Loading...
Русская версия  Казахская версия 
«ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы ақпарат

2018 ЖЫЛДЫҢ 9 АЙЫ БОЙЫНША

ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ

ӨТІНІШТЕРІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ


2018 жылдың 9 айы бойынша облыстық дін істері басқармасына жеке және заңды тұлғалардан 12 өтініш келіп түскен, оның ішінде, жеке тұлғалардан - 7 және заңды тұлғалардан - 5 өтініш келіп түсті, соның ішінде өтініштер -7, арыз – 0, өзге – 5. Қанағаттандырылғандар – 2, түсініктеме берілгендер – 9.

Есеп беру кезеңінде мемлекеттік органға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Премьер-Министр Кеңсесі, Парламент, "Нұр Отан" партиясының орталық аппаратынан Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарының өтініштері түскен жоқ.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріндегі сұрақтардың сипаты.

Келіп түскен өтініштер мен ондағы көтерілген мәселелерді талдай келе, сұрақтардың сипаты әртүрлі екендігін атап өтуге болады, Қазақстан Республикасының "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" заңнамасына сәйкес жеке немесе заңды тұлғаларға тиісті шаралар қабылдау туралы - 6, діни нысандарға жер учаскесін бөлу және салу туралы – 1, қызметкерлерді біліктілігін арттыру курстарына жолдау туралы - 3. Өтініштерді қарау қорытындысы бойынша түсініктемелер берілді.

Жеке мәселелер бойынша қабылдау

2018 жылдың 9 айы бойынша мемлекеттік органның басшылығына жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінен барлығы 2 адам қабылдауға жүгінді. Қарау нәтижелері бойынша өтініш берушілерге қабылдау барысында ауызша түрде түсініктеме беріліп, жүгінушілердің мәселелерін жазбаша түрде ресімдеуде қажеттілік туындаған жоқ.


Жауапты тұлға: Алканова Жанар Ахметкалиқызы - әкімшілік-қаржылық жұмыс бөлімінің басшысы.

Байланыс телефоны: 703424


Жеке және заңды тұлғаларды жеке мәселелері бойынша Шығыс Қазақстан облысы дін істері басқармасы басшысының қабылдау кестесі

Басқарма басшысының міндетін атқарушы Абдулдин Ануар Әлмырзаұлы жеке және заңды тұлғаларды әр сейсенбі күндері сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін қабылдайды.


Байланыс телефоны: 702936


http://www.akimvko.gov.kz/ru/
http://egov.kz/
http://www.akimvko.gov.kz/ru/tipovyie-voprosyi.html
http://akorda.kz/