Loading...
Русская версия  Казахская версия 
«ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
09.06.2019

Дін саласының мамандары сотталғандарды Ораза айт мерекесімен құттықтады.

Бүгін ШҚО Дін істері басқармасы мен дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары ШҚО ҚАЖД-ға қарасты барлық түзету мекемелерінде болып, экстремизм мен терроризмге қатыстылығы үшін жазасын өтеп жатқан азаматтарды «Ораза айт» мерекесімен құттықтады. Жазасын өтеушілерге дастархан жайылып, ізгі тілектер айтылды. Кездесу барысында ШҚО Дін істері басқармасы басшысының орынбасары Асқар Исабаев, бөлім басшысы Айтқұрман Тұрғанбаев, Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог мамандары Ақжол Насихатұлы мен Руслан Ахметов құттықтау сөз сөйлеп, көпұлтты елімізде «Ораза айт мерекесінің тойлану маңыздылығына тоқталып өтті. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты сотталушыларға мемлекетіміздің дін саласындағы саясатын түсіндіру, оларды зайырлы қоғамның құндылықтарына бейімдеу, дәстүрлі ислам дінін насихаттауға бағытталды.

Өткізілген іс-шара барысында жазасын өтеушілер сөз сөйлеп, дін саласында қызмет етіп жүрген мамандарға шынайы алғыстарын білдірді.

Облыс аумағында түзету мекемелерінде ұйымдастырылған бұл шараға барлығы 84 жазасын өтеуші азамат қатыстырылды.

дастархан.jpgдастархан 2.jpg


Возврат к списку

http://dinvko.gov.kz/rus/press-sluzhba/novosti/shy-ys-adaldy-alany/
http://www.akimvko.gov.kz/ru/
http://egov.kz/
http://www.akimvko.gov.kz/ru/tipovyie-voprosyi.html
http://akorda.kz/