Вопросы и ответы

Задать вопрос

Notify me of new comments to this page
This is a captcha-picture. It is used to prevent mass-access by robots. (see: www.captcha.net)
Вопрос от пользователя Ахметқалиева Ақбота Ахметқалиқызы (16.05.2016)
Сәлеметсіздерме? Маған өскемен қаласының мешіттерінің тарихы туралы мәліметтер керек еді.Қөмектесіңіздерші жобаға 1.мешіттердің тарихы,ашылған жылы,кімдер басқарды,архитектурасы,ерекшеліктері,атқарып жатқан істері
Ответ
«Халиф Алтай» мешіті. Мешіт құрылысы 2009 жы¬лы басталып 23 тамыз 2012 жылы ашылды. Мешіттің жалпы аумағы 1,9 га. Дәстүрлі қазақ оюлары мен өрнекті элементтері классикалық Ислам стилінде орын алған. Мешіт 5 қабаттан тұрады. Меккеге бағытталған михрабы мен дұға оқитын дәлізі мешіттің ең керемет сәулетті композициясы. Мұхаммед (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбарымыздың ғұмырын бейнелейтін 63 м биіктікке самғаған 4 мұнарасы бар. Ішкі күмбез биіктігі 24 м. Күн нұрына шағылысқан 6 күмбез мешіттің еңсесін көтеріп тұр. Басты күмбез биіктігі 45,4 метр. Тот баспайтын құрыш парағы және ерекше көгілдір реңдегі шаңдаған плиткалы жазба тізіліммен жасалынған геометриялық және өсімдік өрнектес. Сыйымдылығы 3000 орын. 500 орындық хатымхана, әйелдер мен ер адамдарға арналған намаз оқу дәліздері, дәрет алу орны, оқу дәлізі бар кітапханасы бар. Неке қиюға және сүннеттеуге арналған бөлмелер әрі санитарлық – гигеналық бөлмелер жеке блокпен қарастырылған. Намаз оқу дәлізіне кіре берісте вестибюлді холл орналасқан. Жылдамдығы 1,0 м/с, 1000 кг дейінгі жүк көтеретін екі жолаушылар лифтісі орналасқан. Ғимараттың бас қасбеті алдында биіктігі 4,68 м. стиболат, автотұрақ және тұрғындардың дәрменсіз тобына арналған пандус орналасқан. Мешіт пен мұнара қабырғалары жауық қызыл түсті гранитпен қапталған. Баспалдақтары мен кіре беріс қоршаулары қоңырмен шаңдатылған қара жол қоладан тұратын металды жабындылар. Кермелер мен терезелер қоңыр түсті металлопластиктен әзірленген. Барлық есіктер еменнің бағалы тұқымының ауқымынан жасалынған. Балкондарды қосқанда төселген кілемдердің жалпы ауданы 4000 шаршы метр, басты дәліз кілемдерінің ауданы – 2500 метр. 56 қабырға шамы, 24 балкон шамы, 5 төбе шамы және бір орталық аспашам орнатылды. Оның биіктігі 7 метр, диаметрі 5 мм. Барлық аспашамдар жездің жеңіл қоспасы мен таза хрустальдан жасалынған. «Өскемен орталық мешіті». Өскемен қаласының Қазақстан көшесіндегі бір қабатты бұрынғы «Достық» үйі жергілікті әкімшілік және халықтың қолдауымен қайта жөндеуден өткізіліп, 1997 жылы 16 тамыз күні салтанаты түрде мешіт ретінде ашылған. Рәсімде облыс әкімінің бірінші орынбасары Ә.Бергенов, орынбасарлары Т.Абайділдин мен А.Қалиев, Өскемен қаласының әкімі А.Лукин, қоғамдық ұйымның өкілдері қатысқан. Бүгінгі мешіт ғасырдан астам тарихы бар ғимарат. Ол 1897 жылы Никольск көшесінде (қазіргі Қазақстан) арнайы ерлер мен әйелдердің бастауыш приходтық училищесі болып ашылған. Қала тұрғындары училищені «Ақ мектеп» деп атапты. Бір қабатты ғимараттың төбесі 4 қырлы, сырғымалы. Ірге қабырғасы баспалдақты тартыммен бөлінген. Классикалық жартылай шеңбер тәрізді терезелері, терезе үстілік фронттар жарты шеңберлермен баса орнатылған. Ғимараттың кірер есігі қасбеттің сол жақ бөлігінде, ол арада шағын қанатша етіп қондырылған. Ғимараттың артқы және бүйірлік қасбеттерінің декоративтік жиек қабырғаларымен өрнектелген. Бұрыштық жауырындықтары қашау тастан жасалған, ал ернеулік бөлігінде тісмәнер қолданылған. Ғимаратқа қолданылған сәулет бөлшектері классикалық стильге тән. Бұл ғимарат саяси жер аударылғандар О.Ф.Костюрин, Л.