Loading...
Русская версия  Казахская версия 
«ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
01.06.2019

Даниал Ахметов «Халифа Алтай» мешітіндегі Ислам мәдениеті мұражайымен танысты

Даниал Ахметов «Халифа Алтай» мешітіндегі Ислам мәдениеті мұражайымен танысты

 

Мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов облыстық «Халифа Алтай» мешітінде болды.

Өңір басшысы жақын арада мешіт аумағында орналасатын ислам мәдениеті мұражайының құрылым тұжырымдамасымен танысты. «Ислам мәдениеті мұражайында Қазақстанда Ислам дінінің пайда болуы мен даму тарихы үш бөлікпен көрсетілетін болады: тәңіршілдік, Қазақстан жерінде исламның пайда болуы мен таралуы, Исламның қазіргі дәуірі.

Бұл жерге исламға дейінгі кезеңдегі Күлтегін (Күлтегін тас стелласы (VIII ғасыр) - ежелгі түркі өркениетінің ескерткіші. Қолбасшы Күлтегіннің құрметіне орнатылған және Сақ дәуірінің археологиялық жәдігерлер, балбал тастар, тасқа басылған таңбалы суреттердің үлгілері қойылатын болады.

Сонымен қатар Қазақстан дамуының әртүрлі кезеңдеріндегі киім үлгілері мен қорда сирек кезедесетін 100 және 200 жылдық тарихы бар кітаптар, Қасиетті Қағба және Қазақстан мешіттерінің макеттері көрсетіледі», делінген хабарламада. Мұражайдың дәл ортасында интарактивті режімде оқуға болатын, қазақ, орыс және араб тілдеріндегі электронды Құран орналасады. Барлық қосымша экспонаттар электронды түрде беріледі. Планшет арқылы, әрбір нысан туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік қарастырылған. Мұражайға қойылатын экспонаттар келіп көрушілерге Ислам мәдениеті тарихы мен оның Қазақстанда дамуы жайлы көбірек мәлімет алуына мүмкіндік береді. Ерекше атап өтерлік жайт, сирек кездестетін бұл жәдігерлер тек қана Шығыс Қазақстанның мұрайжалық жинақтамасынан ғана емес, Түркістан облысы, Шымкент қаласы сияқты республикамыздың басқа аймақтарынан да әкелінеді.

Қазіргі уақытта экспонаттарды жинау жұмыстары жүргізілуде, сирек кездесетін 100 және 200 жылдық тарихы бар кітаптар қоры жинақталған. Ислам мәдениеті туралы ақпарат алудың заманауи әдістері мен көне экспонаттардың бірегей үйлесімі, алдағы уақытта еліміздің барлық тұрғындары мен өңір қонақтары арасында республикада теңдесі жоқ болашақ музейге деген сұранысты қамтамасыз етеді.

Даниал Ахметов мұражайды ұйымдастыру мәселелері бойынша қосымша тапсырмалар берді. Қасиетті Рамазан айында облыс әкімі «ауызашар» дастарханын жайып, оған дін және этномәдени орталықтардың өкілдері, ақсақалдар мен мешіт жамағаты қатысты. Оның барысында өңір басшысы Шығыс Қазақстанның барлық тұрғындарына жақсылық, рухани тазару, бейбітшілік пен келісім тіледі.



Возврат к списку

http://dinvko.gov.kz/rus/press-sluzhba/novosti/shy-ys-adaldy-alany/
http://www.akimvko.gov.kz/ru/
http://egov.kz/
http://www.akimvko.gov.kz/ru/tipovyie-voprosyi.html
http://akorda.kz/