Loading...
Русская версия  Казахская версия 
«ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
29.04.2019

Өскеменде ШҚО дін істері басқармасымен дін саласындағы қызметкерлердің біліктілігін жоғарлату жұмыстары жалғасуда

Шығысқазақстандық дінтанушылар мен теологтарға деструктивті діни ағымының арбауына түскен адамдармен жұмыс істеу жолдары үйретілуде. Іс-шара барысында Қазақстандағы діни біліктілікті артырудағы жетекші мамандар қатысушыларға теологиялық жұмыстардың жаңашыл әдістері мен түрлерін меңгеру бойынша бірнеше мастер- класстар өткізді.

DSC_0969.JPG

Семинар екі секциялық сабақтар форматында өтті. Оның жұмысына ШҚО дін мәселелерін зерттеу орталығының теологтары және дінтанушылары, қалалық, аудандық мешіттердің бас имамдары, ШҚО бойынша ҚАЖД мекемелерінің теологиялық – оңалту қызметінің қызметкерлері қатысты.

DSC_0989.JPG

«Бүгінгі семинардың негізгі мақсаты теологиялық жұмыстың жаңашыл әдістері мен формаларын меңгеру арқылы деструктивті діни ағым идеологиясын ұстанушы тұлғалармен және тұрғындардың арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде пайдалану болып табылды», -деді ҚМДБ-ның муфтийлар Кеңесінің мүшесі Мұқан Исахан.

DSC_0990.JPG

Айта кететін болсақ, дін саласындағы ақпараттық –түсіндіру жұмыстарына қойылған талаптардың тиімділігін арттыру мақсатында осындай іс-шараларды ұйымдастыру маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Сонымен қатар, осындай семинарларды ұйымдастыру деструктивті діни ағымды ұстанушылармен оңалту жұмыстарын жүргізетін қызметкерлердің құзіреттілігін және біліктілігін арттыру үшін негіз болып отыр.

DSC_1003.JPG

«Әлемде неше түрлі уағызшылар, идеологтар жаңа технологияларды және бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып әр түрлі психологиялық әркеттер қолданып, адамдарды, соның ішінде санасы толық қалыптаспаған жастарды өздерің қатарларына қоса отырып, толық бір отбасын, қоғамды бұзады»,- деп арабтанушы, ғалым «Kazdream Media» ЖШС қызметкері Марлен Мулимов атап өтті.

 

Семинардың соңында қатысушылар бір ортақ пікірге келіп, осындай іс-шараларды өткізу заманауи оқиғалардың аясында өте маңызды болып табылатынын айтты. Себебі деструктивті діни ағымдарды ұстанушылар азаматтарды өз идеологияларына тартатын әдістер мен формаларын жиі өзгертіп отырады.

 


Возврат к списку

http://dinvko.gov.kz/rus/press-sluzhba/novosti/shy-ys-adaldy-alany/
http://www.akimvko.gov.kz/ru/
http://egov.kz/
http://www.akimvko.gov.kz/ru/tipovyie-voprosyi.html
http://akorda.kz/