Н.Федоров, Е.П.Михаэлис, Н.Н.Емельяновтардың бастамасымен салынған. Ғимаратты мешітке лайықтау кезінде оған жаңа архитектуралық элемент дулыға тәрізді күмбез қойылды. Қазір Өскемен орталық мешіті халыққа қызмет етуде. Мұнда шәкірттер де оқып, тәрбиеленуде. Көптеген жастар діни білім алып, жоғары оқу орындарына жіберілді, бiрқатары қайтып оралып, ауылдарда молдалық қызмет атқаруда. «Құнт қажы» мешіті. 2009 жылы қазан айының 12 жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы маңындағы Загородная кентінде, шешен-ингуш диаспорасының қайырымдылық демеушілігімен 200 адамға арналып салынған. Мешіттің намаз оқитын залының аумағы 12х12 шаршы метр және имамның бөлмесінің аумағы 2.5х3 шаршы метр. Сонымен қатар кіре беріс бөлмесінің аумағы 3х2.5 шаршы метр. Мешіттің ішіне кілем жайнамаз төселген. Азан шақыратын дыбыс күшейткіші бар. Мешітке қосарлана салынған екі жағында арнайы бөлмелер бар оң жағы 9х6 шаршы метр, сол жағы 8.56 х 6 шаршы метр. Мешіт күмбезі сары түспен боялып, қабырғасы қызыл түсті кірпішпен көркем түрде қапталған. Басты күмбезбен қатар мешітте қосымша екі жағында екіден кішкене күмбездер тұрғызылған. Дәрет алатын орныда бар. Мешітте михраб тұсы арнайы етіп салынған. Мешіт ауласында темір қоршаумен қоршалған. Мешіттің жылу жүйесі электр тоғымен жылытылады. «Защита» мешіті 1998 жылы жергілікті Өскемен қаласы, Защита аймағы тұрғындарының қолдауымен бұрынғы темір жолшылар жатаханасы болып келген ғимараттың бір бөлігін пайдалануға берілуден бастап жұмыс істейді. 2001 жылдың сәуір айының 19-зы нан бастап, Шығыс Қазақстан Облысының Әділет Басқармасына заңды тұлға ретінде тіркелген. 2006 жылы күрделі жөндеуден өткізіліп, кент тұрғындарына мұсылмандық діни шараларды мүлтіксіз орындап қызмет атқарып келеді. Мешіттің ішкі жағы екі залдан тұрады. Ер адамдар намаз бөлмесі, әйелдерге арналған сыйымдылығы 85 кісілік намаз бөлмесі, сонымен қатар дәріс беретін бөлмеларі бар. Жалпы көлемі 150 кв.м шаршыны алып жатыр. Жылу жүйесі орталық қазандықтан алынады. Мешіттегі кейінгі жөндеу жұмыстарының арқасында ыстық және суық сумен толық қамтылған. Мешіт Вострецова көшесі 10-шы үйде орналасқан. «Мұхамади» мешіті Өскемен қаласы Пермитина көшесінде орналасқан. 2003 жылы Мұхамадиев Қазыкен Әнуарбекұлының демеушілігімен салынды. Мешіт үш қабаттан тұрады, жалпы ауданы 550 шаршы метрді құрайды. Төменгі қабатында асхана, дәрісхана және қойма орналасқан. Ортаңғы негізгі қабатта ерлер намаз оқитын үлкен зал мен имамның қызметтік бөлмесі орналасқан. Үстіңгі қабатында әйел адамдардың намаз оқитын бөлмесі мен кітапхана жайғасқан. Осы үш қабатқа мешіттің екі жағындағы баспалдақтар арқылы көтеріледі. Ауласы қоршалып, саялы ағаштар егілген.
Вопрос от пользователя Таскын (06.04.2016)
в г. Алматы выявлены правонарушения со стороны "Новой жизни". А у нас в Восточном-Казахстане имелись ли подобные факты?
Ответ
Нет, в Восточно-Казахстанской области подобных фактов не было зарегистрировано.
Вопрос от пользователя Айбар (23.09.2015)
Здравствуйте, я окончил университет по специальности Исламовед, сейчас магистрант 2го курса по специальности Религовед. Хотел бы работать в управлении религиозного отдела. Куда как обратиться? В какой адрес нужно отправить резюме. Спасибо
Ответ
Здравствуйте. Наш электронный адрес: dinvko@akimvko.gov.kz,
Вопрос от пользователя Александр (24.08.2015)
Добрый день! Хотелось узнать, какой официальный статус имеют Свидетели Иегова? Неохристианское движение, нетрадиционное религиозное объединение, секта или что-то еще? Является ли это течение традиционным для Казахстана?
