Loading...
Русская версия  Казахская версия 
«ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Өскеменде студенттерге деструктивті діни ағымдардың қауіпі туралы дәріс оқылды 06.11.2018

Өскеменде студенттерге деструктивті діни ағымдардың қауіпі туралы дәріс оқылды

Өскеменде жоғары оқу орындарының студенттеріне терроризм мен экстремизмнің алдын алу, радикалды діни ағымдар туралы мағлұмат беру үшін арнайы дәрістер оқылды.

Жалпы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының мақсаты жастардың санасында діни түсінікті қалыптастырып, дұрыс бағыт-бағдар беру.

        «Негізгі ауылды жерден қалаға оқуға келген балалар жиі деструктивті діни ағымдар ұстанушыларының ықпалына еріп кетеді. Себебі, теріс ағымда жүргендер жастардың діни білімінің жоқ екенін пайдаланып, ақырындап өздеріне тарта бастайды да, исламды басқалай түсіндіреді. Бірінші курсқа жаңадан келген жас бала құранды да, исламды да білмейді. Содан теріс ағымға қалай кіріп кеткенін өзі де байқамай қалады»,-деді дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Дулат Жакиянов.

Дәріс барысында студенттерге дін істері басқармасының мамандарымен заңды тіркелген діни бірлестіктер мен 70-56-56 сенім телефоны туралы ақпараттар айтылды.

«Бүгінгі оқылған дәріс барысында біз сияқты жастарға керек ақпараттар айтылды. Себебі, көп нәрсені білмегендіктен түрлі жағдайларға тап болып, қателік жасамас үшін осындай дәрістер оқылу керек деп ойлаймын»,-деді Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенті Жайна Сақанова.

Айта кететін болсақ, жоспар бойынша жыл соңына дейін терроризм мен экстремизмнің алдын алу шаралары одан әрі жалғасын табады.



Возврат к списку

http://dinvko.gov.kz/rus/press-sluzhba/novosti/shy-ys-adaldy-alany/
http://www.akimvko.gov.kz/ru/
http://egov.kz/
http://www.akimvko.gov.kz/ru/tipovyie-voprosyi.html
http://akorda.kz/