Loading...
Русская версия  Казахская версия 
«ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
28.11.2018

Өскеменде мектеп мұғалімдеріне діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу әдістерін оқытты


Өскеменде облыстық дін істері басқармасы «Зайырлылық және дінтану негіздері қоғамдық сананы жаңғырту аясында» атты семинар өткізді.

Семинар барысында Шығыс Қазақстан облысының мектеп мұғалімдері мен жоғарғы оқу орындарының студенттеріне діни экстремизм мен терроризм идеясын алдын алу мәселелері бойынша дәрістер оқылды.

Айта кететін болсақ, семинарда мұғалімдер, мемлекеттік қызметкерлер және т.б. ведомствалардың өкілдері қатысты.

Дін істері басқармасы басшысының м.а. С. Аубакировтың айтуы бойынша, бүгінгі таңда біздің жастар белгілі деңгейде экстремистік және террористік идеялар әсерінің алдында қорғаусыз болып келеді. Сондықтан да, өсіп келе жатқан ұрпаққа мектеп қабырғасынан дінтану бойынша білім беру өте маңызды болып табылады, -деді С. Аубакиров.

Семинар барысында негізгі сұрақтар бойынша баяндамалар оқылып, Шығыс Қазақстан облысының әр аумақтарынан келген қатысушылар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылды.

Іс-шараның соңында барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.


Возврат к списку

http://dinvko.gov.kz/rus/press-sluzhba/novosti/shy-ys-adaldy-alany/
http://www.akimvko.gov.kz/ru/
http://egov.kz/
http://www.akimvko.gov.kz/ru/tipovyie-voprosyi.html
http://akorda.kz/
https://www.qazlatyn.kz/converter/text