніндегі облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс атқарды
Қазақстан Республикасының діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының стратегиялық мақсаты адамның, қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігі болып табылады. Детальное описание: 

Қазақстан Республикасының діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының стратегиялық мақсаты адамның, қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігі болып табылады. Бағдарламаны іске асыру барысында ағымдағы жылдың 10 наурызында Шығыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкері М. Амринова және орталық теологы, Өскемен орталық мешітінің найб имамы А. Томантаев Ұлан ауданының тұрғындары арасында кездесу өткізді. Іс-шаралар Қасым Қайсенов кенті, Сағыр және Бозанбай ауылдарында ұйымдастырлып,  356 адам қамтылды.



Аудан халқына дін саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері, Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты мен міндеттері, облысымыздағы діни ахуалдың жағдайы, деструктивті діни ағымдардан сақтанудың жолдары, ұлттық құндылықтардың дәстүрлі дінмен сабақтастығы, діни экстремизм мен терроризмнің қоғамға қауіптілігі жөнінде ақпараттар берілді. Сонымен қатар, экстремистік және лаңкестік әрекеттерге шақыратын аудио, бейне, мәтіндік материалдарды ғаламтор-ресурстарында, әлеуметтік желілерде таратудың жауапкершіліктері туралы түсіндірілді.



Дін мәселелері бойынша туындаған сұрақтарға Шығыс-Қазақстан облысының дін мәселелерін зерттеу орталығының 70-56-56, сенім телефондарына хабарласу арқылы жауап алуға болатындағы жөнінде тұрғындарға берілді. Кездесуге қатысушыларға дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша кітапшалар, бүктемелер, парақшалар, визит-карталары  таратылды. 








26 Февраля 2017 Әйелдер жамағатын қайта даярлау курстарынан өткізу жоспарлануда
Шығыс Қазақстан облысы дін істері басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен әйелдер жамағатын қайта даярлау курстарында оқыту жоспарланып отыр. Осы мақсатта жұмыссыз әйелдер жамағаты арасында түсіндіру жұмысын жүргізу үшін қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлерінің  арнайы қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау түрінде 11 түрлі мамандыққа қайта даярлаудың ережелері мен шарттары жөнінде түсіндірілді. Детальное описание: 

Шығыс Қазақстан облысы дін істері басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен әйелдер жамағатын қайта даярлау курстарында оқыту жоспарланып отыр. Осы мақсатта жұмыссыз әйелдер жамағаты арасында түсіндіру жұмысын жүргізу үшін қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлерінің  арнайы қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау түрінде 11 түрлі мамандыққа қайта даярлаудың ережелері мен шарттары жөнінде түсіндірілді.



Кездесуде орталық директоры И. Беркімбаева әйел адамдардың қазіргі әлеуметтік жағдайы, олардың қоғамдағы және отбасындағы рөлі, әйелдік парызды атқарудағы шарттардың (бала тәрбиесі, ас әзірлеу, іс тігу, тоқыма тоқу, т.б.) маңыздылығын ескере келе, әйел адам отбасы-ошақ қасында қалып қоймай, заман талабына сай қызмет атқарып, отбасын қамтамасыз ету үшін табыс табу, жеке тұлға ретінде өзін дамыту, қоғамдық белсенділік танытудың маңыздылығының зор екендігіне баса назар аударды.



Аталмыш бастама да осы мақсаттарға қол жеткізудің алғы шарттары болып табылады. Қайта даярлау курсына қатысуға 20-дан астам қыз-келіншектер ниет білдірді.


26 Февраля 2017 2017 жылғы 22-23 ақпанда Глубокое ауданында дін мәселелері жөніндегі облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс атқарды
Қазақстан Республикасының діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының стратегиялық мақсаты адамның, қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігі болып табылады. Бағдарламаны іске асыру барысында ағымдағы жылдың 22-23 ақпан аралығында Глубокое ауданының тұрғындарымен дін мәселелері жөніндегі облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы 16 кездесу өткізіп, 730 адам қамтыды. Детальное описание: 

Қазақстан Республикасының діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының стратегиялық мақсаты адамның, қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігі болып табылады. Бағдарламаны іске асыру барысында ағымдағы жылдың 22-23 ақпан аралығында Глубокое ауданының тұрғындарымен дін мәселелері жөніндегі облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы 16 кездесу өткізіп, 730 адам қамтыды.

Топ құрамында: Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасының бас маманы Ж.Қ. Бату, Шығыс-Қазақстан облысының дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлері М.С. Амринова, Ж. Қ. Кунафина және Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің аға оқытушысы, социология ғылымдарының кандидаты Л. Глушкова болды.

Түсіндіру жұмыстары Глубокое кентіндегі О. Бөкей атындағы және Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі, Белоусовка, Веселовка, Перевальное орта мектептерінің жоғарғы сынып оқушылары мен мұғалімдер ұжымдары, Алтайский кентінің тұрғындары арасында жүргізілді. Сонымен қатар, «Восток-Универсал» ЖШС, «Пчелка» балабақшасы, «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Халық банк» АҚ, «Қазпочта» АҚ аудандық филиалы, Қазынашылық аудандық басқармасы, «Kazmineralis» ЖШС ұжымдары, аудандық құқыққорғау органының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.

Аудан халқына дін саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері, Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты мен міндеттері, облысымыздағы діни ахуалдың жағдайы, деструктивті діни ағымдардан сақтанудың жолдары, ұлттық құндылықтардың дәстүрлі дінмен сабақтастығы, діни экстремизм мен терроризмнің қоғамға қауіптілігі жөнінде ақпараттар берілді. Сонымен қатар, экстремистік және лаңкестік әрекеттерге шақыратын аудио, бейне, мәтіндік материалдарды ғаламтор-ресурстарында, әлеуметтік желілерде таратудың жауапкершіліктері туралы түсіндірілді.

Дін мәселелері бойынша туындаған сұрақтарға Шығыс-Қазақстан облысының дін мәселелерін зерттеу орталығының 70-56-56, сенім телефондарына хабарласу арқылы жауап алуға болатындағы жөнінде тұрғындарға  берілді.  Кездесуге қатысушыларға дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша кітапшалар, бүктемелер, парақшалар, визит-карталары  таратылды.

















Новости 81 - 100 из 376
Начало | Пред. | 3 4 5 6 7 | След. | Конец
http://dinvko.gov.kz/rus/press-sluzhba/novosti/shy-ys-adaldy-alany/
http://www.akimvko.gov.kz/ru/
http://egov.kz/
http://www.akimvko.gov.kz/ru/tipovyie-voprosyi.html
http://akorda.kz/
https://www.qazlatyn.kz/converter/text