Loading...
Русская версия  Казахская версия 
«ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
10.04.2019

Қазақстан Республикасының Салық кодексіне діни бірлестіктердің қызметіне байланысты өзгерістер енгізілді

1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексіне енгізілген өзгертулер діни салаға тікелей әсер етті. Таяуда діни бірлестіктер басшыларының басы қосылған отырыс ұйымдастырылып, діни құрылымдарда күнделікті кассалық-бақылау құралдарын пайдалану мәселесі қаралды.

Жаңашылдықтар садақа беру мен қайырымдылықтың басқа түрлеріне әсер еткен жоқ. Ал діни тауарларды сату және қолма-қол ақша жүретін әр түрлі қызмет көрсету міндетті түрде кассалық аппараттарды пайдалану арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Бұның барлығын жиылған қауымға Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Гүлмира Сабралимова тәптіштеп түсіндіріп берді.

Шараға қатысушылардың көкейін торлаған сауалдар аз болған жоқ. Өз кезегінде Гүлмира Сабралимова діни бірлестіктер қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің өкілдері толық түсініктемені жақын арада беретіндерін айтты.

Айта кету керек шараның модераторы облыстық Дін істері басқармасының басшысы Ануар Абдуллин болды.

rwecvxc.jpg


Возврат к списку

http://dinvko.gov.kz/rus/press-sluzhba/novosti/shy-ys-adaldy-alany/
http://www.akimvko.gov.kz/ru/
http://egov.kz/
http://www.akimvko.gov.kz/ru/tipovyie-voprosyi.html
http://akorda.kz/