Ответ
В соответствии с законодательством РК имеют статус местного религиозного объединения. По конфессии данное РО относится к новым конфессиям возникшим на территории Казахстана в XIX-XX вв. «Свидетели Иеговы» протестантского толка, что подтверждает п. 8.1 Устава «Основные вероучения»: основывают свои вероучения на библейски истинах, подражая христианам первого века не используют в поклонении изображения, не повторяют заученных наизусть молитв, молятся от сердца. Используют различные переводы Библии, также подготавливают и издают литературу для лучшего понимания Библии – книги, брошюры, трактаты и журналы «Сторожевая башня» и «Пробудитесь!». Присутствуют некоторые процедуры обрядности Крещение.
Вопрос от пользователя Гүлмира (07.06.2015)
сәлеметсіздерма құрметті әріптестер!!! «Мәңгілік ел – иманды ел» оқушылар арасында шығармалар байқауын қорытындысы қашан белгілі болады ренжімесеңіздер қорытындысын менің е-mail салыңызшы
Ответ
Конкурс қорытындысы Дін істері басқармасының сайтында http://dinvko.gov.kz сайтында, «жаңалықтар» айдарында орналасқан.
Вопрос от пользователя Гүлмира (18.05.2015)
Қайырлы күн! Сіздің агенттік "Мәңгілік ел-иманды ел" атты шығарма байқауын ұйымдастырыпты, осы байқауға менің үш оқушым шығарма жіберіп еді, осы жұмыстар тіркелдіма, қашан нәтижесі шығады? (мен ШҚО, Үржар ауданы, Көлденең орта мектебінен , оқушыларым: Елекенова, Муканова, Битимишова.) алдын-ала рахмет! асыға жауап күтеміз!!!
Ответ
Конкурс қорытындысы Дін істері басқармасының сайтында http://dinvko.gov.kz сайтында, «жаңалықтар» айдарында орналасқан.
Вопрос от пользователя Гүлмира (12.05.2015)
Сәлеметсіздерма!!!!«Мәңгілік ел – иманды ел» оқушылар арасында шығармалар байқауының материалын қай сайтқа жіберем?
Ответ
Электронды адресіміз dinvko@akimvko.gov.kz
Вопрос от пользователя Гулзи (09.05.2015)
Саляфиттерді қалай басуға болад?
Ответ
Салафиттерді тек өзіміздің патриоттық сезімімізбен, ұлтшылдығымызбен, ата-бабамыздың мұрасы, салт-дәстүрін мақтан тұтумен, жерімізді бағалаумен, елімізді қорғаумен ғана баса аламыз! Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау қажет.
Вопрос от пользователя Гүлмира (04.05.2015)
Cәлеметсәздерма! мен орта мектепте дінтану мұғалімі болып қызмет етемін, жақында сіздер ұйымдастырып отырған "Мәңгілік ел-иманды ел" тақырыбында шығарма байқауының ережесін алып, оқушылар шығарма жазды, бірақ жолдайтын электронный адресті білмейміз . сол адресті берсеңіз! алдын ала РАХМЕТ!!!
Ответ
Электронды адресіміз dinvko@akimvko.gov.kz
Вопрос от пользователя Айжан (22.04.2015)
Здравствуйте! У вас электронная почта есть?
Ответ
Здравствуйте! У нас есть электронный адрес: dinvko@akimvko.gov.kz
Вопрос от пользователя Айжан (21.04.2015)
Cәлеметсіздер ме? Сіздер "МӘҢГІЛІК ЕЛ - ИМЕНЛЫ ЕЛ" тақырыбында шығармалар байқауын жариялапсыздар. Осы байқауға қатысып, жазған шығармаларымызды электронды пошта арқылы жіберуге бола ма? Болса қай адрес бойынша?
Ответ
Ия, болады! dinvko@akimvko.gov.kz адресіне
Вопрос от пользователя Макс (17.04.2015)
Здравствуйте! У меня сложился сложный вопрос, можете ли Вы разъяснить, если РО Саентология была признана судом не религиозным объединением какое наказание будет гражданину РК за распространение литературы Р.Хаббарда ?? Надеюсь Вы мне сможете помочь с ответам.
Ответ
Однозначного ответа нет. Необходима судебно-филологическая и религиоведческая экспертиза распространяемой литературы.
Вопрос от пользователя алексей (22.02.2015)
там бесплатго учится есть общежитие
Ответ
Извините, вопрос не ясен.
Вопрос от пользователя Гульнар (17.01.2015)
Здравствуйте! Я хотела бы скачать фильм Радикализм не наш путь Как это сделать? Заранее благодарю.
Ответ
На нашем сайте только данный фильм Вы можете посмотреть. Вы сможете скачать необходимое видео с видеохостинга YouTube при помощи программы UmmyVideoDownloader, данную программу можно скачать из интернета с помощью приложения uTorrent, кроме того Вы можете получить фильм в Управлении по делам религий ВКО, ул. К. Либкнехта 19, каб. 510, тел 8-7232-702-937, или в отделе внутренней политики Вашего города или района.
  • http://www.din.gov.kz/
  • http://www.akimvko.gov.kz/ru/
  • http://akorda.kz/
  • http://egov.kz/
  • http://e-islam.kz/