Loading...
Русская версия  Казахская версия 
«ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
01.06.2019

Әлем мұсылмандары үшін қадірлі болып саналатын Рамазан айының соңғы жұмасы біздің елімізде

Әлем мұсылмандары үшін қадірлі болып саналатын Рамазан айының соңғы жұмасы біздің елімізде «31 –мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнімен» тұспа-тұс келді. Осыған орай Шығыс Қазақстан облысының барлық мешіттерінде жұма намазына жиналған жамағатқа уағызбен бірге зобалаң жылдарды бастан кешкен қазақ халқының тарихы туралы да айтылды. Атап айтар болсақ, бір ғана Өскемен қаласындағы «Халифа Алтай» мешітіне жиналған 3 мыңнан астам жамағат зұлмат жылдардың жазықсыз құрбаны болған отандастарымызды еске алды. ҚМДБ-ның Өскемен аймақтық өкіл имамы Ермек қажы Мұхатай зобалаң жылдарды бастан кешкен халықтың зары, кешкен мұңы, жүріп өткен тар жолдары бүгінгі бейбіт заман ұрпақтарының есінде мәңгі сақталатынын, бұл күннің Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие екендігін атап айтты. Халықтардың ортақ қасіретіне айналған сол оқиғалардың салқыны, бүгінгі Қазақ жерінде өмір сүріп отырған ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, тағдырлары тарихпен табысқан ұлт өкілдері жаңа Қазақстанды ұлттар достығының ұйытқысына айналдырғанын насихаттады. 

Өскемен аймақтық өкіл имамы Ермек қажы Мұхатай: «Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап, 25 мың адам ату жазасына кесілді. Нақ осы жылдары қазақстандық ғылым мен мәдениет, саясат саласының зиялы қауымы мен дін өкілдері өкілдері жазықсыз атылған екен. Бұл мәліметке қасақана жасалған ашаршылықтың құрбандарын қосыңыз. Бүгінгі ұрпаққа әлі толық беймәлім, жан дүниеңді сілкінтер, мұңға толы қаншама тарихи парақтар бар. Сондықтан да бұндай ізгі-шараларды мешіт жамағатының арасында терең насихаттаудың маңызы зор деп білеміз». 

Дәл осы күні ҚМДБ-ға қарасты облыс аумағындағы барлық мешіттерде қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай уағыз-естеліктер айтылып, дұға оқылды. Жұма намазының соңында мешіт жамағаттары саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына Құран бағыштап, өткен тарихқа тағзым етіп тарқасты.

3105-2019-0403862582166504341 (1).jpeg


Возврат к списку

http://dinvko.gov.kz/rus/press-sluzhba/novosti/shy-ys-adaldy-alany/
http://www.akimvko.gov.kz/ru/
http://egov.kz/
http://www.akimvko.gov.kz/ru/tipovyie-voprosyi.html
http://akorda.kz/
https://www.qazlatyn.kz/converter/text