Loading...
Русская версия  Казахская версия 
«ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
17.01.2019

ШҚО-да дін саласындағы құқық бұзушылықтар саны үш есеге азайды

Өскеменде Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығында Шығыс Қазақстан облысының діни бірлестіктер басшылары Клубының отырысы өтті.

Күн тәртібінде облыстағы діни ахуал және дін саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ Клубтың ағымдағы жылға арналған жоспарын бекіту туралы мәселелер қаралды.

Отырыс барысында діни ахуалды талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Савет Әубәкіров Клуб қатысушыларын облыстағы діни ахуал туралы хабардар етті.

Оның айтуынша, аймақтағы діни ахуал тұрақты. 2018 жылы жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері бойынша Конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты оң бағалайтын халықтың үлесі 84% құрады.

Өз кезегінде діни бірлестіктермен байланыс және мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі бөлімнің басшысы Айтқұрман Тұрғанбаев дін саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

«Дін саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарға талдау жүргізу нәтижесінде, құқық бұзушылықтардың негізгі үлесі Өскемен және Семей қалаларында орын алған. Біздің облысымызда жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың түрлері: діни әдебиетті және діни мақсаттағы басқа да заттарды тарату, діни жоралғыларды ғибадат үйлерінен тыс жерлерде өткізу », - деп атап өтті Айтқұрман Тұрғанбаев.

Ескере кетсек, жыл басынан бері жүргізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде дін саласындағы құқық бұзушылықтар саны 2018 жылы (13 құқық бұзушылық) 2017 жылмен салыстырғанда 3 есеге (41 құқық бұзушылық) азайды.

Отырысты қорытындылай келе, Шығыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының басшысы Ануар Абдулдин Клуб мүшелерін 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспарымен таныстыра отырып, діни бірлестіктердің басшыларына 2018 жылы бірлесе атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында 2019 жыл жастар жылы болып жарияланған. Сондықтан да, ағымдағы жылы біздің жастарымыз деструктивті элементі бар діни ағымдардың жетегінде кетпеуі үшін, біздерге бірлесе отырып жастар арасында маңыздылығы бар іс-шаралар ұйымдастыру қажет. Іс-шараларға қатысу арқылы жастарымыз деструктивті діни ағымдардың ықпалына қарсы иммунитет қалыптастыратын болады»,-деді Клубтың отырысында Ануар Абдулдин.

Отырыс соңында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Клуб мүшелерінің ұсынымдары мен ұсыныстары қабылданды.

Айта кететін болсақ, 2018 жылы діни бірлестіктер басшыларының Клубымен қайырымдылық акциялары, сенбіліктер, спорттық жарыстар және діни бірлестіктерде Ашық есік күндері сияқты бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылды.



Возврат к списку

http://dinvko.gov.kz/rus/press-sluzhba/novosti/shy-ys-adaldy-alany/
http://www.akimvko.gov.kz/ru/
http://egov.kz/
http://www.akimvko.gov.kz/ru/tipovyie-voprosyi.html
http://akorda.kz/